ҚОРЫТЫНДЫ
XXғ. 50-60 жылдары дербес ғылым ретінде пайда болған маркетингтің жалпы бизнесті дамытуда, тауар айналымын қалыптастыруда, тауардың өндірушіден тұтынушыға тікелей немес жанама арналармен жетуінде кәсіпорынның кіріс-шығысын анықтауда маңызы зор. Сол маркетингтің құрамдас бір бөлігі кәсіпорынның өткізу қызметі – компанияны тұтынушылармен тығыз байланыстыратын буын ретінде қарастырылады. Бұл бір немес көп деңгейлі буындарға әсер ететін көп факторлар бар. Менің «Өткізудің тиімділігін талдау» атты курстық жұмысымда «УАТ» жеке кәсіпорынның мысалында, жеке статистикалық теориялық ақпараттар негізінде тауардың өтуін арттыру және оған әсер ететін факторлар атап көрсетілді. «УАТ» фирмасының өткізуді ұйымдастыруының мүмкіндіктері мен қолданыстағы жүйелері толық қарастырылып, зерттеліп өтті. Бұл ретте жеке шығарған қорытынды бойынша фирма негізінде өткізудің тиімділігін бағалауды қаншалықты тиімді әрі пайдалы болатындығын атап өтуге болады. Курстық жұмыс барысында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аймағында өз қызметін жүзеге асырып отырған отандық кәсіпорындардың маркетингтік қызметі айтарлық деңгейде дамытпай отырғандығын, сол арқылы көптеген қаражат көздерінен айрылып жатқандығын байқадым. Әрине, бұл ел экономикасы үшін тиімсіз мәліметтер мен ақпараттар екендігі белгілі. Бұл мәселелерді шешу үшін тек жеке бизнеспен ғана шектеліп қоймай, мемлекет тарапынан да бегілі бір түрде қолдау мен қамқорлықтың керек екендігі сезіліп жатыр. Осы ретте жеке компаниялардың өткізу тиімділігін талдамау, талдаса да одан белгілі бір қорытынды шығармау негіздері ұйымдардың экономикалық потенциалына кері әсерін тиігізіп жатқандығы айқын болып отыр.
Жеке өз басым тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы ретінде тек саяси тәуелсіздікпен ғана емес, экономикалық тәуелсіздікпен өмір сүргім келеді. Өз елімнің кәсіпоріндарының тауарларын тұтынып, олардың дамуына өз серпілісімді енгізгім келеді. Сондықтанда менің курстық жұмысымның қорытындысы экономикалық мәселелермен қатар, өзіндік студенттің ел экономикасы туралы сындарлы да салмақты сөздері мен ойларынан құралып отыр. Болашақта аталмыш мәселелердің өз шешімін табатынына сенім білдіремін.
«Қазақстан - 2030» тек қазақтың жақсы өмір жайлы ертегісі болып ғана қоймай, ҚАЗАҚ халқының жарқын, сенімді мемлекет ретінде шынайы шындықпен қатар, иманды азаматтар билігіндегі әлем ортасындағы бүкіл ғаламшар мойындағын ҰЛЫ ДЕРЖАВА көрінісінде болса екен. Лайым жақсы тілектер Алла шапағатына ие болса берсін!
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
«Маркетинг негіздері» Ф.Котлер, 1990, 1997ж., Мәскеу;
-
«Маркетинг» оқу құралы, С.Р.Есімжанова, 2003ж., Алматы
(Экономика баспасы);
-
Қазақстан Республикасының Үкіметінің және статистика агенттігінің ресми сайттары;
-
Бүкіл әлемдік «Форбс» журналы, 10.10.2008ж., «Әлемдік өткізуді талдау мен бақылау»;
-
«УАТ» ЖШС-нің жеке сайты мен «Маркетинг» бөлімінің мәліметтері;
-
«Басқару» факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Е.М.Нұрпейіс мырзамен жеке сұхбат;
-
Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіндегі Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрі, Б.Сұлтановпен сұхбат мәліметтері;
-
Еуропалық «EuroNews» телеканалының «Бизнесті жоспарлау» бағдарламасының ақпараттары;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 9 айдағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Макроэкономикалық үрдістер.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2008 жылдың қаңтар-қарашасында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісі 2007 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 4,0 %-ға өсті.
Экономиканың нақты секторы.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 8202,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-қыркүйектен 3,0% көп. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,0%-ға ұлғайды, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 9,4%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 0,4%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1037,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы сәйкес кезеңнен 4,3%-ға төмендеді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1250,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейден 3,1%-ға көп.
Ағымдағы жылдың 9 айында қаржыландарудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 344,1 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,3 %-ды құрады. Қаржыландарудың барлық көздерінен қолданысқа берілгені жалпы тұрғын үй көлемі 4,5 млн. шаршы метр, бұл 2007 жылдың тоғыз ай көрсеткіштерінің 95,9%-ын құрайды.
Жүк айналымы 2008 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 272,7 млрд. ткм құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-қыркүектегі жүк айналымынан 7,4%-ға көп.
Жолаушылар айналымы 2008 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 2007 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,7% -ға артып, 91,4 млрд. жкм құрады.
Байланыс қызметі 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 302,9 млрд. теңгені құрап 14,2%-ға өсті.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1765,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2587,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы тиісті кезеңдегіден 8,2%-ға көп. Өнеркәсіп салаларының ішінен салымдар үшін басым болып шикі мұнайды және табиғи газды өндіру қала береді, негізгі капиталға жалпы инвестиция көлемінің 22,7 %-ы осы салалардағы қызмет көрсетулерге тиесілі.
Сыртқы сауда.
Сыртқы сауда айналымы 2008 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 74,1 млрд. АҚШ долларын құрады және 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 47,8%-ға ұлғайды, оның ішінде экспорт - 49,6 млрд. АҚШ долларын құрап, 68,8%-ға өсті, импорт - 24,5 млрд. АҚШ долларын құрап, 18,1%-ға ұлғайды.
Бағалар. Тұтынушы бағалар индексі 2008 жылғы қыркүйекте 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108,1%-ды, 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2007 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 119,2%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындар бағалары 2008 жылғы қыркүйекте 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 28,2 %-ға, 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2007 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 50,2%-ға ұлғайды.
Еңбек нарығы.
2008 жылғы қыркүйекте республика экономикасында 8,0 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 2007 жылғы қыркүйектен 163,0 мың адамға көп (2,8%-ға).
Жұмыссыздар саны 2008 жылғы қыркүйекте 539,8 мың адамды құрады, бұл 2007 жалғы қыркүйектен 58,1 мың адамға кем. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санына 6,4% деңгейінде қалыптасты (2007 жылғы қыркүйекте– 7,1%).
Халық табысы.
2008 жылғы қаңтар-тамызда жан басына шаққандағы халықтың орташа ақшалай табысы 236 200 теңгені құрады және 2007 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 23,1%-ға, нақты ақшалай табыс –3,1%-ға өсті.
2008 жылғы қаңтар-тамызда жұмысшыларға аударылған орташа айлық номиналды жалақы 59 069 теңгені құрады және және 2007 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 17,8%-ды құрады. Нақты жалақы кезең үшін 1,3%-ға төмендеді.
Ақша-несие және банк статистикасы.
Тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың ақшаларын қосқанда (26,6 млрд. долл.), 2008 жылғы 9 айда 28,2%-ға ұлғайды 49,5 млрд. долларды құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша, экономика салаларына екінші деңгейлі банктердің несиелік салымдары 2008 жылдың 1 қыркүйегіне 7267,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдың 1 қыркүйегіне қарағанда 1,9% артық.
Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 2008 жылдың 1 қыркүйегіне 5090,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдың 1 қыркүйегіне қарағанда 35,2%-ға артық. Халықтың депозиттері 1532,8 млрд. теңгені құрады.
2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте теңгені АҚШ долларына ауыстыру бағамы 120,34 теңгені құрады (2007 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 123,15).
Өңірлердің дамуы
Өнеркәсіп. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Анағұрлым көп өсімге Жамбыл (16,8%), Атырау (16,6%) және Павлодар (9,4%) облыстары қол жеткізді. Бұл ретте 5 өңір өнеркәсіп өндірісінің республикалық деңгейінен асып түсті. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің төмендеуі Ақмола (8,5%), Қызылорда (1,4%), Қарағанды (0,9%) және Батыс Қазақстан (0,5%) облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында тиісінше, 17,0% және 8,9%-ға байқалды.
Ауыл шаруашылығы. 2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өткен жылғы сәйкес күнімен салыстырғанда, тұтастай алғанда облыстар шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал (2,9%), қой мен ешкі (4,8%), жылқы (5,4%) және түйелер (4,0%-ға) саны өсті.
2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2007 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндіру көлемінің өсуі Астана мен Алматы қалаларынан басқа барлық облыстарда байқалды. Ет өндіру көлемінің ең жоғарғы өсіміне Солтүстік Қазақстан (7,4%), Ақтөбе (6,3%), Шығыс Қазақстан (5,7%) және Оңтүстік Қазақстан (4,8%) облыстары қол жеткізді. Оның өндірісінің төмендеуі Астана мен Алматы қалаларында тиісінше, 36,8% және 31,3% байқалды.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда сүт өндірісінің ұлғаюы Павлодар облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан басқа республиканың барлық облыстарында байқалды. Сүт өндіру көлемінің ең жоғарғы өсімі Маңғыстау (7,4%), Оңтүстік Қазақстан (7,3%) және Қарағанды (6,1%) облыстарында тіркелді. Оның өндірісінің төмендеуі Павлодар облысында 0,8%, Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,7% және 24,2% байқалды.
2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жұмыртқа өндірісінің ұлғаюы Қазақстанның 12 өңірінде байқалды. Өсімнің жоғарғы қарқыны Алматы (35,0%), Қарағанды (16,3%) және Маңғыстау (14,3%) облыстарында болды. Барынша көп төмендеуі Қызылорда (53,0%) облысында байқалуда.
Инвестициялар. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар (жете бағалау есебімен) 2587,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы тиісті кезеңіндегіге қарағанда 8,2%-ға көп.
Инвестицияның өсуі Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларынан басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Барынша өсім Жамбыл (2,1 есе), Қызылорда (1,8 есе), Батыс Қазақстан (30,3%) және Ақмола (29,2%) облыстарында тіркелді. Жоғарғы өсім қарқыны Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында байқалды. Инвестициялар көлемінің төмендеуі Павлодар (1,9%) мен Оңтүстік Қазақстан (0,2%) облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше, 8,7% және 8,3%-ға тіркелді.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден республиканың 11 өңірінде асып түсті.
Барынша белсенді тұрғын үй құрылысы Шығыс Қазақстан (47,2%), және Солтүстік Қазақстан (34,6%), Ақмола (21,6%) және Алматы (18,5%) облыстарында және Астана қаласында (9,2%) жүргізіліп жатыр.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі Оңтүстік Қазақстан (43,5%), Батыс Қазақстан (12,2%), Павлодар (10,3%) және Қызылорда (6,8%), облыстарында және Алматы қаласында (19,7%-ға) байқалды.
Бөлшек сауда тауар айналымы. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1765,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (салыстырмалы бағада) 3,3%-ға ұлғайды.
2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңірлер бөлінісіндегі бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің өсуі 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда (салыстырмалы бағада) республиканың 10 өңірінде байқалды. Сонымен, өсу Астана қаласында (15,9%), Қызылорда (30,5%), Жамбыл (28,4%), Атырау және Қостанай (әрқайсысында 10,7%-дан) облыстарында өсу байқалды. Бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің төмендеуі Солтүстік Қазақстан (15,6%), Маңғыстау (9,9%), Ақтөбе (8,2%) және Батыс Қазақстан (1,6%-ға) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (3,7%) белгіленді.
Тұтыну бағасының индексі. 2008 жылғы қыркүйекте 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулер бағасы бағаның барынша ең жоғарғы өсім Шығыс Қазақстан мен Қостанай (әрқайсысында 8,7%-дан), Батыс Қазақстан (8,2%) және Жамбыл (8,1%) облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында (тиісінше, 9,9% және 9,0%) тіркелді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 9 айында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі негізгі шаралары.
Есепті кезеңде Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспары шеңберінде негізгі міндеттерді шешуге бағытталған жұмыс жүргізілуде:
салынып жатқан тұрғын үй үлескерлерінің құқықтарын қорғау және ипотекалық нарық тұрақтылығының төмендеуіне жол бермеу;
шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын олар үшін қолайлы жағдайларда қаржыландыруды жалғастыру;
елдің азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Өткен жылдан бері ел Үкіметі басталған үлескерлік құрылысты бітіруді қаржыландыруды жалғастыруда.
Елдің ипотекалық нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету, үлескерлердің құқықтарын қорғау және құрылыс объектілерін аяқтау мақсатында «Қазына»ОДҚ» АҚ 48,8 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлді.
Қорландыру құралы ретінде «Қазына» ОДҚ» АҚ-ның екінші деңгейдегі банктердегі мақсатты жедел банк салымы (депозиті) қолданылады.
Бұл механизм қазіргі уақытта Астана және Алматы қалаларында қолданылуда.
Астана қаласы бойынша құрылысты бітірумен байланысты мәселелерді шешу үшін Мемлекеттік комиссия өткен жылдың қарашасында жалпы көлемі 20 123 үлескерлерімен 112 бірінші кезектегі құрылыс объектілерінің тізімін бекітті.
Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің тұрғын үйін сатып алуға 2008 жылдың резервінен 41 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлді.
Екіші деңгейлі 7 банкте «Қазына»ОДҚ» АҚ 48,8 млрд. теңге көлемінде шағын және орта бизнес жобаларын тұрақты несиелеуді қамтамасыз ету үшін қаражат бөлді.
Үкімет ішкі азық-түлік нарығының және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жедел және жүйелі шаралар қабылдады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде инфляция деңгейін төмендету үшін инфляцияның қысқа мерзімді және жүйелік себептерін жою бойынша шаралар кешені әзірленді және жүзеге асырылды. Бұл шаралар ағымдағы жылдың 3 тоқсанында азық-түлік нарығында бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етті.
Қазақстан Республикасында инфляциялық үдірістерді реттеу жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен сәйкес ішкі нарықты ең маңызды азық-түлік тауарларымен толтыру және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге көмекті күшейту бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Ішкі нарықты толтыруда кедендік ставкаларды реттеудегі экспорттық-импорттық операциялар арқылы қамтамасыз етілді.
2009 жылдың 1 қаңтарына дейін әкелінетін күрішке, шужық өнімдеріне, сүтке, ірімшік және сүзбеге, балыққа, маргаринге, жеміс-жидекке кедендік баж салығы ставкалары томендетілді.
Отандық өндірушілерді өсімдік майын өндіруге шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында рапстың май дәндері 15% мөлшерінде, бірақ 9 айға немесе 15 қаңтарына дейін бір тоннаға, алайда кемінде 40 евродан экспорттық баж салығы бекітілді.
Жеңілдетілген тәртіпте тауарларды кіргізуде жеке тұлғалардың төлейтін жиынтық кедендік баж салығы қойылымы 17%-дан 13%-ға төмендетілді, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін өсімдік, соя және рапс майларына импорттық нөльдік кедендік баж салығы қойылымы әрекет ету мерзімі ұзартылды.
Күнбағыс және рапс дәндерін, күнбағыс майын, күрішті, сүтті, қаймақты, соя және рапс майларын экспорттауға уақытша тыйым салынған.
Мұнай өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында кедендік баж салығының қойылымы тоннасына 203,8 АҚШ доллары мөлшерінде шикі мұнайды экспорттауға бекітілді.
Елдің азық-түлік нарығының тұрақтылығын қажетті көлемде сақтау үшін маңызды азық-түлік тауарларының резерві қалыптасты: күнбағыс майы, қант, күріш, құрғақ сүт.
Үкіметтің шешімімен ішкі нарықты жеміс-жидек өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуде 2008-2009 жылдарға арналған Жоспар шаралары және АКК-ның тұрақты дамуы 2009-2011 жылдарға арналған кешенді шаралары бекітілді.
Өз өндірісін құру және ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау үшін 2008 жылы мемлекеттік бюджеттен 134 млрд. теңге, оның ішінде субсидиялар 40 млрд. теңге және несиелер 53 млрд. теңге бөлінді.
Өз өндірістерін құру үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне Үкіметтен қолдау көрсетілуде. Солтүстік Қазақстанда сүт кластерін құру бойынша жобалар қолданысқа енгізілді. Астана және Алматы қалалары айналасында азық-түлік белдеуін құру бойынша шаралар кешені әзірленді, бұл тамақ өнеркәсібінде және агроөнеркәсібі саласында жаңа өндірістерді құруды жоспарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |