1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


) Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі



бет14/57
Дата07.12.2023
өлшемі375.48 Kb.
#485734
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

24) Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі.
Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. (11.141)
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128) Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.)
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
25. Оқытудың психологиялық теориялары.
Оқыту дегеніміз – қайталаулардың немесе тәжірибенің нәтижесінде
адамның мінез-құлқы мен жүріс-тұрыс ерекшелігінде орын алатын,
ұзақ уақытқа созылатын өзгеріс.
Теория дегеніміз – қандай да бір құбылысты түсіндіруге арналған, ғылыми
тұрғыдан қабылданған қағидалар жинағы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап психологиялық жүйелі
зерттеулер жолға қойыла бастағанымен, оқытуды психологиялық тұрғыдан
зерттеу ісі нақты қай кезде басталғанын тап басып айту қиын (Mueller,
1979). Осы орайда Вундт пен Эббингауздың оқыту теориясына қосқан
елеулі үлесі туралы айта кеткен жөн.
Вундттың психологиялық зертханасы.Вундттың зерттеушілері түйсік, тітіркендіруге жауап беру уақыты, вербалды ассоциация, зейін, сезім және көңіл күйі сияқты құбылыстарды да зерттеді. Вундт көптеген психологтарға тәлімгер болумен қатар, оның шәкірттері Америка Құрама Штаттарында да зертханалар ашты (Benjamin, Durkin, Link, Vestal, & Acord, 1992). Вундттың зертханасы айтарлықтай психологиялық жаңалықтар ашып, сыни эксперименттер жүргізбегенімен, ол психологияны жеке пән ретінде, ал экспериментті білім алу мен жетілдірудің тәсілі ретінде қалыптастырып кетті.
Эббингауздың вербалды оқыту теориясы. Ол жадты зерттей отырып,
ақыл-ой процесін қарастырды. Ол ассоциативті қағидаларды қабылдаумен
қатар, оқу мен оқыған ақпаратты еске түсіру сол материалды оқу жиілігіне
байланысты деп есептеді. Бұл тұжырымды тексеру үшін экспериментке
қатысушылар білмейтін материалдарды қолдану қажет болды. Осыған
байланысты ол дауыссыз-дауысты-дауыссыз тіркесінен тұратын үш әріптік
еш мағынасыз буындарды ойлап шығарды (мысалы, cew, tij).
Структурализм және функционализм
Структурализм деген атпен белгілі болған Титченердің психологиясын ассоцианизм мен эксперименттік әдістің қосындысы деуге болады. Структуралистер адам санасын ғылыми зерттеулердің заңды саласы деп пайымдап, психикалық процестердің құрылымын және құрамын зерттеді. Олар адам санасы бірнеше идея ассоциациясынан тұрады, ал зерттеу үшін оларды бірнеше кіші идеяларға бөлу керек деп есептеді (Titchener, 1909).
Вундт, Титченер және тағы басқа структуралистер қолданған эксперименттік әдіс интроспективті, яғни өзін-өзі бақылауға бағытталған сипатта болды.
Тірі организмдердің мінез-құлқы және оларда болып жатқан психикалық процестер олардың қоршаған ортаға икемделуіне көмектеседі деген көзқарасты ұстанатын функционализм бағыты (Heidbreder, 1933). Бұл көзқарасты Чикаго университетінің оқытушылары Джон Дьюи (1859–1952) мен Джеймс Энджелл (1869–1949) дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет