1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org
29. Оқу әрекетінің пәндік мазмұны. Оқу әрекетінің сыртқы құрылымы. Оқу іс-әрекетінің әэндік мазмұны
Оқу әрекетінің пәндік (психологиялық) мазмұны оның пәнін яғни оның әрекетінің неге бағытталгандығын анықтаудан басталады: оқу іс-әрекетінің пәні — білімді меңгеру, іс-әрекет тәсілдері мен амалдарын меңгеру, бағдарламаларын, алгоритмдерін өндеу.
Білім алушылардың дамуы;
Субъектілік өзгерісті интеллектуалдық тұлғалық тұрғыда жақындастыру.
Оқу іс-әрекеттің құралдары. Оку іс-әрекетінің құралдары — нені, қандай құралды қолдану арқылы білім аламын деген сұрақтарға жауап береді.
Оку іс-әрекетінің не арқылы жүзеге асатындығын 3 түрлі аспектіде қарастыруға болады.
Біріншіден, ол интеллектуалдық әрекеттер (СЛ. Рубинштейн терминдерінде анализ, синтез, жалпылау, классификациялау т.б.). Екіншіден, белгілік, тілдік, вербальдық кұрылдар, осы формалар негізінде білім меңгеріледі, рефлексияланады, дербес тәжірибе қалыптасады.
Үшіншіден, негізгі білімді меңгеру және оларға жаңа білімнің қосылуы негізінде оқушылардың дербес тәжірибесі, тезаурусы құрылады.
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері: репродуктивті (қайта жаңғыртушы), проблемалық-шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттер (В.В.Давыдое, В.В.Рубцов).
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері — қалай оқимын, қандай тәсілмен білім аламын деген сұрактарға жауап береді.
Кең түрде тәсілге сипаттама ақыл-ой әрекетінің кезендеп қалыптасуы теориясында ашылған (Л.Я.Гальперин, Н.Ф. Талызина). Оқу іс-әрекетініц нәтижесі — ғылым салалары мен практикада кең көлемде қолданылатын құрылымдыц және белсенді білім, психикадагы ішкі жаца өзгерістер, әрекеттіц мотивациялық, құндылық, мәндік бағыттары. Оқу іс-әрекетінің нәтижесі даралық тәжірибе құрамында.
Оның құрылымдық ұйымдасуынан, жүйелілігінен, тереңдігінен, беріктігінен адамның кәсіби іс-әрскетінің, қарым-қатынасының табыстылыгы байланысты. Оқыту нәтижесі:
1. Психологиялық білім (үғым, факті, көзқарас, психология ғылымның зандары, психикалық әрекет тәсілдері туралы);
2. Психологиялық іскерлік (оқьпу процесі барысында игерілген білім мен әрекет тәсілдерінін адамның бойындағы жиынтығы);
3. Дағды (психологиялық мәдениетпен байланысты ойлау мен әрекет әдеттері);
4 Өзіндік шығармашылық әрекет тәжірибесі;
5. Психикалық іс-әрекет мәдениітін игеру:
6. Психологиялық ақиқатқа және тұтастай ақиқатқа эмоционалды-құнді, қатынас қалыптастыру;
7.Жеке тұлға сапаларын қалыптастыру (озініц біліміне деген жауатершілік, дағдылы заттар мен құнды инновацияларға жаңаша қарау іскерлкі, мәселені шеше білу, сенімділік, эмоционалды тұрақтылық).
Оқу әрекетінің құрылымы мыналардан тұрады:
-оқу міндеттері немесе тапсырмалар
-оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой-тәсіл амалдары)
-бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап тексеріп отрыуы)
-бағалау (мұғалімдердің және оқушының өзіне өзі беретін бағасы)
Бастауыш мектеп оқушысының іс-әрекеті дамитындай ие болуы үшін төмендегідей негізгі жағдайларды ескеру қажет.
1. Іс-әрекеттің мақасаты. балаларды қызықтырарлықтай нақты міндет қою керек.
Олар нені бақылауды керек?
Не үшін? Мұнда нені білу қажет?
2. Оқушының іс-әрекетінде себептер яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетке бар күш-жігерін салуға итермелейтін ынта зор атқарады. А.К. Дусавицкий мен мен В.В. Репкиннің зерттеулері көрсеткеніндей, барынша тиімді ұйымдастырылған оқу ісінде төмеңгі снып оқушылары бағаға қызығудан шынайы танымдық мүлдені білуге тез ауысады.
3. Іс-әрекеттің мазмұны –бұлар оқушыларға орындауға тиісті білімдер (елестетулер, түсініктер),-оларға белгілі болған білімдер ғана емес сондай-ақ оқушылар келешекте іс-әрекет үстінде яғни мұғалім берген тапсырмаларды шешу барысында меңгерген тиісті білімдер.
4. Оқушылар жүзеге асыратын іс-әрекетке кіретін қимл аса маңызды. Бұл –бала еңбекпен немесе ойынмен, музыкамен немесе математикамен айналысқанда қолдануға тиіс дағды шеберлік тәсіл. Оқушыдан әр түрлі ақыл-ой әрекеттерін талап ететін тапсырмалар, үлкендердің кейде айтуымен орындалатын операцияларды орындағанға қарағанда зор дамытушылық беретініне көз жеткізу қиын емес.
5. Оқушының іс-әрекеті дамушылық сипатқа ие ьолуы үшін балаларға өскелең талар қоя отырып, оны үнемі күрделендіріп отыру керек: іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсаты мен міндеттері біртіндеп күрделендіріледі, орындалатын әрекеттің күрделенуі-өсіп келе жатқан оқушыға оның дамытушылық әсерінің көбірек болуы маңызды.
6. Бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін білу үшін алғашқысын бекітіп, екіншісін жою үшін, мұғалімнің тарапынан оның іс-әрекетін бақылау және бағдарлау –қызықты және нәтижелі іс-әрекетке ынталандыратын роль атқаруы тиіс.