1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Оқытуда танымдық процестердің дамуы



бет16/57
Дата07.12.2023
өлшемі375.48 Kb.
#485734
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

28. Оқытуда танымдық процестердің дамуы.
Психикалық үрдістер — жүйеленген және жүйесіз, ұғынылатын және ұғынылмайтын, даралық және әлеуметтік құбылыстардың, үлкен және шағын топтардың мінезқұлықтарының жиынтығы. Психикалық үрдістердің мына түрлері болады: Танымдық, Эмоцианалды, Еріктік.Танымдық үрдістің түрлері: зейін,ойлау,қабылдау,түйсік,сөйлеу,қиял,ес.
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде эсер етеді де, миымызда түтас зат бейнесі пайда болады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.
Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Қиял - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Сөйлеу - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді.
Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.
Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет