1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Оқыту процесіне әсер ететін психологиялық факторлар



бет18/57
Дата07.12.2023
өлшемі375.48 Kb.
#485734
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

30.Оқыту процесіне әсер ететін психологиялық факторлар.
Нәтижелі (жемісті) оқытудың психологиялық формуласын мына тұрғыда беруте болады: М + 4Қ + Ж
Мұндағы, М — мотивация, 1Қ — мәліметті (немесе ізденіс) қабылдау, 2Қ — мәліметті түсіну, ЗҚ — есте сақтау, 4Қ — мәліметті қолдану, Ж — сабақтын жүйелілігі.
Мотив (франц. Motif — себеп, лат. моvео — қозғаймын) – субъектінін өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағытын аныктайтын әрекетті туғызушы.
Мотив үғымы субъектінің белсенділігін тұғызатын түрлі құбылыстар мен күйлерді білдіру үшін қолданылады.
Мотив — адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін күш, себеп, түрткі.
Мотив түрлері: А.К. Маркова мотивтердің келесі тобын көрсетеді:
1. Танымдың мотивтер — оку іс-әрекетінің мазмұны және оныорындау үлгісімен байланысты.
Кең танымдық
• мәселені шешуді кабыл алу;
• қосымша мәлімет алу үшін мұғалімнің көмегіне сүйену және т.б.
Оқу-танымдық
• әртүрлі шешім қабылдау тәсілдерін іздестірудегі дербес іс-әрекет;
• жұмыстың әртүрлі тәсілдерін салыстыру барысындағы мұғалімнің көмегі және т.б.
Өз бетімен білім алу мотивтері
• оқу еңбегін үтымды үйымдастыру жөнінде мұғаліммен сұхбаттасу;
• өз бетімен білім алудағы нақты әрекеттер және т.б.
2. Әлеуметтік мотивтер — окушының басқа адамдармен әлеуметтікөзара қарым-қатынасымен байланысты.
Кең әлеуметтік мотивтер
— окушының борыш пен жауапкершілікті түсінуін дәлелдейтін қылықтары және т.б.
Тар әлеуметтік мотивтер
— құрбыларымен қарым-қатынасқа түсу және олардың арасында беделге ие болуға ұмтылыс;
— жолдастарына көмек корсету және т.б.
Әлеуметтік ынтымақтасу мотивтері
— Ұжымдық жұмысқа ұмтылыс пен оны жүзеге асырудың ұтымды тәсілдерін сезіну.
Білім алуға деген мотив үш басты қызметті атқарады:
• Талпындырушы (іс-әрекетті бағыттайды);
• Бағыттаушы (мінез-қүлқын бағыттап, ұйымдастырады);
• Мән-мағыналық (іс-әрекетке жеке тұлғалық мән мен мағына беру).
Мотивтер ішкі және сыртқы дen те бөліяеді.
Сыртқы мотив. Сыртқы мотив баланың нитей озінің талпынуынан кездеспейді. Көбіне өзгелерден сескенуінен туындайды.
> жазалау;
> мадақтау;
> сес көрсету және талап ету;
> материалдық пайда табу;
> топка қысым түсіру.
Ішкі мотив. Ішкі мотив баланың өзіндік ықыласы және сан алуан құбылыстардын езіне тән сырларын білуге ұмтылуынан тұрады.
Ішкі мотив оқу тапсырмасын орындамай тұрып, соған ұмтылу ретінде де кездеседі.
> білімге деген қызығушылығы;
> мәдени және кәсіби деңгейді көтеруге деген ұмтылыс;
> зеректік;
> жаңа мәліметті меңгеруге деген қажеттілік.
Мотивация — субъектіні белгілі әрекет жасауға іштей ынталандырушы күш.
Адамды барлық тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке итермелейтін күш — бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік ету мен даму жағдайларының тәуелділігінің көрсеткіші.
Мотивация ұғымына талаптанудың барлық түрі енеді: адамзаттын іс-орекстін тікелей негіздейтін мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар, мақсаттар, идеалдар.
Мотивация құрылымынан 4 компонента бөліп алута болады:
• іс-әрекетке канағаттану;
• іс-әрекет нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығы;
• іс-әрекет үшін сыйлық алуды мотивтендіретін күш;
• жекебасқа еріктен тыс қысым түсіру.
• Мотивация құрылымына ықпал етуші факторлар: Ынталандырушы мотивтік факторлардық бірінші түрі (қажеттілік және инстинктер) белсенділіктің қайнар көзі болып келеді Оларға талдау жасау арқылы организм не себептен белсенділік күйге түседі деген сұраққа жауап алуға болады.
Ынталандырушы мотивтік факторлардын екінші түрі организм белсенділігінін бағыттылығын анықтайды.
Ыиталандырушы мотивтік факторлардын үшінші түрі — бұл эмоциялар, сезімдер мен бағдарлар. Бұлар мінез-құлықты басқару динамикасын жүзеге асыру туралы сұраққа жауап береді.
Мотивтерді топтастыру
• Өзекті және мүмкін болатын (потенциалды) мотивтер. Өзекті мотив — жеке тұлғаның таңдап алган және шынайы әрекеттердін мотиві. Мүмкін болатын мотив — әрекетті ұйымдастыра ататын мотив.
• Даму бойынша негізгі және қосалқы мотивтер. Непзгі мотивтер жеке адам үшін маңызды, ол адамнын мінез-құлқында көрініс беріп нсгізгі орын алады. Қосалқы мотивтер жекс адаммен тығыз байланыста болмайды. Олар адамда әлсіз дамыған.
• Мағынаны құраушы және ынталандырушы мотивтер. Мағынаны құраушы мотивтер іс-әрекетке жеке тұлғалық мағына береді.
Мұндай мотивтер арқьшы адам өзінше дүниеге. қоршаған адамдарға, қоғамға және өз-өзіне деген қатынасын білдіреді. Ынталандырушы мотивтер мағынаны құраушы мотивтермен бірге жүріп, қосымша ынталандырушы фактордын рөлін аткарады, олар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін.
4. Заттық мазмұны бойынша заттық, функционалды және нормативтік мотивтер болады.
Заттық мотивтер іс-әрекеттің максатты бағытын құрайтын мотивтер. Ол үнемі нәтижені көрсетіп отырады (мысалы, ұздік оқу). Функционалды мотивтер — іс-әрекетпен бірге жүреді, бірақ сонғы нәтиже көрінбейді (мысалы, қарым-қатынас мотиві). Бұл мотив сонғы нәтижемен емес, іс-әрекет барысында қанағаттандырылады Нормативті мотивтер — кедергі болатын мотивтер. Ол іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оны белгілі шектеулерге бағындырады. Бұған адамгершілік немесе құқыктық мотивтер жатады.
• Жалпылау деңгейі бойынша жалпыланган және нақты мотивтер болады. Жалпыланған мотивтер өз ықпалын іс-әрекет түрлеріне тигізеді. Нақты мотивтер жеке әрекет-қылықтың құрамдас бөлігі.
• Саналылық деңгейі бойынша саналы түрде қабылданатын және сапалы түрде қабылданбайтын мотивтер.
Саналы түрде қабылданбайтын мотивтер әрекет жасаушы адамның санасында айқын көрініс береді. Кей жағдайда адам өзін әрекет жасауға итермелейтін мотивтерді толық сезіне бермейді, бұл саналы қабылданбайтын мотивтер.
Г.Розенфельд мотивацияның үш аспектісін қарастырады: құндылық, мақсаттылық және бағыттылық. Құндылық аспектісінде автор мотивтердің топтарын көрсетеді:
• Оқу қуаныш сезімі ретінде.
• Оқу жеке бас пайдасына ие болу ретінде (материалдық пайда).
• Оқу әлеуметтік статусқа ие болу, сәтсіздіктен қашу ретінде.
• Оку әлеуметтік идентификация (негізінде достарының әсері және баскаларғa еліктеу).
5. Күштеудін, күш көсетудің салдарынан оқу.
6. Жауапкершілік сезімінен оқу.
6. Өмірлік тәжірибенін маңыздылығын түсіну негізінде оқу(мамандық, өмірлік мақсат).
7. Қоғамдық қажеттіліктер негізінде (қоғамдық нормалар,принцптермен теңестіру) оқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет