1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері



бет19/57
Дата07.12.2023
өлшемі375.48 Kb.
#485734
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

31.Оқу мотивациясы.
8. Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа түр сияқты оқу мотивациясы да осы іс-әрекетке тән өзгеше факторлар қатарымен анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс-әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен анықталады; екіншіден білім беру процесін ұйымдастырумен; үшіншіден, оқушының субъективтік ерекшеліктерімен; төртіншіден, педагогтың субъективтік ерекшеліктерімен, ең алдымен оның оқушы ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің өзгешелігімен.
9. Оқу мотивациясы, оның басқа түрлері сияқты жүйелі болып табылады. Ол бағыттылығымен, тұрақтылығымен және өзгермелілігімен сипатталады. Мысалы, Л.И.Божович және оның әріптестерінің жұмыстарында оқу іс- әрекетін зерттеу материалдары негізінде келесі жайт атап көрсетілген: оқу мотивациясы түрткілер бағыныштылығымен анықталынады және де олардың ішінде осы іс-әрекет мазмұнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі түрткілер немесе қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуына ұмтылумен байланысты кең әлеуметтік түрткілер үстем болуы мүмкін.
Оқу мотивациясы үнемі өзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде қарама-қайшы қатынастардың пайда болуы. Осыған сәйкес оқу іс-әрекетінің мотивациясын талдауда тек үстем түрткіні анықтап қана қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының бүкіл құрылымын есепке алу да қажет. «Мотивациялық аяның бағыныстылық құрылымы тұлғаның бағыттылығын анықтайды, ал тұлға бағыттылығы өз мазмұны мен құрылысы бойынша қай түрткілер үстем болса, соған байланысты түрлі сипатқа ие».
32.Үйрету, үйрену ұғымдарының өзара байланысы.
Үйрету дегеніміз - үйретудің идеологиясы мен бағдарламасын, сондай-ақ шынайы білім беру мен үйретуте басылык жасаудың тұлға мен мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан калыптастырудың педагогикалык әдістерін анғартатын философиялық, сондай-ақ әлеуметтанушылық ұғым. Прақтикада Үйрету әлеуметтану негізінен меқтепте оқытумен, әсіресе өнеркәсіпті елдердің осы заманғы қоғамын жаппай оқыту жүйесімен, соның ішінде жоғары, арнаулы орта білім беру, ересек адамдарды оқыту жүйесімен байланыстырылады. Педагогикалык білім беруді Ұйымдастыру және педагогика Бұл істің бәсекелес тәрт іргелі принципін даярлады, олар — элиталық яки платондық окьгту; ашық яки энциклопедиялық білім беру; кәсіптік үйрету және азаматтық білім беру (мүның мысалы: марксистік мемлекеттік социализм тұсындағыдай демократиялық және политехникалык меқтептер жүйесіне арналған прагматикалық оқытудың америкалық жүйесі). Әлеуметтанушынар педагогиканың осынау іргелі принциптерінің қайсысына ерекше ден қойылатынын нақты қоғамдардың өкімет құрылымы мен кажеттері айқындайды деген мәселеде пікірталасын әлі доғарған жоқ.
Үйрету әлеуметтануның жүйелік сипатын Э.Дюрктеймнің табиғи ынтымақ негізі ретінде адамгершілік беруді түбегейлі зерттеуі мен М.Вебердің Қытайдың білімді адамдарын саяси бақылау аппараты ретінде талдауынан бастап аңғаруға болады. Бірақ Бұл тақырыптың Екінші жиһан соғысынан кейінгі негізгі дамуы Америкада технологиялық функционализм, Еуропада мүмкіндіктердің эгалитарлық реформасы және экономикада адам — капитал теориясы ұғымдарымен байланысты өрбіді. Осының бірі меқтепте алынған білім көлемінің және индивидуум мен қоғамның экономикалық прогресі арасындағы байланыстың кездейсоқ екендігін қуаттап берді. Бұл ұғымдар, сондай-ақ индустрияландыру кезінде техникалық жағынан жақсы даярланған жұмыс күшіне қажеттілік стратификациялаудың таптық және басқа бөлінетін жүйелерін бірте-бірте бүлдіреді, сөйтіп қызметкерді біліміне карай күжаттар, дипломдар және т.т. бойынша іріктеу әлеуметтік белсенділікке жөрдемдеседі деген мағынаны білдіреді. Алайда, өртұрлі қоғам типтеріндегі статистикалык және практикалық зерттеулер қоғамның туындайтын топтары мен прогресс арасында орнықты байланыс болатынын көрсетті, сондай-ақ мектепте алынған білім көлеміне әлеуметтік белсенділіқтің шектеулі бөлігі ғана тәуелді екендігін қуаттады.
Осының нәтижесінде таптық немесе этностық табындық салдарынан қолайсыз жағдайға тап болған адамдар топтарының алғырлығы секілді детерминанттар төңірегінде пікірталастар өрбіді. Әлеуметтанушынық зерттеулер таным кабілетінің толып жатқан материалдық мөдени факторлары мен тегіндегі интеллеқтуалдық дамуды бәсендететін фақторларын анықтады. Енді бір зерттеу мектепте білім беру үлтілері таптық стратификацияға, сондай-ақ нәсілдік және жылыстық кемсітушілікке шүбә келтіру орнына, оларды куаттап берді.
Үйрену — адамның белгілі бір білім жүйелерін, тиісті қимыл-қозғалыстар мен амалдарды меңгере алуы. Адамның негізгі үйренетін нәрсесінің бірі — білім. Үйренудің адам және жануарларға ортақ негізгі үш түрі бар: сенсор, мотор, сенсомотор. Адамға тән үйренудің түрін когнитивтік үйрену деп атайды. Сенсорлық үйрену арқылы — білім, моторлық үйренумен — дағды қалыптасады. Бірнеше үйренудің қиысуы, мақсатқа сай әрекет ету, ойлаудың жоғарғы түрінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Үйренулер — адамның білімді, үйренулер мен дағдыны меңгеру үрдісі және нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет