Тектік және түрлік ұғымдар
Ұғымдардың қалыптасу жолы. Тектік ұғымдар. Түрлік ұғымдар. Математикалық ұғымдарға қойлатын талаптар
Математикадан қазіргі сабақ түрлері
I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: •білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау; •оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;•оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру;•оқыту принциптерін қолдану;• оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау. II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: •оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау; • оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу; • оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы; • білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру: • жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау; • оларға жеке тапсырмалар беру; • әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау. III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар: • қалыпты температуранық болуы; • ауаны тазартып түру; • жарықтың болуы; • балаларды шаршатпау; • іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады; • сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу; • оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары; • сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы. IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар: • сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы; • сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі; • мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру; • мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс. Тәрбиелік талаптар: • оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою; • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер қою; • оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу; • балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу’ • ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу. Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы: • балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау; • оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы сапалы, жаңа өзгерістерді қуаттау.
Талдау элементтері
|
Қорытынды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |