1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі



бет4/23
Дата06.10.2023
өлшемі100.64 Kb.
#480026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1-ïðàêòèêà Àëàø èäåÿñû, ?îç?àëûñû, ?ðàíû. Æà?à àòàóëàð, û?øàìäàë

Міржақып Дулатұлы: Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз... Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да ту басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық... Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардан да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр... Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі «Тіл – құралы» екенін ұмытпасқа керек. Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек.
Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестеріжұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Аллаһ, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшық, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электр, т. с. с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет