1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі



бет7/23
Дата06.10.2023
өлшемі100.64 Kb.
#480026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
1-ïðàêòèêà Àëàø èäåÿñû, ?îç?àëûñû, ?ðàíû. Æà?à àòàóëàð, û?øàìäàë

Тіркесті сөздер әртүрлі сөз табынан жасалады.
Зат есімнен жасалған тіркесті сөздернағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?
Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?
Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?
Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?
Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?
Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.
5-практика
Музыканың үлкен кітабы. Әлем таныған классик. Бейүндес және игерілген кірме сөздер
Музыканың ұлы кітабы” (‘‘“Китаб әл-мусики әл-кабир”’’) – Әбу Наср әл-Фарабидің тарихи-теориялық трактаты. 1967 ж. Каирде Махмұд Ахмад Хафийдің редакциясымен жарық көрді. Кітап екі ірі бөлімнен тұрады: бірі – “Музыка іліміне кіріспе”, екіншісі – “Музыка туралы ілім”. Соңғы бөлімі үш тарауға жіктеледі: а) “Музыка теориясының негіздері”; ә) “Кең таралған аспаптар және оларға тән интервалдар”; б) “Музыкалық әуеннің құрылысы”. “Музыка іліміне кіріспе” бөлімі екі тараудан тұрады. Алғашқысында “музыка” сөзінің мән-мағынасы, әуеннің шығу тегі, оны орындау мен музыкалық аспап жасау, музыка теориясы мәселелері сөз болған. Мұнда музыканы тәжірибелік және теориялық деп жіктеп, аспаптардың музыкалық және ұрмалы болып бөлінетіні көрсетіледі. Екінші тарауда жағымды әуендер мен олардың түрлері, музыкалық тондардың орналасуы, дыбыстың табиғи ерекшеліктері, музыкалық әуенді кемелдендіру тәсілдері, сезім арқылы қабылдауға жататын интервалдар мөлшері, жалпы музыка теориясының негіздері туралы көптеген құнды мағлұматтар беріліп, ғылыми пікірлер айтылады. Автор музыка мен поэзия арасындағы табиғи бірлікті мойындайды. “Музыка өнерінің теориялық негіздері” – трактаттың екінші бөлімі. Музыкалық дыбыстар мен тондар, олардың пайда болуы, биік немесе төмен орналасуы, интервал, оның жағымды, жағымсыз түрлері, тондардың бірізділігі, музыкалық мақамдар, олардың құрылысы, ерекшеліктері туралы пікірлері осында қамтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет