1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


) Құмтерапиясының маңызы неде?



бет53/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
1-45 практик псих

84) Құмтерапиясының маңызы неде?
Құм терапиясы – сыртқы әлемнің әрбір заты ессіз күйдің тереңінде қандай да бір символды білдіретіні туралы айтылған Юнг теориясына құрылған арт-терапияның бір түрі. Құмдағы сурет ішкі сезім күйінің қандай да бір қырының үш өлшемді бейнесі ретінде түсінікті болуы мүмкін. Санадан өтпеген проблема құм салғышта көрсетіледі, шиеленіс ішкі әлемнен сыртқы әлемге ауысады және көзге көрінетін болады. Артықшылықтары дараландыру үдерісіне ықпал етеді; шығармашылық әлеуетті, ішкі сезімдерді, түйсікті босатады және еке түсіруді жандандырады; символдық мәндердің көптігі арқылы көпқырлы тәжірибені қамтамасыз етеді; қайта қобалжу және босату мақсатында адамның бұрынғы тәжірибесіне қайта оралуына ықпал етеді; саналылық және ессіздік, ішкі және сыртқы, жан дүниесі мен физикалық күй арасында көпір салады; ешқандай да дұрыс немесе бұрыс жолдары жоқ тікелей ойынды қамтамасыз етеді, сананы бақылауды алып тастауға мүмкіндік береді, балаларға арналған табиғи тіл болып табылады. түрлі мәдениетті, нәсілді, жастағы және зияткерлік мәртебедегі адамдардың қолдануы үшін шексіз; адамға «жәбірленуші» рөлінен өз өмірін «жасаушы» рөліне дейін мүмкіндік береді; құм – жағымсыз эмоцияларды «құмды жарып жоқ болатындай» етіп жерге сіңіретін ерекше қасиетке ие, сол арқылы адамның көңіл күйін үйлесімдікке келтіреді.


85) Арт-терапияның мәні
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия әдісі болып табылады. Арт-терапия әдісі даму үстіндегі психотерапия әдістерінің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш Адриан Хилл енгізген болатын. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру. Сонымен қатар осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар туралы айтылады.
Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық сақтау орталықтарда жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрініс болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стильдерінің пайда болуы моральдық, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды.
Арт-терапия әдісі дамуының бастауына психоанализдік көзқарастар әсер етті. Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім, көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет немесе мүсін, ол бейсаналы психикалық процестердің көрінуі болып саналады. 20-жылдардағы осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн өзінің ауруларды емдеушілерінің шығармашылығын және психикалық, классикалық зерттеулерінен мынадай қорытындыға келді: өнер – ауру адамдардың көбінесе олардың интенсивті ішкі шиеленістеріне әсер етеді.
Құм терапиясының маңыздылығы:

• Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.


• Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.


Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенің көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет