1. Психикалық үрдістер туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

31. Дағды: Сөйлеуді басқару. 
"Сұхбатты басқару" дағдысы: ақпарат жинау, науқастың көзқарасын белсенді 
анықтаудан тұрады.Көзқарас типтеріне:пациенттің 
идеялары,күтуі,қорқынышы жатады.Ақпарат жинауда:ашық жəне жабық 
сұрақтар қолданылады.Ашық сұрақтар-пациенттің сұраққа жан-жақты жауап 
беруіне жəне сұраққа əртүрлі,өзіне ыңғайлы тəсілменен өзінің жағдайын 
айтуға ыңғайлы. Мысалы:Қалай? Неге? Қалайша? Қандай жағдайда? Жабық 
сұрақтар-көбіне көп нақты бір жауап айтуға негізделген сұрақтар түрі. Жабық 
сұрақтар қойғанда дəрігерде дайын гипотезалар болады: Сіз учетта тұрасыз 
ба? Қандай дəрілер іштіңіз? Сіз күнделікті қысымыңызды өлшеп отырасыз 
ба? Маңызды кеңес:интервьюді ашық сұрақтардан бастаған жөн жəне 
«Сосын?,Тағы да?» деген сұрақтарды қойып отырған жөн. Науқастың 
көзқарасын белсенді анықтау: 
● Проблемалар-пациент дəрігерге келуінің негізгі мақсатын айтады. 
● Идеялар-өзінің диагнозының себептерін,өз жағдайын жақсы түсінеді. 
● Күтілетін іс-əрекет:мен дəрігерден не күтемін? 
● Қауіптену: Пациент өзінің жағдайының асқынған жағдайынан 
қорқуы\қауіптенуі 
● Əсер ету:Бұл жағдай менің өміріме қалай əсер етеді, менің өмірімде не 
өзгереді?-деген сұрақтың болуы. 
32. Дағды: Эмпатияны қолдану. 
Қарым-қатынас жасау барысында дəрігердің басты психологиялық қасиеті-
бұл эмпатия көрсетуі, яғни бұл дəрігердің науқас қиындығына ортақтасып, 
терең сезінуі, науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда 
«қатысуы» болып табылады. Эмпатия ұғымында медициналыққызметкер өзін 
науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылынауқастың жан 
дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді. 


 Эмпатия үш түрлі компоненттен тұрады:
1. Идентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия.
2. Интеллектуалды процестерге негізделген (салыстыру, талдау) танымдық 
эмпатия.
3. Ішкі интуицияға сүйенетін предикативті эмпатия, яғни басқа адам туралы 
көзқарасты болжай алу қабілетінен көрінетін эмпатия. 
-Эмоционалды түрде ортақтасу - науқаспен психологиялық контакт орнатуға, 
ол туралы толық, əрі нақты мəлімет алуға, науқасқа жазылатынына деген 
сенімді ұялатуға, науқастың дəрігер кəсібилігіне деген сеніммен қарауына 
көмектеседі; 
- Дəрігердің эмпатиясы - науқастың субъективті сезімдерінің, аурудың 
объективті клиникалық сипатына сəйкес келмеген жағдайында көмектеседі. 
Эмпатияның вербальды компонентін көрсетуге арналған «Эмпатия» 
мнемоникалық схемасы - N.U.R.S.E дағдысы №3
Name - атау немесе эмоцияны қайталау - «Сіз қобалжулы көрінесіз» 
Understand - эмоцияны түсіну үшін - «Сіз өз денсаулығыңыз туралы 
бұндайды білу өте қиын» 
•Respect - құрмет көрсету - «Бүгін сіз тест жолақтарымен жəне инсулин 
инъекциясымен өте жақсы жұмыс жасадыңыз». 
•Support - қолдау - «Біз сізбен ертең таңертең тағы да жұмыс жасаймыз, мен 
медбикеге бейсенбі күні таңертең сізбен жұмыс жасау керектігін айтамын». 
Explore - эмоцияларды егжей -тегжейлі ашу үшін - «Маған үйде қант 
деңгейін ұстап тұру туралы тағы не алаңдатып отырғаны туралы толығырақ 
айтыңызшы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет