1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Пациенттермен тиімді қарым - қатынасқа кедергі келтіретін



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

14. Пациенттермен тиімді қарым - қатынасқа кедергі келтіретін 
дəрігердің психологиялық ерекшеліктері: мазасыздық, депрессия, 
интроверттілік. 
Ауызша коммуникация (сөздік) екі маңызды элементті: мағына мен 
хабарлама нысанын көздейді. Əрине, хабарлама түсінікті, нақты жəне қысқа 
болуы тиіс. Практикалық кеңестер Егер мыналар орындалса, ауызша қарым-
қатынас тиімді болуы мүмкін: жақсы айтылуымен қарапайым қысқа 
сөздермен, баяу сөйлеу; əңгімелесушіге таныс емес терминологияны көп 
пайдаланбау; əңгімелесушінің қабілеттіліктеріне орай, сөйлеудің дұрыс 
жылдамдығы мен екпінін таңдап алу; қарым-қатынас үшін уақытты дұрыс 
таңдап алу: бұл ақпарат бағытталатын адам сол нақты уақытта əңгімелесуге 
ниет пен мүдделілік білдіруі тиіс; ол айтуға жиналған нəрсеге сəйкес келуі 
үшін, дауыс ырғағын сақтау қажет; өзіңізді түсінгеніне кӛз жеткізу (кері 
байланыс); мейірбикенің пациентпен əңгімелесуі абайлап пайдаланған 
əзілмен ашуды басуға жəне сабырға түсіруге көмектеседі, эмоциялық қолдау 
көрсетуді қамтамасыз етеді жəне ауруды қабылдауды жұмсартады. 
Пациентпен ауызша емес қарым-қатынас кезінде медбикенің сыртқы түрі мен 
бет əлпетінің көрінісі – күлкі немесе назар аударушылық үлкен маңызға ие 
болады, сондай-ақ ұқыпты сыртқы түр де пациентпен қарымқатынасқа əсер 
етеді жəне не сенім туындатады, не қарым-қатынасқа зиянын тигізеді. 
Қарым-қатынастың барысы мен сипатын неғұрлым дəл анықтауға мүмкіндік 
беретін өзіндік «орталық» көздер болып табылады. Нақ көздер көбінде ауыз 
айтатыннан жиірек айтады, жəне пациенттер мұны медициналық бике 
көздерін бақылай отырып, жақсы біледі. Əңгімелесушінің қолдарын сілтеуі, 
жүрісі де оның эмоциялық жай-күйін жеткілікті дəл бейнелейді. 
Мазасыздық: Үрейлік — бұл эмоция, ол болжау арқылы жəне болатын 
сəтсіздіктерді тосумен болашаққа бағытталған.Үрейлік эмоциясы түсініксіз 
жағдайларда, ақпараттың жетіспеушілігіне сəйкес жəне қиын болжам 
нəтижелерінде дамиды.Үрейліктің жеңіл дəрежесі (мазасыздану) — болатын 
қатерді білдіретін белгісіздікке қарапайым реакциясы. 


Үрей эмоциясының əсерінен адаптивті, компенсаторлы жəне қорғаныш 
механизмдері болатын қатерге тиімді төтеп беруге мүмкіндік береді. Дəрігер 
тұлғасының сапасы ретінде үрейлік науқас жағдайындағы өзгерістерге шұғыл 
əсер етіп, уақытылы қажетті шараларды қолдануға əсерін тигізеді. Науқас 
мұндай əрекетті дəрігер жағынан түсінушілік жəне эмоциональді көмек 
ретінде қабылдайды, бұл «дəрігер-науқас» коммуникациясының тиімділігін 
жоғарлатады. Бірақ, үрей эмоциясының интенсивті дəрежесі (байбалам, 
қорқыныш, сұмдық) психикалық үрдістің өнімді жұмысын тоқтатып, бұзады. 
Интенсивті үрейлік жағдайды адекватты бағалауға, яғни мүмкін нұсқауларды 
анықтауға жəне дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды. Дəрігердің 
қорқынышы мен байбаламы, науқаспен коммуникациясын үзеді де, олардың 
арасындағы психологиялық контакт бұзылады. Дəрігер үрейлігі науқасқа 
беріліп, оны қосымша үрейлендіреді.Үрей əсерінен организмнің əр-түрлі 
функциялары бұзылады, мысалы, ұйқының бұзылуы, тəбеттің төмендеуі 
немесе керсінше жоғарлауы (кейбір науқастарда үрей əсерінен булимия 
дамиды). Жоғарғы үрейлі тұлғалы дəрігерлер,науқастарды аз толғандыратын 
кез келген өзгерістерге жоғарғы үреймен қарайды. 
Депрессивтілік: Дəрігердің науқаспен коммуникациясын бұзатын тағы да бір 
сипаты болып, депрессивтілік табылады. Егерде үрей эмоциясы болашаққа 
бағытталған болса, онда депрессия бұрынғы өткен шиеленістермен жəне 
психотравмалық оқиғалармен байланысты. Бұрынғы сəтсіздіктер мен 
жағымсыз оқиғалар тізбек ретінде көрініп, шарасыздық пен үмітсіздікті 
құрайды.Болашағы тұманданып, қайғыға ұшырайды.Депрессияға бейім 
дəрігерлер өз компетенттілігін төмендетіп, науқастың сенімін тудырмайды. 
Жеке уайымына батқан дəрігер науқастың жағдайының жақсарғанын 
байқамауы, оның жазылу симптомдарын көрсетіп, қолдамауы,керсінше оны 
өзінің қайғылы сенімсіздігімен уландырады да,жүргізілген терапияның 
позитивтілігін бұзады. 
Интроверттілік: Дəрігер мен науқастың арасындағы сенімді қарым-
қатынасты қиындатын дəрігердің бір қасиетінің бірі- интроверттілігі 
(тұйықтығы). Интроверттілік дегеніміз адамның өз-өзіне, өз күйзелістері мен 
ойларына, сезімдеріне бағытталуы болып табылады. Осы терминді 
психологияға К.Юнг енгізген болатын. 
•Интроверт адам өзінің психологиялық өмір сүріп, өзінің сезімдері мен 
идеяларына бағытталады жəне басқа адамдарға аса қызықпайды, қоршаған 
ортадағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуде біршама қиналады. 
•Тұлға аралық қатынаста сезімталдылықтың, итуицияның төмендігімен, 
басқалардың күйзелістері мен қайғыларына көмек беруге ұмтылысының 
жетіспейтіндігімен сипатталады. 


•Тиімді коммуникацияға кедергісін келтіріп, дəрігердің коммуникативті 
біліктілігін төмендетеді 
•Науқаспен психологиялық жағымды контакт орнатуға, эмоционалды қолдау 
көрсетуге кедергісін келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет