1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Коммуникативті кедергілердің түрлері: стилистикалық кедергі



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

19. Коммуникативті кедергілердің түрлері: стилистикалық кедергі, 
семантикалық кедергі, əлеуметтік-мəдени айырмашылықтардың 
кедергісі, қарым-қатынас кедергісі (психологиялық кедергілер), 
фонетикалық кедергі. 
Коммуникативті кедергі — қатынас серіктері арасында дұрыс ақпарат беру 
жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде 
ақпараттың алғашқы мəні не өзгереді, немесе жоғалады. Комуникативті 
кедергінің бірнеше түрлері бар. Олар: стилистикалық кедергі, семантикалық 
кедергі, əлеуметтік-мəдени айырмашылықтардың кедергісі, қарым-қатынас 
кедергісі (психологиялық кедергілер), жəне фонетикалық кедергі. 
Стилистикалық кедергі – бұл тұлғааралық коммуникацияны нəтижесіз, 
тиімсіз ететін кедергінің бір түрі. Бұл кедергі түрінде коммуникатор мен 
реципиенттің тілдік стилдері бір-біріне немесе тілдің стилі ортақтасу 
жағдайына, реципиенттің көңіл-күйіне сəйкес келмеуі мүмкін. 
Семантикалық кедергі – адамдар арасында туындайтын өзара түсінбеушілік. 
Бұл кедергі түрі көбінесе балалар мен ересектер арасында туындайды. 
Əлеуметтік-мəдени айырмашылықтардың кедергісі – бұл əлеуметтік, саяси, 
діни кезқарастарға, жасына, жынысына, мамандығына байланысты болады. 
Осындай жайттарға қарап əлеуметтік-мəдени айырмашылық екенін білуге 
болады. 
Қарым қатынас кедергісі деп - коммуникаторды жақтырмай оның 
мəлімдемесін де қарсы қабылдап, сенімсіздік сезімін туғызатын, 
коммуникатордың сөзіне күдікпен қарауды айтсақ болады. 


Фонетикалық кедергі - адамдар əр түрлі тілде, диалектте, немесе сақауланып 
сөйлегенде пайда болады. Сонымен қатар сөйлеуші тым жай, тым жылдам 
немесе сөздерді жұтып сөйлегенде де пайда болуы мүмкін. Себебі екінші 
адамға, яғни тыңдаушыға түсінуден қиындық туындайды. 
20. Тиімді қарым-қатынаста туындайтын кедергілердің негізгі себептері 
Коммуникативті үрдістің қатысушыларының тиімді қатынасуына əртүрлі 
факторлар кедергі келтіреді. Бұл факторлар қатынасу басталмас бұрын 
немесе кенеттен дамуы мүмкін.Бұның бəрін біз қатынасу бөгеттері деп 
атаймыз.Қатынасу кезінде бөгеттерді анықтап, салыстыра біліп жəне оларды 
коммуникативті дағдылардың көмегімен жеңуге тырысуымыз қажет. Əрине, 
бұл жағдай қатынасудың позитивті тиімділігіне жету мақсатына көзделсе. 
Əлеуметтің жəне қоғамның мəдениеті адамдар қатынасуының 
коммуникативті толеранттылығының деңгейімен анықталады. Медицина 
кəсібінде мед.қызметкерлері позитивті қатынасуды орната білуі міндетті. 
«Дəрігер-науқас» жəне «мейірбике-науқас» қатынасу жүйесі жатады. 
Жоғарыда айтылған бөгеттерді біз былайша жіктей аламыз: 

Ішкі: адамның жүйке қызметінің типіне байланысты қоршаған ортаны 
қабылдау ерекшелік күшінің болуымен жəне т.б.; 

Сыртқы: жағдайға жəне басқа адамдардың əсерінен дамитын бөгеттер. 
Мысалы, кішкі бөгеттерге естудің төмендеуі, көрудің нашарлауы, шындықты 
қабылдауының адекваттылығының бұзылуы; мидың ишемиясының 
салдарынан пайда болған бұзылыстар – сөздің, естің, жазудың, санаудың 
жəне т.б. бұзылыстары. Сыртқы бөгеттерге – тілдік жəне əлеуметтік 
факторлар жатады Тиімді қатынасқа түрлі мəдениеттік дəстүрлер, білімдік 
деңгейі, адамдардың саяси жəне дүниетанымдылық сенімдері бөгет болуы 
мүмкін. Мұндай айырмашылықтардың туындылары болып, этникааралық, 
нəсілділік бөгеттер жатады. Осыған байланысты науқасқа көмек көрсетуші 
медицина қызметкері науқас қызығушылықтарына алалықсыздық таныту 
керек. Дəрігер қандай да бір діни, саяси жəне философиялық көз-қарасты 
ұстанса да, кəсіби парызын орындауда оларды есепке алмауы қажет. 
Қатынасудың ішкі бөгеттерін қарастырайық. Əдістеменің бастапқы бөлімінде 
біз коммуникативті дағдыларды мінез жəне тұлғаның ерекшеліктеріне 
байланысты, орынды түрде қолдануды атадық. Мысалы, дəрігерге немесе 
мейірбикеге ригидтілік, үрейлік жəне кекшілдік тəн болса, мұндай сипат 
олардың науқаспен сенімді қатынас құрауына кедергі жасайды. Сəтсіз 
қатынасудан кейін дамыған бөгеттердің шешу жолы жоқ болып көрінеді. 
Интровертирленген тұлғалы дəрігер науқаспен қатынасуда салмақты мəселе 
болуы мүмкін. Мінездің мұндай сипаты карьералық өсу жолына оң əсер етуі 


мүмкін. Шын мəнінде интроверттер жоғарғы білімді, эрудирленген, 
жетілдірілген маман иелері болғанымен, қатынасуда олар үлкен 
қиындықтарға тап болады. Интроверт-дəрігерлер «түмемен жабылғандай» 
жабық болады. Олар өз күмəндəрін, уайымдарын əріптестерімен немесе 
достарымен жəне де науқаспен талқылауды əдепсіздікке жатқызады. Олар 
өзінің ішкі дүниесіне ешкімді қабылдамайды жəне басқа адамның əлемі оған 
қызықсыз көрінеді. Мұндай дəрігерде эмпатия жəне симпатия өте сирек 
кездеседі. Əріптестеріне жəне науқастарға сенбеушілік маманның өзіндік 
жекеленуіне əкеледі. Ол баяу өзінің коммуникативті компетенттілігін 
жоғалтады. Интровертке қарсы экстраверт керсінше көрінеді. Эмоция, 
проблемалар, жаңалықтар – барлығына бірдей қазына болып табылады. 
Мұндай ашықтыққа қарамастан дəрігер бөгеттерге кездеседі. Гормониялы 
емес тұлға типі жəне дəрігердің конгруэнттілігінің болмауы тұлғааралық 
шиеленіске ұштасуы мүмкін.Ішкі бөгеттерге дəрігердің жеткіліксіз 
эрудициясын жəне рухани жетілмеушілігін жатқызамыз. Дəрігер кез келген 
рухани элитаның өкілдерімен бірдей деңгейде əңгімелесе алуы тиісті, 
анықтап айтқанда, мысалы, математикпен математика тілінде, сазгермен 
өзінің музыкаға деген қызығушылығын танытып, жазушымен əдеби білім 
деңгейін көрсете сөйлесе білуі қажет. Қызығушылықтың тарлығы 
науқастарға эмпатияны көрсетуді шектейді. 
Сыртқы бөгеттер көбіне жасанды түрде жасалады. Мысалы, тілдік бөгеттер, 
бұл бөгеттерді дəрігер өздері жасайды,яғни науқаспен сөйлесу кезінде 
қажетсіз медициналық терминдерді орынсыз қолданады.Науқасқа 
тағайындалған жұмсақ зондпен жəне оптикамен асқазанды зерттеу 
шараларын, дəрігер науқасқа: «Сізге фиброэзофагогастроскопияны өту аса 
қажет» деп жеткізеді немесе ауырсыну сезімі қай жерге таралады деудің 
орнына: «Ауырсыну қай жерге иррадиация береді?» деген сияқты түсініксіз 
сөздерді қолджанады.Тілдік бөгеттер дамыған жағдайда дəрігер науқасқа 
жағдайды жеңілдету мақсатында вербальді емес белгілерді қолдануы 
қажет,сол арқылы ол өзінің науқасқа көмектескісі келіп тұрғанын көрсетеді. 
Үрейді жəне бөгетті шеткеретін басты вербальді емес белгі ретінде 
күлімсіреу, ашық қалып, сабырлы, қайырымды көз-қарас жатады. Дəрігердің 
жалпыға танымал бірнеше фразаларды жаттап алуы да жағдайды бір шама 
жеңілдетеді. Конфессиональді, этникалық, əлеуметтік, мəдениеттік 
бөгеттерді дəрігер уақытында алдын алуы тиіс. Өзінің жеткіліксіздігін 
уақытында байқап, оны міндетті түрде жоюға жол беруі керек. Мұндай 
дəрігерге барлық науқастар – бірінші кезекте көмек сұрап келегн адамдар 
ретінде болады. Бірақ-та мұндай мінсіз дəрігерлер барлығына жете бермейді, 
сондықтан дəрігер өзінің кəсіби компетентсіздігін үнемі жетілдіруі тиіс. 
Дəрігерге науқас жағынан дамыған бөгеттерді танып білуін талап 
етеді.Дəрігер мен науқас арасындағы тиімді қатынасқа кедергі келтіретін 


бөгеттерді шешу үшін, олардың қандай түрдегі бөгеттер екенін анықтауымыз 
қажет.Науқаспен қатынасу жүйесіндегі дəрігер жағынан дамыған блоктарға 
өзімшілдік, асығыстық, патернализм, сияқты өзгерістер жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет