Ең алдымен науқаспен амандасу керек. Науқаспен сəлемдесеміз.
Жағдайға орай түрліше амандасуға болады:
• Сізге таныс науқастармен атын айтып амандасқан жөн;
• Бұрын -соңды таныс емес науқаспен ресми түрде амандасқаныңыз жөн;
• Жас науқастарме немесе балалармен аттарын айтып аманасқаныңыз абзал;
• 14 жастан асқан бейтаныс науқастармен ресми түрде сөйлесіп,фамилиясын
айтқаныңыз жақсы.
Бұл тұста балалар қиындық туғызуы мүмкін.Егер баланы ол,мына бала,бұл
қыз деген секілді атаулармен атап отырса,бұл кез келген ата-ананың ренішін
туғызады.
Бүгін біздің жігіт(сұлу қыз) қалай?деген сұрақ сіздің баланың атын
білмейтініңізді жасырып қалады.
• Алдымен науқастың аты-жөнін сұрап,науқаспен танысыңыз.
• Науқасқа өзіңізді таныстырыңыз (аты мен рөлі)
•Бірдей көз деңдейіндегі контакт орнатыңыз.
28. Дағды: Арақашықтық сақтау. Пациентпен тиісті ара-қашықтықты ұстау маңызды.Дəрігер əңгімелесудің
құпиялылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жақын тұруы жəне пациент
үшін ыңғайсыздықты тудырмауы , сондай-ақ өзі үшін ирусты ауруды
жұқтыру қаупін тудырмайтын қашықтықты ұстануы керек.Егер пациент
шегініп немесе қозғалса оның орнатқан қашықтығын ұстану керек.Сондай-ақ
көз байланысын ұстану жəне теріс эмоцияларды болдырмау үшін пациент
жүзінің құбылысын қадағалау керек.Пациент тарапынан да вербальді емес
əңгімелесу маңызды.Егер пациент жабық кейіпті қолдарын айқастырса ,
провизордан денесін бұрыс ұстаса соңғысы қолайсыздық себебін түсініп ,
оны жоюға тырысу керек.Дəрігерде пациент жүзінің құбылысын бағалауы
керек, үрейлену,ашулану , күйзеліс,агрессия жəне ауру сияқты физикалық
белгілері бар екенін қадағалау керек. Пациент пен дəрігер арасында көп
жағдайда белгілі бір қашықтықта сұхбаттасқан жөн.Тұлғаралық қашықтық
түрлері көп:
Бірінші - 0-45 см аралығы - "интимдік". Бөгде адамның интимдік аймаққа
енуі (көбінесе алыстан көрмейтін (близорукость) адамдарда болады)
тітіркену мен наразылық сезімін тудырады.
Екінші - 45-120см аралығы - "жеке". Психотерапия кезінде жиі қолданылады.
Үшінші - 120-400см аралығы - "əлеуметтік".Бұл екі адамның ресми өзара
əрекеті жүзеге асырылатын қашықтық.
Төртінші - 4 метрден астам - "қоғамдық".Аудитория алдында сөйлеу