·Пациенттің айтқанын нақтылау. Бұл сұхбаттың сапасы мен ақпараттылығын
қамтамасыз етеді.
·Белсенді тыңдау. Пациентке мұқият тыңдап отырғанды вербалды жəне
вербалды емес түрде көрсетіп отыру керек.
·Сұхбат кезінде дұрыс үзілістер жасау. Пациенттің ішкі күйзелістерін
анықтауда өте маңызды.
·Пациенттің мəселелерін жəне не күтетінін анықтау.
·Жиналған ақпаратты қорытындылау жəне гипотезаны ұсыну.
3) Сұхбатты басқару.
·Пациент өз мəселелерін нақты сипаттап бергендегі позитивті қолдау.
·Пациентті керек кезде тоқтатып, қажет арнаға бұру.
4) Ақпарат беру дағдысы.
·Дəрігердің алынған нəтижелерді қорытындылау қабілетін көрсетеді.
5) Сұхбат соңы.
·Бұл сəтті дəрігер анықтауы тиіс. Сұхбатты дұрыс аяқтау үшін дəрігер
науқасқа вербалды емес белгілер беруі қажет (жазбаларды жабу, белсенді
тыңдауды тоқтату). Кейін вербалды белгілер арқылы жеткізу керек
(«сонымен», «қорытындылай келе» т.б.). Науқастың тағайындалған еммен
келісетіндігін байқау керек.
Достарыңызбен бөлісу: