1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Медициналық сұхбат: түсінігі, негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

23. Медициналық сұхбат: түсінігі, негізгі принциптері 
Медициналық сұхбат - тұлғаның психологиялық қасиеті жəне белгілері, 
дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мəселелері туралы ақпарат жинау жəне 
науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық əрекет жасау əдісі. 
Медициналық сұхбаттың принциптері: 
1. Қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы 
дəл, ашық, сəйкес жəне түсінікті болуы. 
2. Бірізділік жəне адекватты, біркелкі болуы. 
3. Алынған мəліметті тексеру мүмкіншілігі болуы. 
Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжырымдары дəл жəне 
тиісті, науқастарға түсінікті, арнайы терминсіз болуы керек. Олар аурудың 
тілі мен мəдениетіне, біліміне сəйкес келуі қажет. Сондықтан науқастың 
əлеуметтік статусы, білім дəрежесі, мəдениеті мен сөйлесу мəнері 
анықталады. 
24. Медициналық сұхбат үлгілері 
1) «Физикалық, психологиялық жəне əлеуметтік үлгі (1972)»: Бұл үлгі 
дəрігерге өзінің тəжірибелік ойлауын кеңейтуге көмектеседі, яғни науқасты 
қоршаған əлеуметтік, отбасылық, эмоционалды жағдайларды ескеруін талап 
етеді. 
2) Skott жəне Davis моделі (1979): Авторлардың айтуы бойынша, бұл үлгі 
«əрбір алғашқы кеңес беруде ерекше мүмкіндіктер» бере алады. Осы үлгі 
арқылы қайта кеңес беру кезінде денсаулықтың төрт сферасын жүйелі 
тексере аламыз: 

Бар қиындықтарды реттеп алу; 



Көмек іздеу əрекетін өзгерту; 

Жалғасып келе жатқан проблеманы реттеу; 

Денсаулықты нығайту мүмкіндігі; 
3) Byrne мен Long үлгісі (1976). Логикалық құрылымы бар алты кезеңді 
ұсынады: 
1-кезең – дəрігер науқаспен байланыс орнатады. 
2-кезең – дəрігер пациенттің келу себебін анықтауға тырысады немесе оның 
себебін анықтайды. 
3-кезең – дəрігер сөздік немесе физикалық тексеру немесе екеуін бірдей 
жүргізеді. 
4-кезең – дəрігер мен науқас, науқастың денсаулығына қатысты маңызды 
жəйттарды талқылайды. 
5-кезең – дəрігер (кейде науқас) кейінгі жүретін қосымша тексеруді немесе 
емдеу шараларын нақтылайды. 
6-кезең – кеңес беруді əдетте, дəрігер аяқтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет