1-сабақ. Бөлім: 1-бөлім: Географияны зерттеу тәсілдері



бет17/65
Дата16.04.2024
өлшемі0.61 Mb.
#498868
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
География 1-тоқсан 7-сынып

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Мектепте география кабинетінде қандай тәжірибелер жүргізуге болады?

2.Тәжірибе жасаудың қандай маңызы бар?

3.Ауа райын бақылау үшін қандай құралдар керек?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

№3 және №4-тәжірибелік жұмысты орындатады.
Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.



Оқулықта берілген 3 және 4-тәжірибелік жұмысты орындайды.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-№3-тәжірибелік жұмысты орындайды.
-№4-тәжірибелік жұмысты орындайды.

7-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
Құрал-саймандары

Топтық жұмыс

Қолдану деңгейіндегі тапсырманы орындатады.
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.

1.Ауа райын бақылай отырып, қандай деректер алуға болатындығын түсіндіріңдер.
2.Ауа райы құбылыстарына толық бақылау жүргізіп болғаннан кейін, деректерді қайда жазасыңдар?
3.Табиғатта бұдан басқа таңы қандай бақылау жасауға болады? Оның мақсаты қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет