Бөлім:
|
3. Физикалық география
3.1 Литосфера
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жердің тектоникалық құрылысы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.3.1.2 -Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетіп оны сипаттайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Материктер мен мұхит астындағы жер қыртыстарының бір-бірінен айырмашылығын түсіндіреді.
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|