Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма:
Мұхтар Әуезовтің «Мен Абай туралы қалай жаздым?" мақаласымен танысады.
«Абай жолының» жазылу тарихы туралы жазушының ұсынған
деректерін жинақтайды.
Сыныпта талқылайды.
|
Оқушылар мақаланы оқиды. Жазушының ұсынған дректерін жинақтап талқылайды.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
- Мақаламен танысады.
- Жазушының ұсынған
деректерін жинақтайды.
-Барлығын қорытындылап, талқылайды.
|
11-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
2-тапсырма:
Абай мен Құнанбай бейнесін ашатын сөздер мен сөз тіркестерін жинақтап,
"Екі жақты күнделікті» толтырады.
|
Кестеде кейіпкерлердің, яғни Құнанбай мен Абай бейнесін ашатын сөздер мен сөз тіркестерін
жазады.
Неліктен бұл сөздерді жазғанын түсіндіреді. Жазылған сөздер қандай ой тудырғанын айтады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Бөлімді оқиды.
- Құнанбай мен Абай бейнесін ашатын сөздер мен сөз тіркестерін табады.
- Оларды салыстыры кестеге жазады.
- Жазылған сөздер қандай ой тудырғанын айтады.
|
11-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
3-тапсырма. Мәтінмен танысып, берілген тапсырмаларды орындайды.
|
Сөз сайысында Құнанбай дауды қалай шешенін түсіндіреді. Құнанбай сөзінің салмағы
неліктен басым түскенін айтады. Ділмар сөздің мән-мағынасын ашады.
|
|