Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
https://youtu.be/b8OmFWACYwM
Жоғарыдағы сілтеме бойынша оқушыларға шөлейттену туралы бейнеролик көрсетеді.
|
Оқушылар бейнероликті көріп, шөлейттенудің себеп-салдарын анықтайды. Шөлейттенудің басты себебі адамның өзінің жасаған іс-әрекетінен екенін түсінеді.
|
Дескриптор:
Жалпы-3 балл:
-бейнеролик-ті көреді.
-талқылау жасайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
ДК
|
|
Қосымша ресурс көздерін, материалдарды пайдаланып, төмендегі тақырыптар бойынша шағын эссе жазады.
1.Африка елдеріндегі шөлейттену мәселесі.
2.Ірі қалалардағы атмосфераның ластануы және оның зардаптары.
3.Қазақстандағы басты экологиялық мәселелер.
|
Мұғалім ұсынған тақырыптар бойынша өздері таңдау жасайды. Қосымша ресурстарды өздері пайдаланады. Шағын эссе жазады.
|
Дескриптор:
Жалпы-3 балл.
-тақырып таңдайды.
-шағын эссе жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
ДК
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|