1.Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай ілгерілеу.Бұл бағыттағы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 ж. 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын жапты. КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруының әлемдегі 4-ші әлеуетіне, оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Енді өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, Әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдаған жөн.
2.Әлемде ядролық қарудан азат аймақтарды көбейту.Әлемде ядролық 6 аймақ бар: Антарктида, Латын Америкасы, Африка, Австралия мен Океанияны қоса алғанда. Олардың ішіндегі ең «жасы» 2006 ж. Семейде өңірдің бес мемлекеті құрған Орталықазиялық ядросыз аймақ болып табылады. Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру жөніндегі халықаралық күш-жігерді белсенді ету керек. Кең ауқымды Бейбітшілік Ареалдарын құру қажет. Оларда соғыстар, жанжалдарға орын болмауы керек.
3. ХХІ ғасырда жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктар қалдықтарынеңсеру керек. Өткен соғыстар мен жанжалдар көрсетікендей, өзіңнің қауіпсіздігіңді өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне қысым жасау есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан әскери блоктарға БҰҰ туы астында Мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы үшін жаһандық коалициясын қарсы қою қажет. Таяудағы онжылдықтағы жалпыға ортақ міндет Ауғанстан, Иракта, Йемен, Ливия мен Сириядағы, Украинаныңшығысындағы соғыстар, жанжалдарды және Палестина-Израиль текетіресін тоқтату, Корей түбегі, Оңтүстік-Қытай теңізі акваториясы және Арктикадағы ахуалдың қаупінің әлеуетін азайту міндеті болуы тиіс.