1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет88/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

2. Прагматизм (өз әрекеттерін іс жүзінде пайдалы нәтижелер алуға бағыттау). Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдалану, соған сай болашағыңды жоспарлау, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық беру, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұлттық сананың кемелденуін білдіреді, яғни ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, яғни ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс және көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағды, әдеттерден арылу қажет. Мысалы, жершілдік. Өз туған жеріңнің тарихын біліп, оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздысы – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытпау. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе тамыр-таныстықты көтермейді.
4. Білімнің салтанат құруы. Білімқұмарлық біздің қанымызда бар. Тәуелсіздік жылдарында он мыңдаған жастарымыз әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқыды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі университеттер, зият­керлік мектептер ашылды. Таяу онжылдық­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Қазіргі кезде кәсібін қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Еліміз білімге бөлі­нетін бюджеттің үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің қатарында. Табысты болудың ең басты факторы білім екенін әркім түсінуі керек. Білім жас­тар үшін әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет