70. Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты бағдарламалық мақаласы 2017 ж. 12 сәуірде жарияланды. Ол 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлім «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы», ал 2-бөлім «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталады.
Президент өз сөзін елімізде үшінші жаңғырудың басталғандығынан, екі: саяси және экономикалық реформалардың жүріп жатқандығынан, мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу, енді санамызды да жаңғыртудың қажеттігінен бастады. Бұл мақалада Елбасы еліміздің Біртұтас Ұлт болу үшін бұқаралық сананы қалай өзгертуіміздің қажеттігі туралы өз көзқарасымен бөліседі.
І-бөлімде ол қазіргі кезде әлем өзгеріп, бағыты бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды, санамызға сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылып, дамыған елдермен қатар болу үшін заманның жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, өзгеруіміздің қажеттігін айтты. Әр қоғамның өзінің тамырын тереңнен алатын рухани коды болады. Жаңғырудың басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Президент бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың 6 бағытынатоқталады, олар: 1) бәсекелік қабілет, 2) прагматизм; 3) ұлттық бірегейлікті сақтау; 4) білімнің салтанат құруы; 5) Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6) сананың ашықтығы. 1.Бәсекелік қабілет. Қазіргі кезде және болашақта жеке адам, тұтас халық бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жете алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, не болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсынуы. Бұл материалдық, білім, қызмет, зияткерлік өнім, сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты: компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» т.б.бағдарламалар–қазақстандықтарды ХХІ ғасырға даярлайды.