3.2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының келуінің жаңа перспективолары ашылып жатыр.
Бірінші, ең негізгі шетел капиталын тарту бағыты оның көмегімен Қазақстанның алынбаған ғылыми техникалық потенциялын меңгеру, әсіресе машина жасаудың конверсияланатын кәсіпорындарында.
Екінші, Қазақстанның экспорттық потенциялын кеңейту және диверсификациялау.
Үшінші, импорт алмастырушы өндіріс құру, халық тұтыну тауарларының , азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмектің, машина жасау өнімдерінің, т.б. өндірісін дамыту.
Тортінші, транспортпен байланыс, өңдеуші салалар мен инфроқұрылым сфералары.
Бесінші, бай табиғи қорлары бар, еңбегі мол аймақтарға (бірінші кезекте оңтүстік , батыс және орталық ) шетелдік инвестицияның келуіне ықпал ету.
Қазақстан экономикасының салыстырмалы қаржылылық тұрақтылығы, сыртқы несие ресурстарын тартуға қатаңырақ қарау жағдайында (үкіметтік несиелер мен кепілдерге шектеуді енгізу) сыртқы қаржыландыру көзінің ерекше ролін шетел тікелей инвестициясы алып отыр.
Шетел тікелей инвестициялары халықаралық инвестициялық қызметтің категориясы ретінде инвестордың басқа экономика резиденті болып табылатын кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ұзақ мерзімді қызығушылық алуымен сипатталады.
Қазақстандағы шетел инвестициялық қызметiн басқарудың мемлекеттiк механизмдерiн жетiлдiру келесi бағыттармен жүру керек.
-
Инвестициялар бойынша комитеттiң қаржымен қамтаммасыз етiлу проблемасын шешу. Тiкелей инвестицияларды 1999-2000 жылдары татру бағдарламасында Ирландиядағы 1950 жылы берi жұмыс iстейтiн ұқсас инвестицияны қолдау бойынша агенттiктiң өз қызметi үшiн, $26 млн көлемдегi жылдық бюджетi бар екенi көрсетiледi. Орталық және Шығыс Европа елдерi арасындағы реформа қарқыны бойынша 3 алдыңғы қатарлы мемлекеттер (Венгрия, Польша ж/е Чехия) өз инвестицияларын қолдау бойынша агенттiктерiн қаржыландыруға үлкен мағына бередi. Осылайша, эксперттердiң бағалауы бойынша, ITD Hungary жылдық бюджетi $5 млн, PAIZ Poland жылдық бюджетi-$4,7 млн, GreenInvest-$2млн.
Қазақстанның инвестициялар бойынша комитетiне республикаға шетел инвестицияларын тарту кезiнде консалтинг қызметтердi кең көлемде көрсету қажет. Өкiнiшке орай, бұл сала Қазақстанда толығымен шетел консалгтингтiк компанияларына берiлген. Атап айтсақ, заңды кеңес беру де шетел фирмаларының қолында-«Бейкер и Мак-Кензер», “Уаит и Кейс” және т.б, аудит және бухгалтерлiк консультация –«Прайс уотерхаус», «Артур Адндерсон» және т.б.
-
Инвестициялар бойынша комитеттiң аймақтық бөлiмшемелерi мен шетелдiк өкiлдiктерiн құру. Инвестициялар бойынша комитеттiң аймақтық (облыстық) бөлiмшелерiн ең болмағанда инвесторларға өте тартымды облыстарда (мұнай өндеушi, өнеркәсiптiк) құру керек. Оларға келесi аймақтарды жатқызуға болады: Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан (мұнай өндiрушi), Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы қаласы (өнеркәсiптiк).
Қазақстанның шетелдегi елшiлiктерiне инвестициялар бойынша комитеттерге келесi сұрақтар бойынша көмек көрсету мiндетiн қою керек: жарнамалық компаниялар конференция, семинар жүргiзу инвестиция заңы туралы және шетелдердiң мемлекеттiк басқару органдарының шетел инвестициясын тарту бойынша қызметi туралы мәлiмет жинау, мүмкiн инвесторлар iздеу және т.б.
-
Тiкелей инвестицияларды 1999-2000 жж. тарту бағдарламасында инвестициялар бойынша комитеттiң шетелдiң ұқсас агенттiктерiнен ынтымақтастығын инвестициялық ерекшелiктердi және инвестиция тарту бойынша тәжiрибенi бiлу үшiн көбейту керек. Сонымен қатар, инвестициялар бойынша комитет әлемдiк банкпен МВФ МIGА, ПРООN, FIАS, ЮНИДО ТАСИС, WАIPА және басқада халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестiгiн жалғастырмақшы. Мысалы Foreiди Iпvestmeпt Advisory, Service (FIAS)-бұл халықаралық Валюта қорының, әлемдiк банктің және 12 донор-мемлекеттердiң елдерге тiкелей шетел инвестицияларын тарту саласында техникалық көмек көрсету бойынша бiрлескен бағдарлама. Соңғы жылдары бұл ұйым келесi жобаларды жүзеге асырады: шетел инвестицияларын тарту жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдарды бағалау (Мадогаскарда, Малиде, Сенегалда, Латвияда, Мавританияда), шетелдiк меншiкпен кәсiпорын құру кезiнде түрлi рұқсат пен лицензияларды бағалау (Чехия), шетел инвестициялары туралы заңды қайта қарау (Литва) және т.б.
Қытайда FIAS екi қызықты жобаны жүзеге асырады:
-
шетел тiкелей инвестициясын тарту жүйесiн құру бойынша жұмыстың аяқталуы;
-
елдiң инфрақұрылымдағы шетел инвестициясы үшiн заңды және институционалды негiздердi бағалау.
Бiздiң ойымызша, Қазақстан FIAS-тың тiкелей шетел инвестициясын тарту саласында техникалық көмек көрсету бойынша тәжiрибесi мен мүмкiндiгiн кең қолдану керек.
Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартуды мемлекеттік реттеу процесін жетілдіру қажет.
Ол үшін:
-
сыртқы экономикалық қызметтің жетілуін реттейтін жаңа заңдар мен қаулылар қабылдау керек;
-
шетел капиталының көлемдері мен оны қолдану туралы ақпараттың баршаға ашықтығын қамтамасыз ету керек.
“Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігі мен сәйкесінше оң нәтижелерге жету үшін материалды базаны құру қажеттігін атап кету қажет.
Республикада инвестициялық қызмет туралы ақпаратқа маманданатын баспа органы жоқ. Ақпараттың жабықтығы, мәліметсіздік шетел инвесторларына көптеген қиындық тудырады. Көптеген мемлекеттік ведомстволар бұл жағдайды мемлекеттік қауіпсіздік мақсаттарымен түсіндіреді. Ешкім ұлттық құпияларды жоюды ойламайды, мұндағы бастысы экономикалық пайда, салыстырмалы артықшылық пен инвестициялық ресурстарды тиімді бөлу.
Республика үкіметі инвестиция тарту бойынша шаралар қолдануда. Осылайша, 2002 жылға дейін инвестиция тарту үшін өте маңызды өңдеу өнеркәсібінің өндірістерінің тізімі жарияланды. Қазақстан Республикасының “Салықтар мен бюджетке салынатын басқа да міндетті төлемдер туралы ” кодекстің жобасында (салық кодексі) мәміле бойынша салық салудың тұрақтылығына, салық заңдылығын барлық салық пен басқа міндетті төлемдер бойынша өзгеру нәтижесінде шетел инвесторының жағдайының нашарлауы немесе жақсаруы жағдайларына кепіл береді. Жаңа салық кодексі жобасының осы және басқа да баптары республикаға шетел инвестициясын тарту үшін ынталандырушы факторлар болып табылады.
Қолайлы инвестициялық жағдай жасау үшін, отандық және шетелдік инвестициялық белсенділіктің күшеюі үшін ұсынылады:
-
шетел фирмаларымен бірлескен жобаларға көмек беру және оның шығарылуы мен оның жүзеге асуына септігін тигізу;
-
инвестицияларды өңдеу өнеркәсібінің приоритетті салаларына тарту бойынша жұмысты халықаралық қаржылық ұйымдармен сауда-экономикалық ынтымақтастық жобалары мен бағдарламалары және дамыған елдердің үкіметтерінің мақсаты қарыздары шегінде жалғастыру;
-
негізгі капиталға инвестициялауға бағытталған пайда бөлігін салық салудан босату.
Қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру үшін қажет:
а) шаруашылық және инвестициялық қызметтің құқықтық базасының тұрақтылығын, тікелей инвестицияны қолдау және ынталандыру бойынша шаралар жүйесінің ашықтығын қамтамассыз ету;
б) Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларын өңдеу және қабылдау:
-
экономиканың приоритетті секторлары мен өндіріс түрлерінің тізімін кеңейту және нақтылау туралы;
-
тікелей инвестициялар үшін жеңілдіктер мен преференциялар беру тізімі, көлемі және шарттары туралы.
в) салалық инвестициялық информациялық проспектілерді дайындауды қолдау, потенциалды отандық және шетел инвесторларын тарту үшін инвестициялық ақпараттық бюллетень құру, олардың дипломатиялық жолдары бойынша таралуын қамтамассыз ету;
г) өзгеріп жатқан жағдайға байланысты “Шетел инвестициялары туралы”, ”Банктер туралы”, “Лицензиялау туралы”, “Сақтандыру туралы” заңдарға қажет өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
д) шетел капиталын қолдану мен оның көлемдері туралы ақпараттың баршаға ашықтығын қамтамассыз ету;
е) жоғары технология аймақтарын құруға кірісу.
Әрине, Қазақстан үкiметi үнемi әкiмшiлiк жүйенi, оның халық мүддесi үшiн дұрыс қызмет ету құқық қабiлеттiгiн жетiлдiру бойынша шаралар қолданады. Бiрақ, бiздiң ойымызша, Қазақстан үшiн ең негiзгi және бiрiншi орында шетел инвесторлары үшiн тартымды заң жүйесiн құру болып отыр.
Бұл үшiн бiрнеше шараларды жүзеге асыру керек. Қазiр Қазақстанның инвестициялық саясатында екi заң бар: 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы «шетел инвестициялары туралы» заң және 1997 жылдың. 28 ақпанындағы “тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қодау туралы” заң. Бiз екi жеке заңдардың орнына республикаға шетелдiк инвестицияларды тарту туралы ортақ заң шығару керек деп ойлаймыз.
Республикадағы визалық тәртiп те одан әрi жетiлдiру мен ойлатуды талап етедi.
Тiкелей инвестицияларды 1999-2000 жылдары тарту бағдарламасында айтылған шетелдiк фирмалар, компаниялар өкiлдiктердiң басшылары мен басқарушы топқа берiлетiн инвесторлық визаны енгiзу туралы ұсынысты қолдау ақталады (басқару мүшелерi және директорлар кеңесiнiң мүшелерi, бас менеджерлер). Тартуы үшiн Қазақстан Республикасының сәйкес лицензия керек шетелдiк жұмыс күшiнiң өкiлдерi инвесторлық визаны алуға кандидат ретiнде қарастырылмады. Бұл визаны алудың негiзгi шарттарының бiрi инвестициялар бойынша комитеттiң негiзгi капиталға салған инвестицияларын дәлелдеуi бола алады. Инвестициялар бойынша комитетпен мәмiлеге отырмаған шетелдiк компаниялар, бiрлескен кәсiпорындар және жеке кәсiпкерлер салынған инвестициялар туралы жазбаша дәлелдейтiн куәлiктi көрсету керек. Инвесторлық визаның иелерi паспорттық және кедендiк бақылауды өтудiң оңайлатылған тәртiбiне құқығы болады. Шетел капитал кезіне көз тігу Қазақстан үшін стратегиялық және ағымдағы мәселелерді шешу қажеттілігімен байланысты. Қазіргі экономикалық жағдайда шетел инвестицияларын тарту мәселесі өте өткір болып отыр: экономикалық өзгерістерді тереңдету, инвестициялық ресурстарды қысқарту, қаржыландырудың шетел көздеріне көз тігу.
Шетел әріптестерімен ынтымақтастық басқару, маркетинг, кадрларды дайындау, шетел тәжірибесін меңгеру көзқарасы оң әсер береді. Шетел капиталы қосымша және материалды және ақшалай қаражаттар берумен қатар сонымен бірге елдегі нарықтық қатынастарды дамытудың байсалды катализатор болуы мүмкін.
Шетел капиталын тарту, біріккен кәсіпкерліктің ары қарай дамуы монополизіммен күресуде елеулі маңызы бар. Бұл процестің маңызды сипаты шетел капиталының қатысуымен кәсіпорындарды құру жолымен, елде монополияның қалыптасқан диктатына қарсы тұра алатын, бәсекег е түсе алатын құрылымдарды қалыптастыру.
Инвестициялық климатты жақсартудың негізгі шаралары ретінде шетел инвесторлары келісімдерді орындау, заңдарды орындауды бақылау, бюрократиялық препондарды жою, салық салу ауыртпалығын жеңілдету міндеттемесін қабылдауды ұсынды. Ал инвестициялаудың оң факторы ретінде республикадағы саяси тұрақтылық, ірі нарықтық потенциял, минералды және табиғи ресурстардың байлығы, жақсы оқытылған және білімді жұмыс күшінің арзандығы болып табылады. Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы жоқ, шетелдік капиталға тән және майда кәсіпкерліктің дамуы маңызды (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрмыстық тахника шығару, ауыл шаруашылық техника, ағаш өңдеу, минералдық тыңайтқыштар және өсімдікті қорғау құралдары) Соңғы кездері шетел кәсіпорындар 100% шетелдік капиталмен темекі, маргарин, кондитер бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың республика көлемінде көбеюі кездейсоқтық емес. Шетелдік инвесторлар қазақстандағы шағын бизнеске қолдау көрсетеді, ішінде ЕБРР, бүкіләлемдік банк, ПРООН, Ситибанк сияқтылар жеке кәсіпкерлерді қаржыландырады. Инвестицияларды таңдау мен тартуда тек қана халықаралық қаржылық ұйымдарға ғана емес, бірақ ең алдымен Қазақстандағы белгіленген өзгертулерді қолдауды жүзеге асыра алатын өнеркәсібі дамыған елдердің үкіметтік құрылымдарына бағыттау лазым.
Осыдан шыға келе интеграциялық процесті мемлекеттік реттеу белгілі талаптарға және шарттарға жауап беруі қажет, шаруашылық субъектілердің белгіленген ағымды және перспективті жоспардағы капиталдың тұрақты кему көлеміне негізін сала алады.
Инвестицияны тарту процесті тұрақтандыру мен жеделдету талаптарының ең бастылары мынадан тұжырымдалады:
-
заңдардың тұрақтылығы қаржылық салықтың кедендік реттеудің нормативті-құқықтық негізін құру;
-
салықтық жинақтарды, тарифтерді және бекітілген жеңілдіктерді рационализациялау;
-
Қазақстанның өндіргіш күштерінің даму артықшылықты мақсатына жетуді қамтамасыз ететін салалық және территориялдық қатынаста ийілгіш қаржылық реттеудің болуы;
-
мәселелерді шешуде органдардың компетенциясының жоғары деңгейінде, ол шетел инвестициясындағы әр түрлі министерство және ведомство жағынан инвестициялық процесті реттеу шараларындағы қосарланушылықты жою.
Қорытынды
Әлемдік шаруашылық қызмет интеграциясының қазіргі деңгейінде шетел инвестициялары өсімінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсімінің қарқынынан асып түседі. Шетелдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инветицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады.
Қазiргi көзқарастарға сәйкес шетел инвестицияларының келуi шектелген инвестициялық потенциалы бар, қарыз капиталының әлемдiк нарығына еркiн кiру мүмкiндiгi жоқ елдерге өте қолайлы әсер етедi.
Қазіргі кезде ел макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы тұрақталуына жеткен кезде экономикалық өсімге жету бойынша шараларды жүзеге асыру маңызды міндет болып отыр. Экономикалық өсім концепциясы шетел капиталын кең тартуды болжайды. Капиталды жинау мен инвестициялаудағы екпін шетел инвестициясын тартуды қоса алғанда бірнеше проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте бұл экономикалық өсім факторы, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттілігі көтеріледі.
Республикаға шетел инвестицияларының тартудың перспективалы формалары келесідей: портфельді инвестициялар (акция сатып алу); бірлескен кәсіпорындарды құруға кететін инвестициялар; кәсіпорынды басқаруға алған фирмалардың инвестициялары; кәсіпорындарды өздері иеленуге алған компаниялардың инвестициялары. Шетелден капитал қазіргі уақытта негізінде екі канал арқылы тартылады: үкіметтік кепілдік берілетін халықаралық несие және тікелей инвестициялар.
Қазақстан экономикасына инвестициялау көлемi бойынша басты орында АҚШ тұр, одан кейiн Ұлыбритания, Швейцария және Нидерланды. Салалық бөлiну бойынша осы инвестициялардың көп бөлiгi бұрынғыдай мұнай-газ комплексiне, және түстi металлургияға салынады. Шетел инвесторларының қызығушылығын қара металлургия, энергетикалық кешен, тамақ өнеркәсiбi, байланыс және кен қазу өнеркәсiбi тартады.
Шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану тиімділігі көбінесе елдегі инвестициялық климаттық жағдайына тәуелді болады. Қазақстанның Азиялық аймақтағы стратегиялық орны, бай кен орындары, үлкен ауыл шаруашылық потенциялы сонымен қатар еңбек ресурстарының жоғары білім деңгейі инвестициалық климоттың ерекшкліктеріне жатады
Қазақстанда инвестициялық климат жалпы алғанда қолайлы, бірақ ары қарай шетел капиталының құйылуы үшін күрделі кедергілер мыналар болуы мүмкін:
-
бюрократиялық бөгет;
-
қаржылық тәуекел;
-
Қазақстанның салық және қаржылық режимдеріндегі жетіспеушілік;
-
құқықтық инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;
-
валюталық бақылау.
Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартуды мемлекеттік реттеу процессін жетілдіру қажет.
Ол үшін:
-
сыртқы экономикалық қызметтің жетілуін реттейтін жаңа заңдар мен қаулылар қабылдау керек;
-
шетел капиталының көлемдері мен оны қолдану туралы ақпараттың баршаға ашықтығын қамтамасыз ету керек.
Қолайлы инвестициялық жағдай жасау үшін, отандық және шетелдік инвестициялық белсенділіктің күшеюі үшін ұсынылады:
-
шетел фирмаларымен бірлескен жобаларға көмек беру және оның шығарылуы мен жүзеге асуына септігін тигізу;
-
инвестицияларды өңдеу өнеркәсібінің приоритетті салаларына тарту бойынша жұмысты халықаралық қаржылық ұйымдармен сауда-экономикалық ынтымақтастық жобалары мен бағдарламалары және дамыған елдердің үкіметтерінің мақсаты қарыздары шегінде жалғастыру;
-
негізгі капиталға инвестициялауға бағытталған пайда бөлігін салық салудан босату.
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi:
-
Закон Республики Казахстан от 24 декабря 1996 года №54-1 "О валютном регулировании".
-
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң « Ш е т е л и н в е с т и ц и я с ы т у р а л ы » З а ң ы , 1 9 9 4 ж, 2 7 ж е л т о қ с а н.
-
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң « Тi к е л е й и н в е с т и ц и я л а р д ы м е м л е к е т т i к қ о л д ау т у р а л ы » з а ңы, 1 9 9 7 ж,
-
Киреев А. Международная экономика. - М.: МО.- ч.1,2. - М., 1999 г., С. 230.
-
Мамыров Н.К., Мадиярова Д.М., Калдыбаева А.Е. Халыкаралық экономикалық қатынастар - Алматы.: Экономика, 1997 ж., С. 96.
-
«Стратегия торговой политики Республики Казахстан в процессе присоединения к Всемирной торговой организации», // Азия – Экономика и жизнь, 2006 г., 20.02., С. 7.
-
Ташенова С. Совместное предпринимательство // Внешнеэкономическая
деятельность в Казахстане 2003 г. № 10, С 23.
-
Управление инвестициями. В 2 т. Под общей редакцией В.В. Шеремета.-М., 1998 г.,Т.1, С.177
-
«Япония – лицом к лицу к интернационализации», // Международные экономические отношения, 2003 г., №11, С.12.
Достарыңызбен бөлісу: |