1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары



Pdf көрінісі
бет5/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
философия сессия

 6.Жаһандану ұғымы 
Жаһандану, немесе Глобализация-жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, 
мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми 
айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор 
Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың 
ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, 
Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық 
индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, 
“ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 
Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу 
логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. 
ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып 
келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық 
құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын 
күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген 
құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік 
шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі 
деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының 
өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де 
Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. 
Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-
қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму 
деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы 
елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы 
елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен 
салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. 
Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - 
экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын 
талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және 
дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. 
Физик-теоретик және футуролог Митио Каку өзінің "Болашақ физикасы" 
атты кітабында былай деп жазды: 
«Сауалнама жүргізсе, әлдекім жаһандану үрдісінің жүріп жатқанын еміс-еміс 
түсінетіні анықталады, бірақ оған қарамастан Жер өркениетінің белгілі бір 
мақсатқа жылжып жатқаны туралы анық көрініс жоқ.» 
Митио Какудың ойынша, экономиканың орташа даму жылдамдығымен 
алдағы 100 жылда Жер өркениеті "планетарлық өркениет" мәртебесіне 
жетпек. Мұндай жағдайда Жердегі энергия тұтыну мөлшері 
ғаламшарымыздың Күннен алатын энергиясына теңеседі (шамамен 10^17 
Вт). 
Планетарлы экономиканың құрылуы (Евроодақ және басқа да сауда 
блоктары), ортақ ғаламдық мәдениет, ғаламдық жаңалықтар, халықаралық 


туризм, аурулар мен табиғи апаттарға қарсы халықаралық күштер салу да 
Митио Какудың пікірінше жаңа планетарлы өркениеттің пайда болуына белгі 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет