Элей Мектебі – б.з.б. 6–5 ғ-ларда Ежелгі Грекияда болған философиялық
мектеп. Оңт. Италиядағы грек колониясы – Элей қ-ның атымен аталған.
Өйткені мұнда Э. м-нің ірі өкілдері тұрды. Ілім негізін қалаған Колофондық
Ксенофан, ал басты өкілдері элейлік Парменид пен Зенон және Мелисс
Самосский болды. Э. м. тұңғыш рет ойлауды (санадағы болмысты) сезімдік
қабылдауға (сезімдік қабылдау болмысына) қарсы қойды. Ол адам түйсігінің
және сезімдік болмысының тұрақсыз, аумалы-төкпелілігін ескере отырып,
танымдағы басты рөлді ойлау процесіне береді. Э. м. философия тарихында
тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды ұсынып, оны филос.
ойдың негізіне айналдырды. Э. м. біртұтас болмысты шындықтың әрбір ұсақ
элементінде болатын үздіксіздікті өзгермейтін, бөлінбейтін нәрсе деп түсінді.
Кейіннен бір тұтас өзгермейтін болмыс ұғымы Платон мен неоплатонизм
философиясының қайнар көзіне айналды.
5.Р.Декарттың рационалдық философиясы:дедуктивтік әдістемесі
Француз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) — Жаңа дәуір
философиясына өз үлесін қосып, негізін қалаған ірі тұлға. Уақытында өз
заманының жақсы оқу орындарында оқып білім алған. Егер біз оны
Ф.Бэконмен салыстырсақ, ол — бүкіл өмірін ғылым жолына арнаған тұлға.
Негізгі еңбектері: «Диоптрика» күн сәулесін зерттеуге арналған,
«Метеорлар» метеорологиялық мәселелерге арналған, «Геометрия»,
«Философияның бастаулары», «Әдістемелер жөніндегі ойлар» т. с.с.
Р.Декарт Құдай идеясына келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай
ғана дене мен ойдың үйлесімді қарым-қатынасын тудыра алады.
Бірақ Р.Декарт өзінің космогониялық (ғарыштың дүниеге келуі жөніндегі )
болжамында Құдайдың рөлін тек қана материяны жаратып, оны алғаш рет
қозғап жіберуімен шектейді. Әрі қарай Дүние өзінің табиғи
заңдылықтарының негізінде қалыптаса бастайды. Құйын сияқты қозғалған
материалдық бөлшектер қыза келе жұлдыздарға, күнге айналады.
Негізінен алғанда, Р.Декарттың әдістемесі — ол интеллектуалдық интуиция
арқылы алынған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, басқа ұғымдарды,
тұжырымдарды тудыру Егер интуицияда ақиқат тікелей ашық берілсе, онда
дедукцияның дәнекерлігі арқылы ақиқатқа күрделі жол арқылы жетуге
болады. Осы күрделі жолда бір ұғым байқалмай түсіп қалса, онда нәтижеге
жету мүмкін болмай қалады. Сондықтан бүкіл дедукция жолын ұқыпты
есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивті әдістеме арқылы әртүрлі
нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан Р.Декарт оны жасанды тәжірибе
қойып, (эксперимент) тексеріп отыру қажет деген пікір айтады.
|