1-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қайнар көздері


Жеке қылмыстық қудалау және айыптау



бет21/22
Дата08.12.2022
өлшемі96.89 Kb.
#466788
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
РУБЕЖКА ОТВЕТ ЮР-31

Жеке қылмыстық қудалау және айыптау – көбінесе осы істер бойынша іс жүргізу жәбірленушінің шағымы бойынша басталады. Оның белгілері:
1)жеке айыпталушымен жүзеге асырылады. ҚПК-нің 72-бабына сәйкес, жеке айыптаушы – бұл жеке айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауы қолдайтын тұлға, сондай ақ жариялы, жекеше – жариялы айыптау істері бойынша мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, сотта айыптауды жеке өзі қолдайтын жәбірленуші жекеше айыптаушы болып табылады. Жекеше айыптаушы жәбірленушінің барлық құқықтарын пайдаланады.
2) осындай іске сотқа дейінгі тергеп тексеру тән емес;
3)жекеше айыптау ісі жәбірленушінің сотқа арыз беруімен қозғалады;
4)іс айыпталушы мен сотталушының татуласуына орай тоқтатылуға жатады;
Жекеше-жариялы қудалау және айыптау – бұл қылмыстық істер жәбірленушінің шағымы бойынша басталып, айыпталушы мен сотталушының татуласуына орай тоқтатылады.ҚР ҚК 68-бабында көзделгендей, қылмыстық құқық бұзушылық немесе өлімге әкеп соқтырған орташа ауырлықта қылмыстық теріс қылық жасалынып, айыпталушы мен сотталушы медиация тәртібімен татуласып, келтіріліген зиян орны толтырылса, іс қысқартылады.
Жекеше-жариялы қудалау және айыптау – бұл жеке және жариялы қылмыстық қудалау белгілерін бір мезгілде қамтитын, тұлғаны қылмыстық құқық бұзушылық жасауда әшкерелеуге бағытталған айыптау жағының процессуалдық қызметі. Ерекшеліктері:

  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ,жәбірленушінің шағымы болмаған жағдайда прокурордың бастамасымен жүргізілуі мүмкін;

  • Жәбірленушінің қылмыстық қудалауды жүзеге асыруғақатысуы міндетті емес;

  • Жәбірелнушінің арызы сотқа емес, қылмыстық қудалау органдарына жіберіледі;

  • Татуласу қылмыстық қудалауды тоқтатуды негізі бола алмайды.

ҚР ҚПК-нің 32 б. 4 –бөлігіне сәйкес, прокурор жекеше және жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша және іс-әрекет дәрменсіз немесе тәуелді күйдегі не басқа да себептермен өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғаса, жәбірленушінің шағымы болмаған кезде не қоғамның немесе мемлекеттің мүдделері қозғалатын жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша іс жүргізуді бастайды не жалғастырады.
Жариялы қылмыстық қудалау – қылмыс жасаған тұлғаны анықтаудың ҚР заңына сүйеніп жасалған түірінң бірі. Ерекшеліктері:
1)тек қана мемлекет атынан жүзеге асырылады;
2) қылмыстық қудалаудың бұл түрін мына органдар жүзеге асырады: прокурор, анықтаушы, тергеу органдары, тергеуші.
3)қылмыс бойынша істі бастау жәбірленушінің қалауына байланысты болып табылмайды;
4)қылмыс бойынша істің басталуы қандай да органдар мен лауазымды тұлғаларға байланыссыз;
5) істің міндетті түрде қылмыстық процесс қадамдарынан өтуі;
6)қылмыстық қудалау бойынша тараптардың татуласуы істің міндетті қысқартылуына әкелмейді.
ҚР ҚПК нің 34 бабында қылмыстық қудалаудың жалпы шарттары белгіленген. Олар:

  1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін тапқан әрбір жағдайда өз құзыреті шегінде көзделген шаралардың бірін қолдануы тиіс:

  • Қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын белгілеу;

  • Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және оларды жазалау;

  • Сол сияқты кінәсіз адамды ақтау үшін шаралар қолдануға міндетті;

  1. Қылмыстық қудалау органы жәбірленушінің әділ сотқа шағымдануына және қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толтыру туралы шешім қабылдайтын шаралар қолдану туралы шағымдануға мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек;

  2. Қылмыстық қудалау органы жәбірленушінің сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету және қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеткізу үшін шаралар қолдануға міндетті;

  3. ҚР ҚК 407 бабында көзделгендей, Қылмыстық қудалау органы қылмыстық процестегі өзінің өкілеттіктерін қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсіз және осы кодекстің талаптарына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырылады;

  4. Қылмыстық іс бойынша объективті тергеп- тексеру жүргізуге кедергі келтіру мақсатында Қылмыстық қудалау органына қандаай да бір нысанда ықпал ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады;

  5. Қылмыстық қудалау органының заңға сәйкес қойған талаптары барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үін міндетті және олар белгіленген мерзімде, бірақ 3 тәуліктен кешіктірмей орындалуға тиіс;

  6. Күдіктіні ұстап алу, күзетпен ұстау туралы шешім қабылдау қажет болған жағдайда, Қылмыстық қудалау органының талабы 24 сағат ішінде орындалуға тиіс. Көрсетілген талаптарды дәлелді себептерсіз орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

ҚР ҚПК 35 бабы 12 негізді бекітеді, олардың бірі орын алған жағдайда Қылмыстық iс тоқтатылады:
1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан;
2) іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан;
3) егер рақымшылық жасау актiсi жасалған іс-әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, соның салдарынан;
4) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
6) егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын, іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда;
7) егер адамға қатысты соттың нақ осы айыптау бойынша заңды күшiне енген үкiмi не соттың қылмыстық қудалаудың мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн, күшi жойылмаған қаулысы бар болса;
8) егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулысы бар болса;
9) iс бойынша іс жүргізу өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық заң тыйым салатын іс-әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған адамға қатысты болса;
10) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеп-тексеру, сондай-ақ заңсыз жолмен табылған мүлікті, тәркіленуге жататын, келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ететін ақша қаражатын және өзге де құндылықтарды анықтау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;
12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жатады.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән жайларды қарастырады.
1)Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткені, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
2)Қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан туындаған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен шыққан адам iстiң мән-жайлары ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
3)Процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
4)Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет