1-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қайнар көздері



бет20/22
Дата08.12.2022
өлшемі96.89 Kb.
#466788
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
РУБЕЖКА ОТВЕТ ЮР-31

21-сұрақ.Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.
2. Қылмыстық iс бойынша берілген азаматтық талап қоюды дәлелдеу осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.
Егер азаматтық талап қоюға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген болса, онда азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Егер, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық талап қоймаса немесе оны қойғаннан кейін кері қайтарып алса немесе оны сот қараусыз қалдырса, олар оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Талапкердің азаматтық талап қоюды кері қайтарып алу туралы немесе оны қараусыз қалдыру туралы арызын сот осы Кодекске және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес шешеді.
4. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық талап қою бойынша шешім қылмыстық сот ісін жүргізу барысында нақ осы талапты нақ осы адамдарға нақ осы негіздер бойынша қою үшін кедергі келтіретін негіз болып табылады.
22-сұрақ.Қылмыстық қудалау түсінігі және түрлері
ҚР ҚПК- нің 7 – бабы, 2 – тармағына сәйкес қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында құқық бұзушылықтар белгілерін тапқан әрбір жағдайда өз құзіреті шегінде құқық бұзушылық оқиғасын белгілеу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі адамды әшкерелеу, оларды жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, сол сияқты кінәсіз адамды ақтау үшін шаралар қолданылады.
Қылмыстық қудалау белгілеріне мыналар жатады:

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше – жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет