1. статистика пәні және оның міндеттері


кезеңінде жиналған мәліметтерді өңдейді, топтайды, белгілі бір жүйеге  келтіреді. Статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата28.01.2024
өлшемі325.02 Kb.
#490070
1   2   3   4   5   6   7
1 лекция

кезеңінде жиналған мәліметтерді өңдейді, топтайды, белгілі бір жүйеге 
келтіреді. Статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде жинақталып, бір жүйеге 
келтірілген мәліметтер талданады, құбылыстардың заңдылықтары анықталады, 
қорытынды жасалады. 
Статистикалық әдістерді статистикалық зерттеу жұмыстарының әр түрлі 
кезеңдеріне бейімдеп қолдануға болады, сол себепті ол әдістерді үш топқа 
біріктіруге болады: 

жалпылама бақылау әдісі; 

топтастыру әдісі; 

қорытындылаушы көрсеткіштер әдістері 
Аталған әдістердің нақты қайсысын қолдану керектігі зерттеу жұмысының 
мақсатына, алғашқы мәліметтерге тікелей байланысты болады. 
Жалпылама бақылау әдісі жиналған алғашқы мәліметтердің жалпыға 


бірдейлігін, толықтығын, репрезентативті (өкілді) болуын қамтамасыз етуі 
қажет. 
Топтастыру әдісі зерттелетін жиынтықтағы әлеуметтік-экономикалық 
типтерді анықтауға, жеке фактіден топты сипаттайтын мәліметтерге көшуге 
мүмкіндік береді. 
Қорытындылаушы көрсеткіштер әдісі әр түрлі параметрлерді, 
зерттелетін құбылыстың заңдылықтарын анықтау үшін қолданылады. Мұндай 
әдістерге абсолютті, қатысты, орташа шамалар әдістері, таратпалы қатарларды 
талдау әдістері, динамикалық қатарларды зерттеу әдістері, индекс әдісі, 
құбылыстар арасындағы байланысты өлшеу әдістері жатады. 
Статистикалық мәліметтерді зерттегенде кестелер мен графиктер 
әдістері кеңінен қолданылады. 
Статистикалық әдіснама деп статистикалық зерттеу әдістері мен 
арнайы тәсілдердің жиынтығын айтады. Статистикалық зерттеулердің жалпы 
қағидалары жоғарыда айтылған танымның диалектикалық әдісіне негізделеді. 
Статистикалық әдіснаманың ерекшелігін мынадай жағдайлармен 
түсіндіруге болады: 
- статистикалық әдістер зерттелетін құбылысты, үдерісті сандық және 
мазмұндық жағынан толық сипаттауға мүмкіндік береді; 
- статистикалық 
әдістер 
экономикалық 
тұрғыдан 
жасалған 
қорытындыларды дәлелдеуге көмектеседі; 
- статистикалық әдістерді қолдану арқылы қоғамдық құбылыстар 
арасындағы байланысты, олардың бір-біріне тигізетін әсерін анықтауға болады; 
- статистикалық әдістер әлеуметтік-экономикалық 
құбылыстардың 
дамуы туралы болжам жасауға, оларды тексеруге мүмкіндік береді; 
- статистикалық әдістерді қолданып, құбылыстар дамуындағы негізгі 
заңдылықтарды айқындауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет