1. статистика пәні және оның міндеттері



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата28.01.2024
өлшемі325.02 Kb.
#490070
1   2   3   4   5   6   7
1 лекция

мәнділік, ақиқаттық және жалпыға қолайлылық қағидасы деп атайды); 

ресми статистикаға сенімді сақтау мақсатында статистикалық 
ведомстволар ғылыми қағидаларды және кәсіптік этиканы қоса алғанда, дәлме-
дәл кәсіптік пайымдауларға сәйкес, статистикалық деректерді жинау, өңдеу, 
сақтау және ұсынудың әдістері мен рәсімдеріне қатысты шешімдерді қабылдауы 
керек (кәсіби стандарттар және этика қағидасы); 

деректерді дұрыс түсіндіруді жеңілдету үшін 
статистикалық 
ведомстволар ақпаратты статистика саласындағы дереккөздер, әдістер мен 
рәсімдер жөніндегі ғылыми стандарттарға сәйкес ұсынуы керек (есеп берушілік 
және транспаренттілік қағидасы); 

статистикалық деректер дұрыс түсіндірілмеген немесе дұрыс 
қолданылмаған жағдайда статистикалық ведомстволардың түсініктеме беруге 
құқығы бар (дұрыс қолданбаудың болдырмау қағидасы); 

статистикалық мақсаттарға арналған деректер дереккөздердің барлық 
түрлерінен, мейлі ол статистикалық зерттеулер болсын, мейлі әкімшілік есебі 
болсын, жиналуы мүмкін. Статистикалық ведомстволар дереккөзді деректердің 
сапасын, олардың дер уақытында берілуін, шығындарды, респонденттердің 
жүктемелерін есепке ала отырып таңдауы тиіс (ресми статистиканың 
дереккөздер қағидасы); 

статистикалық ақпаратты дайындау үшін статистикалық ведомстволар 
жинайтын жеке деректер, олардың жеке немесе заңды тұлғаларға 
қатыстылығына қарамастан, қатаң құпиялы сипатта болуы және тек 
статистикалық мақсатта қолданылуы керек (құпиялылық қағидасы); 

статистикалық жүйелер жұмыс істейтін ауқымдағы заңдар, нормалар 
және шаралар жариялық сипатта болуы тиіс (заңнама қағидасы); 

статистикалық жүйеде келісімділік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін 
статистикалық ведомстволардың қызметін елдер деңгейінде үйлестіруді жүзеге 
асыру қажет (ұлттық үйлестіру қағидасы); 

әрбір 
елдегі 
статистикалық 
ведомстволардың 
халықаралық 
тұжырымдамаларды, жіктемелерді және әдістерді қолдануы статистикалық 
жүйелердің барлық ресми деңгейлерде келісімділік пен тиімділікті қамтамасыз 
етуіне әсер етеді (халықаралық стандарттарды қолдану қағидасы); 

статистика саласындағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастық 
барлық елдерде ресми статистика жүйелерін жақсартуға ықпал етеді 
(халықаралық ынтымақтастық қағидасы). 
Бұл қағидалар қызметтік этика, ресми статистикалық ақпаратқа деген 
қоғамның сенімі, жиналатын деректердің құпия болуы, статистикалық 
ақпараттың дереккөздері, бірыңғай стандарттарды қолдану және тағы да басқа 
мәселелерді қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет