1. статистика пәні және оның міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата28.01.2024
өлшемі325.02 Kb.
#490070
1   2   3   4   5   6   7
1 лекция

біртекті
 
жиынтық дейді. Әр типті құбылыстардан құрылған жиынтық әр текті 
болады. Бір жиынтық біртекті де, әр текті болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорындар 
өңдейтін шикізаттары бойынша біртекті, ал шығаратын өнімдері бойынша әр 
текті болуы мүмкін. Жиынтықтың құрамы белгілі бір уақыт аралығында 
өзгермейтін болса, ондай жиынтықты тұрақты жиынтық дейді. Құрамы
уақытқа байланысты өзгеретін жиынтық 
динамикалық жиынтық болады. 
Көрсеткіш деп әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің 
қасиеттерінің сандық бағасын айтады. Статистикалық көрсеткіштер көлемдік 


және есептік болуы мүмкін. Көлемдік көрсеткіштер зерттелетін құбылыстың 
көлемін, деңгейін сипаттайды. Есептік көрсеткіштерге қатысты шамаларды
орташа шамаларды, вариация көрсеткіштерін, т.б. әр түрлі есептеулер 
нәтижесінде анықталатын көрсеткіштерді мысал ретінде келтіруге болды. 
Көрсеткіштер жүйесі қоғамдық құбылыстар арасындағы өзара 
байланысты, қоғамның дамуын жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер 
жиынтығы. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі қоғам өмірін барлық жағынан, 
әр түрлі деңгейде қамтиды. 
1.4. Статистика әдістері, олардың ерекшеліктері 
Басқа ғылымдар сияқты статистика ғылымының пәнін оқып үйрену үшін 
оның өзіне тән арнайы әдістері қолданылады. Статистикалық әдістердің жалпы 
негізі болып танымның диалектикалық әдісі саналады. Бұл әдіс қоғамдық 
құбылыстар мен үдерістер өзара байланысты, біріне-бірі тәуелді және үздіксіз 
дамып отырады, ондағы сандық өзгерістер сапалық дәрежеге көтеріледі деп 
қарайды. Диалектикалық әдістің қағидалары әмбебап, оларды ғылымның кез- 
келген саласында, соның ішінде статистикада да нақтылы қолдануға болады. 
Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің даму 
заңдылықтарын айқындайды және өлшейді. Ондай заңдылықтарды ашу 
үшін жеке құбылыстар емес, құбылыстардың барлық жиынтығы ескерілуі қажет. 
Өйткені сан қилы, күрделі және қарама-қайшылықты өмірдегі кейбір 
құбылыстарды ғана қарастырып, қорытынды шығаруға болмайды. Тек 
жалпылама фактілер негізінде ғана қоғамда болып жатқан әлеуметтік- 
экономикалық үдерістердің заңдылықтарын айқындауға болады. Статистикада 
мұны үлкен сандар заңы дейді. 
Қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу үшін жүргізілетін 
статистикалық жұмыстар үш кезеңнен тұрады: 
I. Статистикалық бақылау. 
II. Өңдеу, топтау, бір жүйеге келтіру. 
III. Талдау, қорытындылау. 
Статистикалық зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңінде зерттелетін 
құбылыс туралы мәліметтер ғылыми ұйымдастырылған түрде жиналады, екінші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет