1. статистика пәні және оның міндеттері


  Статистикада қолданылатын негізгі ҧғымдар



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата28.01.2024
өлшемі325.02 Kb.
#490070
1   2   3   4   5   6   7
1 лекция

1.3. 
Статистикада қолданылатын негізгі ҧғымдар 
Статистика пәнін оқып үйрену үшін белгілі бір категориялар, яғни 
ұғымдар қолданылады. Енді сол ұғымдарға тоқталайық. 
Белгі – бақылауға алынатын немесе өлшенентін бірліктердің, 
құбылыстардың 
ерекшеліктері, 
қасиеттері. 
Мысалы 
адамдардың 
демографиялық, әлеуметтік-экономикалық белгілеріне олардың жасы, жынысы, 
мамандығы, білім деңгейі, табысы, т.б. жатады. Белгілердің мынадай түрлері 
болады: 

сандық және сапалық (сипаттамалық); 

негізгі (алғашқы) және көмекші; 

тұрақты және вариациялық (өзгермелі) 
Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде (санмен) беріледі. 
Мысалы, адамның жасы, еңбек өтілі, жалақы мөлшері, т.б. Сандық белгілер 
үздікті (дискретті) және үздіксіз болып бөлінеді. Үздікті сандық белгілер тек 
бүтін санды қабылдайды. Мысалы, пәтердегі бөлме саны, отбасындағы бала 
саны, т.б. Үздіксіз сандық белгілер кез-келген мәнді қабылдайды. Мысалы, еңбек 
өнімділігі, шығымдылық, т.б. 
Сапалық (сипаттамалық) белгі белгілі бір ұғыммен сипатталады. 
Мысалы, білім деңгейі, мамандық, тауар сорты, т.б. 
Негізгі белгілер құбылыстың, үдерістің ең негізгі ерекшелігін көрсетеді. 
Ал көмекші белгілер қосымша деректерді жинау үшін қажет. 
Қабылдайтын мәндеріне байланысты белгілер тұрақты және вариациялық 
болып бөлінеді. Тұрақты белгі деп барлық бірліктер үшін өзгермейтін бір мәнді 
қабылдайтын белгіні айтады. Ал әр түрлі мән қабылдайтын белгіні вариациялық 
(өзгермелі) белгі дейді. Мысалы, адамның жасы, қызметкердің жалақысы, т.б. 
Статистика тек вариациялық белгілерді зерттейді. 
Вариация 
деп белгілердің
әр түрлі мәнді қабылдауын айтады. 
Вариацияның 
төменгі шегін белгі минимумы, ал жоғары шегін
белгі максимумы дейді. Белгінің әр түрлі мәнін сол белгінің варианттары 
деп атайды. Статистикалық жиынтық деп бір немесе бірнеше ортақ белгілері 
бар құбылыстарды, объектілерді айтады. Жиынтықтағы жеке объектілер 
осы жиынтықтың
бірліктері деп аталады. Мысалы
өнеркәсіп саласының кәсіпорындары бір жиынтықты құрайды, ал 
осы жиынтықтағы әр кәсіпорын оның бірлігі болады. Егер жиынтық 
бірліктерінің негізгі белгілері бірдей болса, ондай жиынтықты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет