1. статистика пәні және оның міндеттері


  Қазақстанда статистиканы ҧйымдастыру



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата28.01.2024
өлшемі325.02 Kb.
#490070
1   2   3   4   5   6   7
1 лекция

1.5. 
Қазақстанда статистиканы ҧйымдастыру 
Қазақстан статистикасының тамыры ерте заманға етеді. Бірінші Қазақ 
мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы статистикалық мәліметтерді растайтын 
тарихи деректер бар. Бұл деректер бойынша Қазақ Хандығы құрылған кезде 
(1459 ж.) Шу және Талас өзендерінің бойында 200 мың адам, ал XV ғасырдың 
соңында 1 млн. адам тұрғаны мәлім. 
Бірақ бүгінгі Қазақстанның аумағында азды-көпті болса да жүйелі және 
орталықтандырылған статистикалық қызмет тек XVIII ғасырдың екінші 
жартысында пайда болды. 1868 жылы алғашқы мемлекеттік статистикалық 
орган – Түркістан губерниялық статистикалық комитеті құрылды. 1920 жылға 
дейін Қазақстанда жергілікті статистикалық ұйымдар жұмыс істегенімен, 
бірыңғай статистикалық орган болмады. Мұндай орган 1920 жылы Қазақ 
Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланғаннан кейін 
құрылды және Қазақ АКСР статистика басқармасы деп аталды. Содан бері 
статистикалық ұйымдар жүйесінде бірнеше өзгерістер болды. 
Қазақстан Республикасының 2010 жылы қабылданған «Мемлекеттік 
статистика туралы» заңының 4-бабына сәйкес төменде көрсетілген органдар 


мемлекеттік статистикалық органдар болып танылады: 

уәкілетті орган; 

статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық 
байқаулар жүргізетін және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын 
мемлекеттік органдар; 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. 
Қазіргі кезде Қазақстандағы ең жоғарғы мемлекеттік статистикалық орган 
болып Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі саналады. 
Бұл орган статистика бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырады және 
оны іске асырады. 
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мынадай 
қызметтерді атқарады: 
 
мемлекеттік басқару ұйымдары мен шаруашылық субъектілерін 
статистикалық мәліметтермен қамтамасыз етеді; 
 
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетілдіру 
жөніндегі бағдарламаны дайындайды және оны іске асырады; 
 
елдегі және оның аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай 
туралы ақпараттық-статистикалық мәліметтер базасын қамтамасыз етеді; 
 
әлеуметтік-экономикалық, демографиялық үдерістерді бейнелейтін 
мемлекеттік және салалық статистикалық есеп беру көрсеткіштерінің ең аз 
құрамын анықтайды; 
 
халық санағын жүргізеді; 
 
халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу, басқа да арнайы ұйымдастырылған 
бақылаулар үшін бақылау бағдарламасын жасайды; 
 
келісім шарттарда көрсетілген міндеттемелерге сәйкес халықаралық 
ұйымдарды статистикалық ақпараттармен қамтамасыз етеді
 
статистикалық жинақтарды, бюллетендерді, экономикалық шолуларды, 
басқа да статистикалық материалдарды басып шығарады және таратады; 
 
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және коммерциялық 
құпиялардың сақталуын, бастапқы статистикалық ақпараттардың жасырын 
болуын қамтамасыз етеді. 
Еліміздегі мемлекеттік статистикалық органдардың құрылымы 2- 
қосымшада көрсетілген. 
Қазіргі кезде статистикалық жұмыстарды ұйымдастыру 1994 жылы БҰҰ-
ның Статистикалық комиссиясының 8-сессиясында қабылданған ресми 
статистиканың мынадай 10 қағидасына негізделеді: 

ресми статистика үкіметті, экономикалық топтарды, көпшілікті 
экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және экологиялық жағдай туралы 
деректермен қамтамасыз ететін демократиялық қоғамның ақпараттық жүйесінің 
қажетті элементі болып табылады. Осы мақсатпен мемлекеттік статистикалық 
ведомстволар азаматтардың қоғамдық ақпаратты алу құқықтарын құрметтеуді 
қамтамасыз ету үшін тәжірибелік құндылығы бар ресми статистикалық 
деректерді объективті негізде дайындайды және таратады ( бұл қағиданы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет