1 Тақырыбы: Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі



бет4/19
Дата13.03.2023
өлшемі127.01 Kb.
#470713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
лекция базалық спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшеліктері

Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.
Ойын барысында орындалатын бұрылыстар
Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Допты ойынға қосу
Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.
Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.
Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.
Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, осындай әдістермен доп ойынға қосылады.
Допты беру және қабылдау.
Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады.
Қорғаныс әдістері
Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау – жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады.




Волейболда допты берудің тәсілдері
Волейбол ойынының ереже – талабы мынадай айла – тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір – біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою. Волейболдағы орын ауыстыру тәсілдерін тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен, секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды.
Волейболда допты берудің екі тәсілі болады.
Допты жоғарыдан беру.
Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.
Допты төменнен беру.
Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.








7 Тақырып: Мектептегі білім беру саласындағы гимнастикасы


1.Мектепдегі гимнастиканың мақсаттары, құрал-жабдықтары және әдістемелік ерешеліктері.


2.Бастауыш (1-4), орта (5-9), жоғары (10-11) сыныптарға гимнастикадан бағдарламалар мазмұны


Гимнастика – қимыл қозғалыс жаттығуы. Бұл – жас жеткіншектердің қимылдық қозғалысқа түсуі мен дене бітімін дұрыс қалыптастыруда, ептілікке маңызы мен пайдасы зор. Сондықтан аталмыш жұмыстың мектеп оқушыларын спорттық жұмыстарға тартуда алар орны ерекше екеніжұмыста толыққанды баяндалады.
Мектеп оқушыларына гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастырудың жолдары, әдістемесі
Қазіргі кезде орта және жоғары білім мамандарына оқытушы кадрларын дайындаудың деңгейін жақсарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жаңа бір деңгейге көтеріп, өзіндік еңбек өміріне баулу сияқты талаптар, міндеттер қойылып отыр.
Педагогикалық кадрларының шығармашылық еңбек жұмысын арттыруға, психофизикалық ауытқусыз қызмет жасауға, педагогтардың әлеуметтік белсенділігін кеңейтуге аса үлкен үлесін, пайдасын дене тәрбиесі арқылы алуға болады.
Болашақ ұстазға дене мәдениет оның профессионалды бағытына ұйымдастырушылық- педагогикалық, психология-педагогикалық комплексінде тұлғасына әсер етеді. Оның нәтижесінде тұлғасына мына бір жағдайлар қамтамасыз етеді.

  • Біріншіден, тұлғаның дене мәдениетін, әлеуметтік жағдайын, психофизикалық өзіндік тәрбиесін қалыптастыру арқылы оның педагогикалық қызметінің сәтті өтуіне, салауатты өмір салтын ұйымдастыруға, ой еңбегі мәдениетін жақсартуға болады.

  • Екіншіден, оқушылармен дене тәрбиесі және спорт тәрбиесіне компонентті түрде қолданып, баулу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қызықты демалысына, күнделікті түрде дене тәрбиесімен шұғылдануына әсер етуге болады.

Мектептің барлық педагогикалық ұжымы оқушылардың дене мәдениетіне мән береді. Ұстаздардың бірлесіп, келісіммен жұмыс істеу арқылы оқушылардың денсаулығын ныңғайтуға, физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, ой және дене еңбегін артттыруға, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуге болады.
Дене тәрбиесінің көптеген қырларын, сондай-ақ профессионалды- педагогикалық білімді жетік меңгерген әр ұстаздың шығармашылық және танымдық белсенділігі артады.Ең бастысы, ғылыми профессионалды деңгейінің дайындығы жоғары түрде дамып, оқытушы кадрлардың профессионалды еңбегінің тұрақты болуына, әрі өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауға, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлуге әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет