ҚР АК 259 бабында меншік құқығын тануды талап ету меншік құқығын қорғаудың дербес заттық-құқықтық əдісі ретінде бекітілген. Егер үшінші тұлға осы тұлғаның белгілі бір мүлікке қатысты меншік құқығын даулайтын болса, онда осы талап-арыз қойылады. Бұл ретте, оны қайтару немесе иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау талап етілмейді. Меншік құқығын үшінші тұлға даулап, танымай немесе теріске шығарып жатқан тұлға талап қоюшы бола алады. Мұндай мəртебені титулді иеленуші де ала алады. Мыса- лы, аталған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы жауапкер тарапы-
нан танылмай жатқан тұлға.
Талап-арыздың пəні – аталған мүлікке деген меншік құқығының талап қоюшыға тиесілігі фактісін бекіту талабы болып табылады. Та- лап қоюшы мүлікке деген өздерінің құқықтарының дəлелдемелерін келтіруі тиіс.
10тақырып. Шаруашылық жүргізу жəне оралымды басқару құқығы. Ортақ меншік
Шаруашылық жүргізу жəне оралымды басқару құқығы.
Меншiк иесi болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқық- тарына келесілерді жатқызуға болады:
Шаруашылық жүргiзу құқығы; Оралымды басқару құқығы;
Жер қойнауын пайдалану құқығы; Жер пайдалану құқығы;
Кепіл;
Сенімгерлікпен басқару құқығы; Сервитут;
Басқалары.
Жер қойнауын пайдалану құқығы – «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлықта белгіленген ережелер- ге сəйкес жер қойнауын пайдаланушыға берiлген шарттық аумақ шегiндегi жер қойнауына иелiк ету жəне оны пайдалану құқығы.
Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі жəне (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену жəне пайдалану құқығы.
Сенімгерлікпен басқару құқығы – бұл ретте, сенiмгер бас- қарушы, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына жəне билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
Сервитут – тұлғаның мүлікті шектеулі мақсатта пайдалану құқы- ғы болып табылады. Жерге жекеменшіктің бекітілуіне орай, жер сер- витуттары кеңінен таралған түрге айналды. Сервитуттарды заңға не- месе шартқа орай бекітуге болады, сондай-ақ біржақты мəмілелерден
(өсиет) бастау алуы немесе оны жүзеге асырудың көнелілігіне орай туындауы мүмкін. Сервитут өзге тұлғаларға қамтамасыз ететін құқы- ғымен бірге ауысуы мүмкін.
Мiндеттемеге сəйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) бо- рышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған рет- те кепiлге салынған мүлiк құнынан осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай əдiсi кепiл деп танылады.
Шаруашылық жүргiзу құқығын нақтырақ қарастырып көрелік. Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған жəне бұл мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқықтарын Азаматтық Кодекспен жəне өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кəсiпорынның заттық құқығы болып табылады.
Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк бола алады.
Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттiк кəсiпорынға бекiту тура- лы меншiк иесi шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кəсiпорында мүлiктi кəсiпорынның дербес балансына бекiткен кезде пайда болады.
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кəсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығын алуға арналған заңдарда белгiленген тəртiп бойынша кəсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi.
Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тəртiп бойынша, сондай- ақ меншiк иесiнiң шешiмiмен кəсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады.
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сəйкес кəсiпорын құру, оның қызметiнiң мəнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта құру мен тарату мəселелерiн шешедi, кəсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншiк иесi өзi құрған кəсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.
Мемлекеттiк кəсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру ережелерi:
Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыра- тын мемлекеттiк кəсiпорынның, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе меншiк иесiнiң немесе ол уəкiлдiк берген мемлекеттiк органның жазбаша келiсiмiнсiз:
өзiне тиесiлi үйлердi, құрылыстарды, жабдықты жəне кəсiпорынның басқа да негiзгi құралдарын иеліктен айыруға не- месе өзгеше əдiспен билiк етуге (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзiмдi (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегiн пайдалануға беруге;
филиалдар, өкілдіктер жəне еншiлес кəсiпорындар құруға, жеке кəсiпкерлермен бiрге кəсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, олардың өзiнiң өндiрiстiк жəне ақша капиталын сатуға; оған тиесiлi акцияларға (аталған жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;
заемдар беруге;
үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдеме неме- се кепiлдiк беру.
Мемлекеттiк кəсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, негiзгi құралдарға жатпайтын, өзiне шаруашылық жүргiзу құқығымен бекiтiлiп берiлген мүлiкке дербес билiк етедi.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кəсіпорынның мемлекеттiк кəсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлiкке қатысты, сондай-ақ оған тиесілi акцияларды сатуға жəне сыйға беру мəмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ
Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы жəне өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмала- рына жəне мүлiктiң мақсатына сəйкес заң құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кəсiпорындардың заттық құқығы болып табылады.
Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi заң құжаттарына сəйкес мемлекеттiк мекеме немесе қазыналық кəсiпорын құру, оның қызметiнiң мəнi мен мақсаттарын белгiлеу мəселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кəсiпорынның заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар.
Меншiк иесi мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кəсi-
порынның меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекеменi бiрнеше меншiк иесi құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншiк иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу құқықтары құрылтай шартымен немесе сол сияқты келiсiммен белгiленедi.
Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық кəсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
Мекеменің, мемлекеттiк мекеменiң, егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi жəне оған смета бой- ынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен айыруға немесе өзгеше əдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ. Қазыналық кəсiпорын өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi, сол мү- ліктің меншік иесінің жазбаша келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше əдіспен билік етуге, сондай-ақ дебиторлық
берешекті беруге жəне есептен шығаруға құқылы.
Қазыналық кəсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзi өндiрген өнiмдi дербес сатады. Қазыналық кəсiпорынның табыста- рын бөлу тəртiбiн оның мүлкiн меншiктенушi белгiлейдi.
Қазыналық кəсіпорынның өзінің негізгі құралдарына жататын мүлікті сатуға жəне оған қатысты сыйға беру мəмілелерін жасасуға құқығы жоқ.
Қазыналық кəсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билi- гiндегi ақшамен жауап бередi.
Қазыналық кəсiпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республика- сының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган субсидиар- лық жауаптылықта болады.
Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кəсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тəртiппен туындайды.
Мекемеге меншiк құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл меке- ме өзiне тиесiлi мүлiкке оралымды билiк жүргiзу құқығын сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |