1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет22/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Тезисы лекции

15-тақырып.Мiндеттеменi тоқтату

Міндеттемелер белгілі бір уақытқа жарамды болады жəне өзі мақсатты сипатқа ие. Белгілі заңды фактілерге байланысты олар өз күшін жояды

Бұндай заңды фактілер міндеттемінің тоқтатылу негіздері деп аталады. Олар ҚР АК 21-тарауында бекітілген, ҚР АК 367-бабының 3-тармақшасында көзделгендей заңдармен немесе шартпен мін- деттемелердің тоқтатылуының өзге де негіздері болуы мүмкін.

Жалпы ереже ретінде міндеттеме тараптардың келісімі бойын- ша тоқтатылады. Алайда, заңда қарастырылған негіздер бойынша біржақты тəртіпте де тоқтатылуы мүмкін. Өйткені шынтуайтында бұл міндеттемені орындаудан біржақты бас тарту болып табылады.

Мiндеттеме тиiстi дəрежеде орындалғанда тоқтатылады. Бұл де- геніміз несие беруші өзінің талаптарын толықтай қанағаттандырды жəне борышқор мен несие берушінің арасындағы құқықтық қатынас тоқтатылды дегенді білдіреді. Осы ретте, міндеттеме тиісті дəрежеде орындалған ретте ғана тоқтатылады.

ҚР АК 369-бабында көзделгендей, тек тараптардың келiсiмi бой- ынша мiндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемiн беру (ақша төлеу, мүлiк беру жəне т.б.) арқылы міндеттеме тоқтатылуы мүмкiн. Бас тарту төлемiнiң мөлшерiн, мерзiмдерiн жəне тəртiбiн тараптар белгiлейдi. Бас тарту төлеміне біржақты тəртіпте жол берілмейді.

Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не мерзiмi көрсетiлмеген немесе мерзiмi талап ету кезiмен белгiленген бiртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есеп-

ке жатқызуды жүргізу үшін екінші тараптың келісімі талап етілмейді жəне оны біржақты тəртіпте өзге тарапты жазбаша хабардар ету арқылы жүргізуге болады. Жүргізілген есепке жатқызумен келіспе- ген ретте өзге тарап оны сот тəртібімен даулауға құқылы болады

Міндеттемені новация арқылы тоқтату дегеніміз тараптардың арасындағы бір міндеттеменің жаңа бір міндеттемемен алмастыры- луын білдіреді жəне бұл ретте, тараптардың арасындағы құқықтық қатынас өз күшін сақтап қалады. Новация бұл тараптардың арасын- да болған бастапқы мiндеттеменi ауыстыру туралы келiсiммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе əдiсiн көздейтiн басқа мiндеттемемен алмастыру болып табылады ( ҚР АК 372-бап).

Жаңа міндеттеме басқа сипаттағы міндеттеме болып табылады жəне орындаудың өзге пəні немесе əдісін қамтуы мүмкін.

Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi жəне алимент төлеу жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берiлмейдi.

Жаңа міндеттеме бойынша талап қою мерзімі новация туралы келісімді жасасу сəтінен басталады. Бұрынғы міндеттеменің орын- далуын қамтамасыз ететін барлық қосымша міндеттемелер (айып төлеу, кепіл) сонымен бірге тоқтатылады. Олардың сақталынуы тек, тараптардың келісімімен ғана орын алуы мүмкін. Жекелей сипаттағы міндеттемелерде новацияға жол берілмейді.



Борышты кешiру – несие берушiнің міндеттемені орындаудан борышқорды босатуы болып табылады. Борышты кешіру екіжақты мəміле-шарт болып табылады. Несие берушінің мүлкіне қатысты өзге тұлғалардың құқықтарының бұзылуына əкелетін болса, онда бұған жол берілмейді. Мысалы, міндеттеме пəні болып табылатын ортақ меншікке қатысушылардың құқығы бұзылған ретте. Борышты кешіру борышқордың өзінің де мүддесін бұзуы мүмкін жəне осы себепті, ол борышты кешіруден бас тартуға құқылы.

Орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң тоқтатылуы ҚР АК 374-бабының ережелері бойынша жүзеге асы- рылады. Егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Шын мəнінде, міндеттемені орындаудың мүмкін болмауы туралы норма өзінің кінəсі жоқ болған ретте жа- уапкершіліктен борышқорды босату жөніндегі ережені сипаттайды. Орындаудың мүмкін болмауы кездейсоқ жəне тараптардың еркінен

тыс туындайтын қандай да бір сыртқы мəн-жайлардың себебімен орын алуы тиіс. Мысалы, бой бермейтін күш. Тек осы ғана кəсіпкерлік құқықтық қатынастардағы борышқорды орындаудан босатады. Өзге барлық міндеттемелерде орындаудың мүмкін болмауы борышқордың еркіне байланысты емес, кез келген кездейсоқ мəн-жайлардың салда- рынан туындауы мүмкін. Ақшалай міндеттемелер бұған қосылмайды жəне оны орындаудың мүмкін еместігімен тоқтатуға болмайды.

Мемлекеттiк органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салда- рынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болма- са, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады (ҚР АК 375-бабы). Мұндай актілер ретінде жергілікті өкілді жəне атқару органдарының, сондай-ақ жария актілерді атауға болады.

ҚР АК 376-бабына сəйкес азаматтың қайтыс болуымен келесідей екі түрін қоспағанда, оның барлық мiндеттемесі тоқтатылмайды:



  1. борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты мiн- деттеме;

  2. орындау несие берушiнiң жеке өзiне арналса немесе борыш- қордың өзі жекелей орындауға тиіс болса.

Заңды тұлғаның қайта құрылуына қарағанда, оның таратылуы міндеттеменің тоқтатылуына əкеледі. Сонымен бірге, ҚР АК 377-ба- бында таратылған заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға жүктелген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның міндеттемесі тоқтатылмайды. Борышқор-мемлекеттік органның таратылуы оның міндеттемелерінің тоқтатылуына əкелмейді. Олар өз билігінде бюджет қаражаты бар органға ауысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет