Ортақ меншік
Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.
Мүлiк меншiк иелерiнiң əрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.
Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды.
Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге бол- майды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сəйкес бөлiнуге жатпай- ды.
Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.
Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда – сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.
Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пай- да болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың жəне (немесе) заңды тұлғалардың дара (бө- лек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мү- лiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады.
Əрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз.
Əрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дəрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.
Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.
Егер үлестi меншiкке қатысушылар үлестерiнiң мөлшерi заң құжаттары негiзiнде анықталуы жəне оған барлық қатысушылардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн болмаса, үлестер тең деп саналады.
Үлестi меншiкке барлық қатысушылардың келiсiмiмен олардың əрқайсысының ортақ мүлiктi құру мен көбейтуге қосқан салымда- рына қарай қатысушылардың үлестерiн анықтау мен өзгерту тəртiбi белгiленуi мүмкiн.
Ортақ мүлiктi пайдаланудың белгiленген тəртiбiн сақтай оты- рып, оны бөлмей жақсартуды өз есебiнен жүзеге асырған үлестi меншiк қатысушысының ортақ мүлiкке құқықтағы өз үлесiн тиiсiнше ұлғайтуға құқығы бар.Ортақ мүлiктi бөлiп алып жақсарту, егер үлестi меншiкке қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншiгiне түседi.
Үлестi меншiктегi мүлiкке билiк ету оның барлық қаты- сушыларының келiсуiмен жүзеге асырылады. Үлестi меншiкке əрбiр қатысушы өзiнiң үлесiн өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға, өсиет етуге, кепiлге беруге, не Азаматтық Кодекстiң 216-бабында көзделген шарттарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Үлесті меншiктегi мүлiктi иелену жəне пайдалану оның барлық қатысушыларының келiсуiмен, ал келiсiмге келмеген жағдайда - сот белгiлейтiн тəртiппен жүзеге асырылады. Үлестi меншiктiң əрбiр қатысушысы ортақ мүлiктiң өз үлесi мөлшерiне тең бөлiгi өзiнiң иеленуiне жəне пайдалануына берiлуiне құқылы, ал бұл мүмкiн
болмаған жағдайда – өз үлесiне тиесiлi мүлiктi иеленетiн жəне пай- даланатын басқа қатысушылардан тиiстi ақша сомасын немесе өзге де өтем төлеудi талап етуге құқылы. Үлестi меншiктiң əрбiр қатысушысы ортақ мүлiк бойынша өз үлесiне сəйкес салықтар, алымдар жəне өзге де төлемдер төлеуге, сондай-ақ оны күтiп ұстау мен сақтауға байла- нысты шығындарға қатысуға мiндеттi.
Үлестi меншiк құқығындағы үлестi бөгде адамдарға сату кезiнде сатылатын үлестi оның сатылатын бағасы бойынша жəне жария саудаға салып сату реттерiнен басқа тең жағдайларда үлестi меншiктiң қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады. Үлесiн сатушы оның сату бағасын жəне оны сатудың басқа да шарттарын көрсете отырып, үлестi меншiктiң басқа қатысушыларына өз үлесiн бөтен адамға сату ниетi туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Егер үлестi меншiктiң басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығындағы сатылатын үлестi бiр ай iшiнде, ал басқа мүлiк жөнiнен – хабар алған күннен бастап он күн iшiнде сатып алмаса, сатушы өз үлесiн кез келген адамға сатуға құқылы.
Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып сатылған жағдайда үлестi меншiктiң кез келген басқа қатысушысы үш айдың iшiнде сотта өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерiн ауда- руды талап етуге құқылы. Үлестi сатып алудың басым құқығын басқа бiреуге беруге рұқсат етiлмейдi.
Үлестi меншiк құқығындағы үлес, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт жасасқан кезден бастап шарт бойынша са- тып алушыға ауысады.
Үлестi меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасындағы келiсiм бойынша өздерiнiң арасында бөлiнуi мүмкiн. Үлестi меншiкке қатысушы ортақ мүлiктен өз үлесiн бөлiп шығаруды талап етуге құқылы. Үлестi меншiкке қатысушылар ортақ мүлiктi бөлу немесе бiреуiнiң үлесiн бөлiп шығарудың əдiстерi мен шарттары жөнiнде келiсiмге келе алмаған жағдайда үлестi меншiкке қатысушы ортақ мүлiктен өз үлесiн заттай бөлiп берудi талап етуге құқылы. Егер үлестi заттай бөлiп беруге заң құжаттарында жол берiлмесе неме- се ол ортақ меншiктегi мүлiкке шамадан тыс залал келтiрмейiнше мүмкiн болмаса, бөлiнiп шығушы меншiк иесi үлестi меншiктiң басқа қатысушыларынан өз үлесiнiң құнын төлетуге құқылы.
Үлестi меншiктiң қатысушысына заттай бөлiп берiлетiн мүлiктiң меншiк құқығындағы оның үлесiне сəйкессiздiгi тиiстi ақша сомасын немесе өзге өтем төлеу арқылы жөнге келтiрiледi.
Басқа меншiк иелерiнiң үлестi меншiкке қатысушыға оның үлесiн заттай бөлiп берудiң орнына өтем төлеуiне қатысушының келiсуiмен жол берiледi. Тиiстi меншiк иесiнiң үлесi шамалы болып, нақты бөлiп шығару мүмкiн болмай жəне ол ортақ мүлiктi пайдалануға онша мүдделi болмаса, сот бұл меншiк иесiнiң келiсiмi болмаған күнде де үлестi меншiкке қатысушыларды оған өтем төлеуге мiндеттей алады.
Ортақ бiрлескен меншiк түлері төмендегідей:
ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;
шаруа қожалығы мүшелерiнiң ортақ меншiгi;
жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде болады.
Ортақ бiрлескен меншiк, егер оған қатысушылар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, тағайындалады жəне қолдануда болады.
Бiрлескен меншiкке қатысушылар, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлiктi бiрлесiп иеленедi жəне пайдаланады.
Мүлiкке билiк ету жөнiндегi мəмiленi қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бiрлескен меншiктегi мүлiкке билiк ету барлық қатысушылардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Егер барлық қатысушылардың келiсiмiнен өзгеше туындамайтын бол- са, бiрлескен меншiкке қатысушылардың əрқайсысы ортақ мүлiкке билiк ету жөнiнде мəмiлелер жасасуға құқылы. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың бiреуi ортақ мүлiкке билiк етуге байланысты жасаған мəмiле басқа қатысушылардың талап етуiмен мəмiле жасаған қатысушының қажеттi өкiлеттiгi болмады деген себеппен мəмiледегi екiншi тарап бұл жөнiнде бiлгенi немесе көпе-көрiнеу бiлуге тиiс болғандығы дəлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Нотариаттың куəландыруын немесе мемлекеттiк тiркеудi ке- рек ететiн мəмiлелер жасасу кезiнде бiрлескен мүлiкке басқа қатысушылардың мəмiле жасауға келiсiмi нотариалдық тəртiппен расталуға тиiс.
Ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiнiң үлесiн бөлiп шығару қатысушылардың əрқайсысының ортақ мүлiкке құқығындағы үлесi алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Ортақ мүлiктi бөлу жəне одан үлестi бөлiп шығару кезiнде, егер заң актiлерiмен немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, олардың үлестерi тең деп танылады.
Үлестi немесе бiрлескен меншiкке қатысушыға несие берушi қатысушыда басқа мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда борышқордың
ортақ мүлiктегi үлесiн одан ақы өндiрiп алу үшiн бөлiп беру туралы талап қоюға құқылы.
Ортақ меншiктiң өзге қатысушылары борышқордың үлесiн са- тып алудан бас тартқан реттерде несие берушi борышқордың ортақ меншiк құқығындағы үлесiн жария саудаға салу жолымен осы үлестен сот арқылы ақы өндiрiп алуға талап етуге құқылы.
Егер мұндай жағдайда үлестi заттай бөлiп шығару мүмкiн бол- маса, не үлестi немесе бiрлескен меншiктiң қалған қатысушылары бұған қарсылық бiлдiрсе, несие берушi борышқордан өз үлесiн ортақ меншiктiң өзге қатысушыларына осы үлестi нарықтық құнына сəйкес бағамен сатып, сатудан түскен қаражатты борышты өтеуге салуды та- лап етуге құқылы.
Ортақ меншiктің құқытық реттелуін шаруа немесе фермер қожалығы негізінде қарастырайық. Шаруа қожалығының мүлкi, егер оның мүшелерiнiң арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, оларға бiрлескен меншiк құқығында тиесiлi болады.
Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелерi, жер учаскесiндегi екпелер, оның iшiнде жеке ор- ман қорындағы екпелер, ерiксiз жəне (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған жəне өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық жəне басқа да құрылыстар, өнiм беретiн жəне жегiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған жəне өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, құрал-саймандар жəне қожалық мүшелерi берген жəне (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкiн.
Шаруа (фермерлік) қожалығының қызметi нəтижесiнде алынған жемiстер, өнiм мен кiрiстер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ мүлкi болып табылады жəне олардың арасында келiсiм бойынша пайдаланылады.
Барлық мүшелерiнiң шығып кетуiне байланысты немесе өзге де негiздер бойынша немесе фермер қожалығы тоқтатылған жағдайда ортақ мүлiк бөлiнуге тиiс. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрi одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндiрiс құрал- жабдықтары бөлiнуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлiкке ортақ меншiктегi өз үлесiне сəйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.
Қожалық мүлкi негiзiнде шаруа (фермерлік) қожалығының мүшелерi шаруашылық серiктестiгiн немесе өндiрiстiк коопера- тив құруы мүмкiн. Қайта құрылған мұндай шаруа (фермерлік)
қожалығының заңды тұлға ретiнде шаруа (фермерлік) қожалығының мүшелерi өзiне салымдар жəне басқа жарналар түрiнде берген мүлiктiң, сондай-ақ оның қызметi нəтижесiнде алынған жəне заңдарға қайшы келмейтiн өзге де негiздер бойынша сатып алынған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.
Шаруа (фермерлік) қожалығының серiктестiкке қатысушылары не- месе кооператив мүшелерi болып табылатын мүшелерi салымдарының мөлшерi шаруа (фермерлік) қожалығының мүлкiне ортақ меншiк құқығындағы өз үлестерiн негiзге ала отырып белгiленедi.
11-тақырып. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)
Жай серiктестiк бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi. Жай серiктестiк заңды тұлға болмайды. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум). Жай серiктестiк қатысушыларының бiрлескен қызметi туралы шартқа байланысты мiндеттемелерi, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақтар алдында ортақ болып табылады. Бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу олардың ортақ келісімi бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісу бойынша олар бiрлескен қызметке басшылық етудi және ортақ iстердi жүргiзудi, бұл жағдайда шартқа қалған қатысушылар берген сенімхат негiзiнде әрекет ететін қатысушылардың бiрiне немесе үшінші тұлғаға тапсыра алады.
Бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар өз мақсаттарына жету үшiн жарналарын ақшалай немесе басқа мүлiкпен, не еңбек үлесi арқылы қосады. Шартқа қатысушылардың ақшалай немесе өзге де мүлiктiк жарналары, сондай-ақ олардың бiрлескен қызметi нәтижесiнде жасалған немесе сатып алынған мүлiк олардың ортақ үлестi меншiгi болып табылады.
Бiрлескен қызметi бойынша ортақ шығындарды және соның нәтижесiнде пайда болған залалдарды жабу тәртiбi қатысушылардың шартымен белгiленедi. Егер шартта мұндай тәртiп көзделмесе, ортақ шығындар мен залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкi есебiнен жабылады, ал жетпей қалған сомалар олардың арасында осы мүлiктегi үлестерiне қарай бөлiнiп салынады. Бiрлескен қызметке қатысу құқығын беру бiрлескен қызмет туралы шартқа (жай серiктестiк шартына) қатысушылардың келiсiмiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Бiрлескен қызмет туралы шартқа (жай серiктестiк шартына) қатысушы өз қалауы бойынша бiрлескен қызметке қатысудан бас тартуға құқылы. Бiрлескен қызметке қатысушылардың қайсы бiреуiнiң қатысудан бас тартуы салдарынан келтiрiлген залалдар, егер бiрлескен қызмет туралы шартта (жай серiктестiк шартында) өзгеше көзделмесе, толық көлемiнде өндiрiлiп алынады. Консорциум - бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде заңды тұлғалар нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрде тең құқықты уақытша одақ (бiрлестiк). Консорциумға қатысушылар өздерiнiң шаруашылық дербестiгiн сақтап қалады және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметiне қатыса алады.
Консорциумға қатысушылардың арасындағы қатынастар шарт негiзiнде құрылады. Консорциумды басқару консорциумға қатысушылардың консорциалдық келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылады. Консорциумға қатысушылар, егер консорциалдық келiсiмде өзгеше ескертiлмесе, консорциум қызметiне байланысты мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады. Консорциум өз қызметiн алдына қойған мiндеттерiн орындағаннан кейiн немесе оған қатысушылардың шешiмi бойынша тоқтатады.
12-тақырып. Міндеттемелік құқық. Шарт туралы жалпы ережелер
Міндеттеме – материалдық игіліктердің тауарлық қозғалысына дейін орын алатын салыстырмалы құқықтық-қатынас болып табы- лады жəне бұған орай, бiр тұлға (борышқор) басқа тұлғаның (не- сие берушiнiң) пайдасына белгілі бір материалдық игіліктерді беру жөніндегі белгілі бір əрекеттерді жасауға міндетті болады, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Міндеттемеге екі тарап қатысады – өкілетті жəне міндетті тарап- тар. Материалдық игіліктердің қозғалысының белсенді əрекеттерсіз орын алмайтындығы себепті, өкілетті тарап міндеттеменің орында- луын міндетті тараптан талап ету құқығына ие. Міндетті тарап болса, екінші тараптың пайдасына белсенді іс-қимылдарды жасауға міндетті
болып табылады.
Өкілетті тарапқа талап ету құқығы тиесілі болады, ал тараптың өзі несие беруші деп аталады. Міндетті тарап – борышқор, оның міндеті – борыш. Кейде əрбір тарап бірмезетте талап ету құқығына жəне борышқа ие болатын міндеттемелерде кездесуі мүмкін жəне бұл ретте, əрбір тарап бірмезетте несие беруші жəне борышқор болып та- былады. Талап ету құқығы мен борыш міндеттеменің заңи мазмұнын құрайды. Борышқордың əрекеті оның объектісі болып табылады.
Міндеттемелердің əралуан болуы себепті, оларды белгілі бір не- гіздерді басшылыққа ала отырып, жүйеге келтірген орынды.
Реттеуші жəне қорғаушы міндеттемелер. Біріншісі, əдеттегі тауар-ақша айналымын қамтиды. Екіншісі, құқық бұзушылықтан туындаған міндетемелерді қамтиды.
Шарттық жəне шарттан тыс міндеттемелер. Олардың ішінде міндеттемелер топтары белгіленген. Шарттық: мүлікті иеліктен шығаруға байланысты міндеттемелер, мүлікті пайдалануға беру туралы міндеттемелер, жұмыстың орындалуына байланысты мін- деттемелер, қызмет көрсетумен байланысты міндетемелер. Шарт- тан тыс міндеттемелер: конкурстық міндеттемелер, зиянды өтеу міндеттемелері, өзгенің мүддесінде тапсырмасыз іс-əрекет жасау.
Экономикалық мазмұны тұрғысынан міндеттемелердің түр- лері: сатып алу – сату, жалға алу, мердігерлік. Олар өз іштерінде түрлерге бөлінуі мүмкін: бөлшек сауда, тауар жеткізілім, келісімшарт жасасу.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері:
шарттар (мысалы, сатып алу сату), біржақты мəмілелер (өсиеттік бас тарту), əкімшілік актілер (мысалы, лицензия беру), зиян келтіру (деликті),
интеллектуалдық меншік объектілерін жасау жəне пайдалану, оқиғалар (мысалы, сақтандыру жағдайының басталуы).
Міндеттеменің құқықтық нəтижесі болады. Оған қол жеткізу міндеттемені орындау нəтижесі ретінде жүргізіледі, яғни тараптар міндеттеменің мазмұнындағы құқықтар мен міндеттерді іске асыра- ды.
Міндеттемені орындау дегеніміз борышқордың міндеттеме- нің пəнін құрайтын əрекеттерді несие берушінің пайдасына жа- сауын білдіреді. Ол борышқор мен несие берушінің арасындағы қатынастарды тоқтатады.
Міндеттемені орындау қағидалары: міндеттемені тиісінше орындау (ҚР АК 172-бабы) жəне міндеттемені заттай орындау (ҚР АК 354-бабы). Бұл екі норма да диспозитивті болып табылады, яғни тараптар орындау ережелерін заңда көрсетілгеннен басқалай сипат- тай алады. Орындау жөніндегі көптеген баптарда келесідей ескертпе қарастырылады: егер міндеттеменің ережелерінде өзгеше көзделмесе.
Заттай орындау принципінің қолдану аясы тарылтылған, яғни бұл, егер тараптардың келісімімен өзгертілмесе, қолданылатын жалпы принцип болып табылады. Тиісінше, орындамаған реттерде ол айрықша маңызға ие болады. Мысалы, ҚР АК 365-бабында бы- лай делінеді: егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдарынан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса (үйлену тойына көйлекті мерзімінде тіккен жоқ), онда оған міндеттемені зат- тай орындатуға қол жеткізудің мағынасы болмайды. Мұның орнына ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi талап ете алады.
Жəне керісінше, ҚР АК 355-бабында белгiлi бiр затты жеке бе- ру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда несие берушiнің оны бо- рышқордан алып қоюды жəне несие берушiге берудi талап етуге құқылы екендігі бекітілген. Егер жұмыс орындалмаған немесе қызмет көрсетілмеген болса, несие беруші міндеттеменің орындалуын та- лап етпей, жұмысты несие берушінің өзі немесе үшінші тұлғаның орындағанына ақшалай өтемақыға қанағат ете алады. Осы ретте, зат- тай орындауды ақшалай өтемақымен алмастыру орын алып отыр.
Міндеттемелердің көбі өзара мiндеттемелер болып табылады жəне бұл ретте, қарсы орындау туралы сөз қозғалады. ҚР АК 284: өзара орындау дегеніміз жалпы ереже ретінде тараптардың өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауын білдіреді. Тараптардың бiрiнiң мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы өзара мiн- деттердi орындау жəне қарсы талаптарды қанағаттандыру кезiнде, екiншi тарапты өз мiндеттерiн орындаудан босатады.
ҚР АК 273-бабында егер заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жəне оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейтіндігі айтылады.
Орындау шарты – ол субъектілерге, пəніне, мерзімдерге, əдіс- теріне жəне міндеттемені орындау орнына қойылатын талаптар бо- лып табылады. Шарттар міндеттемені кімнің, қайда, қашан, қалай орындайтындығы туралы сұрақтарға жауап береді.
Орындау пəні – ол міндеттемені орындау процесінде борышқор- дан несие берушіге ауысатын зат, жұмыс, қызмет көрсету болып та- былады. Орындау пəніне талаптар не заңда, не шартта айқындалады. ҚР АК 282 бабында ақшалай міндеттемелерді орындау пəніне ерекше талаптарды белгілеген. Ең алдымен, заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР аумағындағы ақшалай мiндеттемелер теңгемен көрсетiлуі талап етіледі.
ҚР аумағында мiндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға ҚР заңнамалық актiлерiнде айқын- далған жағдайларда жəне шарттарда немесе оларда белгiленген тəртiппен жол берiледi.
Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру тəртiбi мен тəсiлдерi ҚР ақша төлемдерi мен аударымдары туралы заңнамасында бел- гiленедi жəне оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.
ҚР резиденттерінің елде тұрақты тұратын мекенжайы болады. ҚР
резиденттері деп танылады:
ҚР азаматтары, оның iшiнде шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттiң заңнамасына сəйкес берiлген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шетелде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттiк қызметінде жүрген азаматтар;
ҚР тұрақты тұру құқығын беретін құжаты бар шетелдіктер жəне азаматтығы жоқ тұлғалар;
ҚР заңнамасына сəйкес құрылған, ҚР аумағында орналасқан жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ ҚР жəне одан тыс жерлерде орналасқан жерi бар олардың филиалдары мен өкілдiктерi;
ҚР тыс жерлердегі ҚР дипломатиялық, сауда жəне өзге де ресми өкiлдiктерi.
Резидент еместер – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың жоғарыда аталған тізімде жоқ филиалдары жəне өкілдіктері.
Ақшалай мiндеттеменi орындау үшiн жеткiлiксiз төленген тө- лемнiң сомасы тараптардың өзге келiсiмi болмаған жағдайда ең ал- дымен несие берушiнiң орындау жөнiндегi шығындарын, сонан соң айыпақы мен сыйақыны (мүдденi), ал қалған бөлiгiнде - борыштың негiзгi сомасын өтейдi.
Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келiскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн.
Орындаудың тəсілі – ол міндеттемені орындау кезіндегі тарап- тардың іс-əрекет жасау тəртібі болып есептеледі. ҚР АК 274-бабы бөлшектеп орындау сынды орындау əдісін реттейді. Егер заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе мiндеттеме мəнiнен өзгеше туындамаса, жалпы ереже ретінде несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындау- ды қабылдамауға құқылы.
Борыш сомасын нотариустың атына депозитке салу, ал заңнама-
лық актілерде көрсетілген реттерде соттың атына салу арқылы ақ- шалай міндеттемені ерекше əдіспен орындауға болады. Борыш сома- сын депозитке орналастырған борышқор міндеттемені орындады деп саналады.
Орындау жері заңнамамен, міндеттеме ережелері арқылы ай- қындалады немесе міндеттеме мəнінен көрінеді. Мысалы, тұрғын үйді жөндеу міндеттемесі осы ғимарат орналасқан жер бойынша орындалуы тиіс.
Орындау жерін айқындау қиындық туындатқан реттерде та- раптардың арасында дау туындауы мүмкін. Сондықтан ҚР АК 281- бабы міндеттемелерді орындау жері туралы ережелерді келесідей мазмұнда ұсынды.
Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарт- тарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мəнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:
мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру – мүлiк ор- наласқан жерде;
мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымал- дауды пайдалана отырып беру – мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кəсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар не- месе өзге де мүлiктi беру – мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;
ақшалай мiндеттеме бойынша – несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса – мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа – орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде не- месе тұрған жерiнде;
басқа да барлық мiндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.
Орындау мерзімі заңнама немесе шартпен айқындалады. Əдетте, туындау мерзімі мен міндеттемені орындау сəйкес келіп жатады. Ал осы мерзімдер арасында уақыттық интервал болуы жағдайды күрделендіре түседі.
Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.
Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе, онда мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс. Орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап 7 күн мерзiмде орындауға мiндеттi.
Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе жəне оның мəнiнен туындамаса, мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға жол беріледі. Мысалы, сақтау шартын мерзіміне дейін орындау аталған міндеттеменің мəніне қайшы болып табылады.
Кəсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелер үшін басқалай ережелер бекітілген. Кəсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мəнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.
ҚР АК 280 бабында заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында борышқордың несие берушiге мiндеттеменiң орындалу барысы тура- лы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн екендігі айтылады.
Мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай отырып, несие берушi борышқордың талап етуi бойынша оның толық немесе бiр бөлiгi орындалғаны жөнiнде оған қолхат беруге мiндеттi. Қолхатты жай жазбаша нысанда рəсімдесе болады. Егер борышқор мiндеттеменi куəландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиiс. Қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда ол мұны өзi беретiн қолхатта көрсетуге мiндеттi. Қолхат борышқорға қайтарыл- ған борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкiн.
Мұндай əрекеттердің маңызы осы арқылы міндеттемені тоқтатудың куəландырылуында болып табылады.
Міндеттемені орындау субъектілері.
Əдетте, міндеттемедегі əрбір тарап бір тұлға ғана болады. Кейбір жағдайларда əр тараптан бірнеше тұлға болатын міндеттемелер де бо- лады. Бұдан міндеттемедегі тұлғалардың көптілігі туындайды.
Белсенді (көптілік несие беруші жағында), Бəсең (көптілік борышкер жағында) Аралас (екі жақтан да көптілік).
Осы ретте, несие берушілердің əрбірі талап ету құқығына, ал борышқорлардың əрбірі міндеттемені орындауға міндетті бо- лады. Заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туын- дамайтындықтан, үлестік міндеттеме туындайды, яғни талап ету құқығы жəне міндеттер белгілі бір үлес шегінде бекітілдеі – ҚР АК 286-бабы. Өз үлесі бойынша міндеттемені орындаған борышкер міндеттемеден шығарылады, ол үшін міндеттеме орындалды деп есептеледі. Өзге борышкерлерге міндеттеме өз үлестері бойынша міндеттемені орындағанға дейін күшін сақтап қалады.
Ортақтасқан міндеттемелер – несие берушiлердiң əрқай- сысы мiндеттеменi толық атқаруды талап етуге құқылы, ал бо- рышқорлардың əрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сəйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп таныла- ды. Шарттарда немесе заңнамалық актілерде қарастырылған рет- терде ғана туындайды. Атап айтқанда, міндеттеме пəнін бөлінбейтін жағдайда жəне кəсіпкерлік міндеттемелер орын алған ретте пайда болады. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда не- сие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi. Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышқорларды несие берушi үшiн орындаудан бо- сатады.
Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушiлердiң кез келгенi борышқорға толық көлемiнде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушiлердiң бiреуiне мiндеттеменi толық орындау борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады.
Регрестік міндеттеме: басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi та- лап (регресс) қоюға құқылы. Борышқорлардың бiреуi ортақтасқан мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға жəне қалған борышқорларға тең үлесте түседi. Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие берушi басқа несие берушiлерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға тиесiлi үлестерiн өтеуге міндетті.
Субсидиялық міндеттемелер (ҚР АК 357-бабы) тек бəсең көптілік кезінде ғана орын алуы мүмкін. Негізгі жəне қосымша борышқор болады. Бастапқыда, несие беруші талапты негізгі борышқорға қоюы тиіс. Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындама- са немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн. Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзiнiң негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес. Қосымша борышқор оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға тиiс. Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге қарсы айтайын деген қарсылықтарын оның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар.
Міндеттеме борышкердің өзімен жəне соның несие берушісіне орындалуы тиіс. Алайда, ҚР АК 276-бабында міндеттемені толықтай не бір бөлігін орындауды үшінші тарапқа жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Жүктеудің алғышарттары: егер бұл заңнамада (тікелей аралас қатынас), шартта қарастырылса немесе үшінші тұлға тараптардың бірімен тиісті шарт арқылы байланысты болса (қосалқы мердігерлік).
Бұл ретте, үшінші тұлға міндеттеменің бір тарабына айнал- майды. Ол тек борышқор үшін əрекеттерді орындайды. Борышқор міндеттемені өзі жекелей орындаған сияқты несие берушінің алдын- да жауаптылығын сақтап қалады (ҚР АК 363-бап). Мысалы, тасы- малдаушы тауар берушінің тауарын сатып алушының мекенжайына жеткізеді. Кейде борышқордың əрекетіндегі алмасу несие беруші үшін тиімсіз болуы мүмкін. Алайда, егер заңдардан, мiндеттеме шарттары- нан немесе оның мəнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзi орын- дау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi жақ ұсынған орындау iсiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мысалы, борышқордың тұлғасына тығыз байланысты міндеттеме (авторлық тапсырыс).
Үшінші тарап борышқор үшін орындалатын міндеттеменің мазмұны жəне ережелері жайлы хабардар болуы тиіс. Өйткені орындауды оған борышқор жүктейді. Алайда, үшінші тараптың
борышқордың келісімін сұрамастан, несие берушіге борышқордың орнына орындауды өзі ұсынуға болатын жағдайлар да кездеседі. Мы- салы, егер ол несие берушінің мүліктен өндіріп алу туралы талап ұсынған ретте борышқордың мүлкіне деген өзінің құқығынан айыры- лып қалудан қауіптенетін болса. Мұндай жағдайда, үшінші тарапқа міндеттемедегі несие берушінің борышқорға қатысты құқықтары ау- ысады (цессия).
Орындаудың қайта бағытталуы мүмкін, яғни борышқор орын- дауды несие берушінің өзіне немесе несие беруші нұсқаған үшінші тұлғаға орындауға құқылы болады. Ешбір тұлға бұл жайлы не- сие берушіден өкілеттілік алмай, орындауды талап ете алмайды. Егер борышқор орындауды қабылдауға өкілетті несие беруші деп санаған тұлғасына орындауды жүзеге асырса, онда орындау үшін жауапкершілікті борышқордың өзі көтереді.
Өзінің мүдделерін қорғау үшін ҚР АК 275-бабы оған орында- уды несие берушінің өзi немесе бұған ол уəкiлдiк берген тұлғаның қабылдап жатқандығының дəлелдемесін талап ету құқығын ұсынады жəне мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тəуекел етедi.
Міндеттеменің қолданыс кезеңінде оған қатысушылардың құрамы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Міндеттеменің өзі сақталған реттегі қатысушылардың ауысуына заң жол береді. Қатысушылардың бұл ал- мастырылуы міндеттемедегі тұлғалардың ауыстырылуы деп аталады. Алмастырудың екі түрі болады:
а) несие берушінің алмастырылуы – талап ету құқығын беру не- месе цессия деп аталынады;
б) борышқордың алмастырылуы – борышты аудару деп аталады. Талап ету құқығын беру заңнамалық актіге орай (қайта құру,
мұрагерлікке алу, ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесін са- тып алудың артықшылық құқығын сот арқылы жүзеге асыру, суброга- ция, секьюритизация) жəне мəміле (факторинг) бойынша орын алуы мүмкін.
Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда алимент жөнiндегi жəне азаматтың өмiрiне неме- се денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiндегi талаптардың басқа адамға ауысуына жол берiлмейдi. Өзге жағдай- ларда, тұлғалардың ауыстырылуына жалпы ереже ретінде заң рұқсат
етеді жəне азаматтық айналым талаптарымен тікелей қажет етіледі. Мысалы, бағалы қағаздар айналымы цессиясыз мүмкін емес.
Қатысушының ауыстырылуы мəміле болып табылады. Сондықтан оған мəміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданылады: егер ол жазбаша нысанда жасалынатын мəмілеге негізделген болса, онда тиісінше қатысушының алмастырылуы да жазбаша нысанда рəсімделуі тиіс.
Талап ету құқығын беру кезінде борышқорға орындауды кімге жүргізетіндігі аса маңызды емес болуы себепті, бұған борышқордың келісімі талап етілмейді. Сонымен бірге, заң жасалынған цессия ту- ралы оның міндетті жазбаша хабарлануын талап етеді жəне мұны орындамаған ретте жаңа несие беруші бұдан туындайтын жағымсыз салдарлар қаупін көтереді.
Талап етудi берген бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында оған берiлген талаптардың жарамсыздығы үшiн жауап бередi, бiрақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшiн бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында борышқор үшiн кепiл болуды өзiне алғаннан басқа жағдайды қоспағанда, жауап бермейдi.
Бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде жəне сондай жағдайларда ауыса- ды. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындау- ды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.
Борышты аудару кезінде өзге жағдай қалыптасады. Өйткені несие берушіге орындауды кімнің жүргізетіндігі маңызды. Мүмкін, жаңа борышқордың төлемқабілеттілігі жоқ болуы немесе орындаудан жал- таруы мүмкін. Осыған орай, ҚР АК 348-бабы борышты аудару кезінде несие берушінің келісімін міндетті талап етеді.
Борышты аудару көпжақты мəміле болып табылады жəне мұнда бұрынғы борышқор, жаңа борышқор жəне несие беруші өз еріктерін білдірулері тиіс. Жаңа борышқор несие берушінің талаптарына бастапқы борышқор мен несие берушінің арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарды алға тартуға құқылы.
13-тақырып. Міндеттемені орындау.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.
Міндеттеме өздігінен борышқордың талап етілетін əрекеттерді жасауына кепілдік бермейді. Тіпті, орындауды бұзған борышқорға
қатысты несие беруші азаматтық-құқықтық жауапкершілік ша- раларын қолданған ретте де қажетті мүлік борышқорда болмауы мүмкін. Сондықтан несие берушінің мүдделерін қамтамасыз ету, міндеттеменің тиісінше орындалатындығына кепілдік алу үшін заңда орындауды қамтамасыз етудің бірқатар арнайы шаралары бекітілген. Бұл шаралар (əдістер) мүліктік сипатқа ие, сондай-ақ өздері қамтамасыз ететін негізгі міндеттемелерге қатысты олар қосымша бо- лып табылады. Борышқорды міндеттемені орындауға ынталандыру жəне несие берушінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету олардың
мақсаты болып табылады.
ҚР АК 18-тарауында қамтамасыз етудің дəстүрлі əдістері тізбектелген. Сондай-ақ заңнамада немесе тараптардың келісімінде қарастырылған қамтамасыз етудің өзге де əдістерін қолдану мүмкіндігі бекітілген (ҚР АК 292-бабы). Сонымен бірге, дəстүрлі бес əдіске борышқордың мүлкін ұстап қалу сияқты жəне гарантиялы жарналық əдістерде қосылған.
ҚР АК қарастырылмаған өзге де шараларды қолдануға болады. Оларды жедел шаралар деп атайды. Бұлардың санатына сапасыз тауарға ақы төлеуден бас тарту, тауарға алдын ала ақы төлеу, өзге та- рап оны өрескел бұзған ретте орындаудан бас тартуды жатқызуға бо- лады.
Қамтамасыз етудің қандай да бір əдісін тараптардың өзара келісімі бойынша не заңдағы арнайы нұсқауға орай қолдануға болады. Кепіл, айып төлеу, мүлікті ұстап қалу сияқты əдістер міндеттемелердің кейбір түрлеріне қатысты заңнамада арнайы қарастырылса, ал өзгелерін қамтамасыз етуге бұл əдістерді қолдану тараптардың келісімінде бекітілуі мүмкін.
Қамтамасыз етудің барлық əдістері негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) сипатқа ие бола- ды жəне олар тек шынайы талапты ғана қамтамасыз етуі мүмкін. Олар негізгі міндеттемеге ілесе жүреді. Атап айтқанда, негізгі міндеттемедегі талап ету құқығын беру жəне борышты аудару орын алған ретте қамтамасыз ететін қосымша міндеттеме бойынша да құқықмирасқорлығы жүргізіледі.
Негізгі міндеттеменің тоқтатылуы қосымша міндеттеменің де тоқтатылуына əкеледі. Егер негізгі міндеттеме жарамсыз деп таныл- са, бұл автоматты түрде қосымша міндеттеменің де жарамсыздығына əкеледі жəне керісінше, қамтамасыз ету əдісі жарамсыз деп танылған ретте негізгі міндеттеме күшін сақтап қалады. Банктік кепілдік деп
аталынатын қамтамасыз ету əдісі ғана бұл қағидадан тыс жатыр деуге болады.
Айып төлеу – борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шарт- пен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп таныла- ды (ҚР АК 293-бабы).
Айып төлеу міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің заңды тұлғаларға да жəне жеке тұлғаларға да қатысты ең кең таралған əдістерінің бірі болып табылады.
Айып төлеу шартты немесе заңды болуы мүмкін. Заңды айып төлеу заңнамада бекітіледі жəне осында оны өндірудің мөлшері, тəртібі жəне талаптары айқындалады. Бұл нормалар императивті бо- лып табылғандықтан, тараптардың заңды айып төлеуді өндіріп алу- дан бас тартуға, оның мөлшерін азайтуға құқығы жоқ. Тіпті, айып төлеуді өндіріп алу тараптардың келісімінде қарастырылмаған болса да, несие беруші оның төленуін талап етуге құқылы. Өйткені ол заңи тұрғыдан бекітілген.
Егер заңдарда тікелей тыйым салынбаса, тараптардың келiсiмiмен заңды айып төлеу мөлшерi көбейтiлуi мүмкiн. Егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дəрежесiн жəне борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы. Соттың айып төлеуден борышқорды толықтай босатуға құқығы жоқ.
Шартты айып төлеу заңмен емес, тараптардың келісімімен бекітіледі.
Айып төлеу екі түрде болуы мүмкін: айыппұл жəне өсім. Бұ- лардың екеуі де тəжірибеде айыппұлдық деп аталып, ортақ сипат- тары болғанымен, өзіндік ерекшеліктерге де ие. Мысалы, айыппұл бұл алдын ала бекітілген мөлшерде немесе орындау пəнінің құнына қатысты борышқордың төлеуге міндетті ақшалай сомасы болып та- былады. Өсім бұл, кешіктірілген төлемнің əрбір күніне борышқордың төлеуге міндетті ақшалай сомасы болып табылады.
Айыппұлды бірреттік тəртіпте өндіріп алады. Ал өсім кешіктіріл- ген əрбір күн үшін үзіліссіз ұлғая түседі.
Айып төлеу туралы келiсiм, негiзгi мiндеттеменiң нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиiстігі заңда бекітілген.
Айып төлеуді өндіріп алу барысында несие беруші бірмезетте залалдарды да өндіріп алу құқығын иеленеді. Осы ретте, несие берушінің негізсіз баю мəселесі туындайды. Осыған орай, ҚР АК 351-бабында айып төлеудің шығындарға қатынасына қарай оның төрт түрі белгіленеді:
айыппұлдық айып төлеу – толықтай көлемде бір мезетте шығындар мен айып төлеуді өндіріп алады;
балама айып төлеу – несие берушінің таңдауы бойынша не айып төлеу не шығындар өндіріліп алынады;
айрықша айып төлеу – тек айып төлеу ғана өндіріліп алынады;
есепке жатқызу айып төлеуі – айып төлеуде жəне шығында өндіріледі, бірақ соңғысы айып төлеумен жабылмаған бөлігінде өндіріледі.
Егер заңнамада немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, жалпы ережеге сəйкес айып төлеу есепке жатқызу болып табылады.
Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алы- натын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа жəне шарт жасау мен орын- дауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады (ҚР АК 337б-бабы)
Төлемдердің бір бөлігі алдын ала төленеді жəне шарттың жа- салу фактісі осы арқылы қамтамасыз етіледі. Мерзімінен бұрын төленетіндіктен, кепілпұл аванс пен алдын ала ақы төлеуге ұқсас бола- ды. Дегенмен, кепілпұл ғана міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеді. Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Тіпті, егер негізгі міндеттеме нотариалдық куəландыруға тиіс болған ретте де, кепілпұл үшін жай жазбаша нысан жеткілікті болып табылады. Келiсiмнiң жазбаша ны- санда жасалуын сақтамау кепiлпұл келiсiмiн жарамсыз деп тануға əкелiп соқтырады.
ҚР АК 338-бабында анықталғандай, мiндеттеменiң орында- луы басталғанға дейiн тараптардың келiсiмi бойынша не олардың кiнəсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс.
Міндеттемені тараптардың бірі бұзған ретте басқа салдарлар ту- ындайды. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сома- сын төлеуге мiндеттi. Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен,
мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiл- пұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Кепілдік жəне кепіл болушылық міндеттемелердің орын- далуынының дəстүрлі əдістері болып табылады.
ҚР АК 329-бабына сəйкес кепiлдiк бойынша кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап беруге мiндеттенедi.
Кепілдік беруші борышқор тарапынан қатысатын үшінші тұлға болып табылады жəне ол онымен ортақтасып жауап береді. Əдетте, кепілдік ақшалай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Деген- мен, ол міндеттеменің заттай орындалуын да қамтамасыз ете алады.
Кепілдік несие берушіге борышқордың төлемқабілетсіздігі орын алған ретте де, кепілдік берушінің мүлкінің есебінен орындауды қамтамасыз ету мүмкіндігін ұсынады.
Кепілдік тек қазіргі бар талаптарды ғана қамтамасыз ете алады жəне ол негізгі міндеттемеге қатысты қосымша, туынды сипатта бола- ды. Кепiлдiк шарты болашақта туындайтын мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн де жасалуы мүмкiн. Бұл ретте, кепілдік негізгі міндеттеменің туындау сəтінде ғана пайда болады.
ҚР АК 330-бабына сəйкес кепiл болушылық бойынша кепiл бо- лушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.
Кепілдік беруші сияқты кепіл болушы да борышқор тарапы- нан қатысатын үшінші тұлға болып табылады жəне борышқордың міндеттемені орындауына қосалқы атсалысуы мүмкін.
Несие берушінің алдындағы кепілдік беруші мен кепіл болушының жауапкершілік көлемдері де əралуан болады. Атап айтқанда, кепілдік беруші несие берушi алдында борышқор сияқты айыпақы, сыйақы (мүдде) төлеудi қоса алғанда, борышты өндiрiп алу жөнiндегi сот шығындарын жəне борышқордың мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан туындаған несие берушiнiң басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап бередi. Бұл ереже жалпы болып табылады, яғни басқалай (кепілдік берушінің жартылай жауапкершілігі) шартта қарастырылуы мүмкін.
Жалпы ережеге сəйкес кепіл болушы шартта көрсетілген сома- ның шегінде ғана жауап береді. Ал толықтай жауапкершілік шартта көзделуі мүмкін.
Екіжақты шарттар кепілдіктің (кепіл болушылықтың) туындау негізі болып табылады жəне несие беруші мен кепілдік беруші (кепіл болушы) мұның тараптары болып табылады. Мұндай шарттар бой- ынша міндеттер несие берушіде емес, кепілдік берушіде (кепіл бо- лушыда) ғана туындайды. Демек, бұл біржақты міндеттеме болып табылады. Сонымен бірге, аталған шарт консенсуалды болып табы- лады, тараптар келісімге қол жеткізіп, оны қажетті жазбаша нысанға түсірген сəттен бастап тараптардың құқықтары мен міндеттері туын- дайды. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартының жарамсыз болуына əкелiп соқтырады.
Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышқордың мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын не- сие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшiн жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк не- месе кепiл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.
Кепiлдiктi қолдану тек, тараптардың келісімімен емес, заңмен де белгiленуi мүмкiн. Мысалы, сыртқы заем алу туралы заңда сыртқы заемдарды алу кезінде мемлекеттік кепілдіктерді қолданудың міндеттілігі бекітілген.
ҚР АК 331-бабының 4-тармағында кепілдіктің ерекше түрі банктік кепілдік қарастырылған. Екінші деңгейдегі банктер банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беруді уəкілетті органның лицензиясы негізінде уəкілетті органның аталған операцияларды жүргізу тəртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ескере отырып жүзеге асыра алады. Осы ретте, оларды беру кезінде аталған операцияларды жүргізудің тəртібін реттейтін ҚБА нормативтік актілерін ескерген жөн. Екінші деңгейдегі банктердің осы Кодекстің нормаларын сақтамай жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескермей берген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері олардың жа- рамсыз болуына əкеп соғады.
ҚР АК 333-бабында несие берушінің кепілдік берушіге талап қой- ған реттегі іс-қимылын реттейді. Кепiлдiк берушi, несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырғанға дейiн бұл туралы борышқорға ескертуге, ал егер кепiлдiк берушiге қуыным жасалса, борышқорды iске қатыстыруға мiндеттi. Кепілдік берушінің өзі борышқор болып
табылмайтындықтан, ол тараптардың өзара қатынастарының сипа- ты жайлы хабардар болмауы жəне борышқордың қатысуынсыз несие берушіге деген борышқордың барлық қарсы талаптарын айқындай алмауы мүмкін. Сондай-ақ, ол өзінің орындайтындығы жайлы хабар- дар етуі тиіс.
Борышқор сотқа дербес талаптарын мəлімдемейтін үшінші тарап ретінде қатынасады.
Олай болмаған жағдайда борышқор өзiнiң несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын кепiлдiк берушiнiң қайтарып қойған талабына қарсы қоюға құқылы. Тіпті, кепілдік берушінің бо- рышқорға қойған талабы қанағаттандырылмауы да мүмкін.
Кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюға қақылы. Кепiлдiк берушi бұл қарсылықтарға құқығын, тiптi, егер борышқор олардан бас тартқан немесе өзiнiң қарызын мойындаған жағдайда да жоғалтпайды. Бұл норма үлесті міндеттемедегі борышқордың өзі қатыспайтын өзге қатысушылардың қатынастарына негізделген қарсылықтарын несие берушіге қоя алмайтындығы туралы жалпы ережеден басқалай бола- тын жағдай болып табылады.
Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөнiндегi барлық құқықтары жəне кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң та- лабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышқордан несие берушiге төленген соманың айыпақысын жəне сыйақысын (мүддесiн) төлеудi жəне борышқор үшiн жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап ету- ге қақылы.
Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi борышқорға қойылған талапты куəландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыруға жəне осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi. Егер несие беруші оларды беруден бас тартатын бол- са, онда кепілдік беруші оны сот тəртібімен мəжбүрлеуге құқылы бо- лады.
Кепiл болушы дəл осындай құқықтарға борышқордың несие берушi алдындағы мiндеттемесiн өзi орындаған бөлiгiнде ие бола- ды. Қайта орындаудың алдын алу үшін борышқор кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға бұл туралы дереу хабарлауға мiндеттi. Егер мұндай хабарды алғаннан кейін кепілдік беруші міндеттемені орын- дайтын болса, онда кері талап қою құқығынан айырылады. Олай
болмаған жағдайда өз кезегiнде мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiден негiзсiз алынғанды өндiрiп алуға қақылы болады.
Кепiлдiктiң жəне кепiл болушылықтың тоқтатылуы ҚР АК 336-ба- бымен реттеледі. Негізгі міндеттемеге қатысты олар қосымша сипат- та болатындықтан, олар негізгі міндеттемемен бірге тоқтатылады. Мiндеттеме кепiлдiк берушi мен кепiл болушының жауапкершiлiгiн соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де қолайсыз салдарға əкелiп соқтыратындай өзгерген жағдайда тоқтатылады.
Кепiлдiк жəне кепiл болушылық, егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiге жаңа борышқор үшiн жауап беруге келiсiм бермесе, кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме жөнiндегi борышты басқа жаққа ауыстырумен тоқтатылады. Талап ету құқығын беру кезінде заңи күші сақталынады. Кепiлдiк жəне кепiл болушылық, егер олар өздерi қамтамасыз ет- кен мiндеттеменi орындау мерзiмiнiң басталуына қарай борышқор немесе кепiлдiк берушi мен кепiл болушы ұсынған тиiстi дəрежедегi
орындауды қабылдаудан несие берушi бас тартса тоқтатылады.
Кепiлдiк жəне кепiл болушылық оларға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзiм белгiленбесе, егер несие берушi кепiлдiкпен не- месе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негiзгi мiндеттеменiң орындалу мерзiмi көрсетiлмеген жəне белгiлеуге болмайтын немесе талап етуiмен белгiленген кезде, кепiлдiк жəне кепiл болушылық егер несие берушi кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарты жасалған күннен бастап екi жылдың iшiнде қуыным жасамаса, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кепiлдiк пен кепiл болушылық тоқтатылады. Бұл мерзімдердің барлығы кесімдік болыр табылғандықтан, олар бойын- ша талап қою мерзімі қалпына келтірілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |