1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет6/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Тезисы лекции

Заңды тұлғаның қайта құрылуы



Заңды тұлғаны қайта құру – оны құқықтық мирасқорлық арқылы тоқтату.

ҚР АК 45 бабында заңды тұлғаны қайта құрудың төмендегідей нысандары көзделген.



  • қосу;

  • біріктіру;

  • бөлу;

  • бөліп шығару;

  • өзгерту;

Қосу – ол екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың жойылып, олардың орнына жаңа заңды тұлға құрылатын қайта құрудың нысаны. Біріктіру – заңды тұлға қысқартылып, құқықтық мирасқор бо-

лып табылатын заңды тұлға ірілендіріледі.



Бөлу – заңды тұлға құрамынан жаңа заңды тұлға бөлінеді жəне бірінші заңды тұлға да қызмет ете береді.

Бөліп шығару заңды тұлға жойылу негізінде екі немесе бірнеше жаңа заңды тұлғалар пайда болады.

Қайта құру – заңды тұлғаның өзгертілуі оның ұйымдық - құқықтық нысанының өзгертілуін білдіреді, мысалы, акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестікке өзгертіледі.

Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.

Ерікті түрде қайта құру мүлік иесінің шешімі бойынша, мүлік иесінің уəкілдік берген органымен, құрылтайшыларымен жəне құрылтай құжаттары арқылы уəкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.

Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн

Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уəкiлдiк берген ор- ган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уəкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды жəне оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады.

ҚР АК 45 бабына сəйкес заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлға- лар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi. Заңды тұлғаны оған екiншi бiр заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кез- ден бастап олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп есептеледi.

Заңды тұлғаларды қосқан, біріктірген, қайта құрған кезде олар- дың əрқайсысының құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сəйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сəйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады. Заңды тұлғаның құрамынан бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығарғанда, бөлу балансына сəйкес олардың əрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi ауысады. Қайта құру заңды тұлғаның несие берушілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына əкелуі мүмкін, ҚР АК 48 бабында несие берушілердің құқықтарына бірқатар кепілдіктер бекітілген.


  1. Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушiлерiне жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.

  2. Бөлiнген жəне бөлiп шығарылған кезде құрылатын заңды тұлғаның несие берушiсi осы заңды тұлға борышқоры болып та- былатын мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын жəне келтiрiлген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.

  3. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкiндiк бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлiнiп

шыққан заңды тұлға, қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша оның несие берушiлерiнiң алдында ортақ жауапты болады.

Филиалдар мен өкілдіктер

Заңды тұлғалар жиі тұрған жерінен тыс орналасқан аумақтық оқшауланған құрылымдық бөлімшелер, филиалдар мен өкілдіктерді құрады. Тəжірибеде олардың құқықтық табиғатын түсінбегендіктен көптеген сұрақтар туындайды. Осындағы басты мəселе ретінде фи- лиалдар мен өкілдіктердің өздеріне алатын міндеттемелері бойын- ша заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігіне қатысты мəселелерді атауға болады. Филиалдар мен өкілдіктер өздерін құрған заңды тұлғаның бір бөлігі болып есептеледі, яғни олар заңды тұлға болып табылмайды. Олардың белгілері:

а) Дербес құқық субъектісі болып танылмайды;

в) Жеке мүлігі болмайды, олардың дербес балансы болмайды;

с) Олар өз аттарынан емес, оларды құрған заңды тұлға атынан қызметін жүзеге асырады;

d) дербес мүліктік жауапкершілік атқармайды, жауапкершілік заңды тұлғаға жүктеледі.

Филиал мен өкілдіктің айырмашылығын олардың атқаратын қызметінің мөлшерімен айыруға болады.

Филиал ҚР АК 43 бабына сəйкес заңды тұлғаның толық неме- се ішінара қызметін атқарады, сонымен қатар өкілдік қызметін де атқарады.

Ал, өкілдік оны құрған заңды тұлға мүддесінің құқығы мен өкілдігін қорғауды жүзеге асырады, заңды тұлға атынан мəмілелер жасайды. Яғни, филиал, мысалы, тауар өндірумен айналыса алады, ал өкілдік ондай қызмет атқара алмайды.

Филиалдар мен өкілдіктер оларды құрған заңды тұлға бекіткен ережелер негізінде қызмет етеді. Филиалдар мен өкілдіктердің бас- шыларын заңды тұлға уəкілдік берген орган тағайындайды жəне оның бас сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сенімхатта уəкілдік берілген басшылардың атқаратын мəмілелері мен құқықтық іс-əрекеттері көрсетіледі. Олардың іс-əрекеттері үшін заңды тұлға жауапты. Фили- алдар мен өкілдіктер тұрған жері бойынша есепке алынып тіркелуге жатады. Тіркелу үшін филиал (өкілдік) туралы ереже, оларды құрған заңды тұлғаның тіркелген құрылтай құжаттарының көшірмесі жəне филиал (өкілдік) құру туралы шешімнің көшірмесін тапсыру қажет.
3-тақырып. Шаруашылық серіктестіктер – коммерциялық ұйымдардың бір түрі ретінде. Коммерциялық ұйымдардың өзге де түрлеріне жалпы сипаттама.
ҚР заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарына талдау жасауға кірісерден алдын, ҚР заңнамасы тұрғысынан кəсіпкерлік қызметтің жалпы сипаттамасын беру қажет көрінеді. Өйткені көптеген заңды тұлғалар шаруашылық қызметпен айналысады жəне оның қарапайым азаматтар түсетін күнделікті мүліктік қатынастарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие екендігі сөзсіз. Сондай-ақ заң шығарушының өзі де кəсіпкерліктің негізгі ережелерін ҚР Азаматтық кодексінің алғашқы баптарында нормативті бекітуді қажет санайды.

Сонымен, ҚР АК 10-бабына сəйкес кəсiпкерлiк – меншiк түр- лерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жекеменшiкке (жеке кəсiпкерлiк) не мемлекеттiк кəсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кəсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кəсiпкерлiк қызмет кəсiпкердiң атынан, оның тəуекел етуiмен жəне мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.

Құқықтық мағынасында кəсіпкерлік тəуекел бірнеше нысандар- да көрініс табады:


  1. тапсырыс берілген тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді қолданудың тиімсіздігі кəсіпкерді ол тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді қабылдап алу мен ақы төлеуден босатпайды.

  2. егер, шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемедегі борышқор тарапындағы бірнеше кəсіпкерлер өздерінің міндеттемелерінің орын- далмағанына немесе тиісінше орындалмағанына ортақтасып жауап береді.

  3. егер шартта өзгеше көзделмесе, кəсіпкерлік қызметтен туын- дайтын міндеттемелер мерзімінен бұрын орындала алмайды. Соны- мен бірге, кəсіпкердің өзге де міндеттері шарттағы тиісті ескертпесіз- ақ мерзімінен бұрын орындалуы мүмкін.

  4. кəсіпкерлік қатынастардан туындайтын міндеттемені орындау барысында зиян келтірген кəсіпкер кінəсіз негіздерде жауап береді. Демек, кəсіпкердің жауаптылығы зиянның келтірілуіндегі оның кінəсін есептеместен орын алады. Мұндағы маңыздысы субъектінің (кəсіпкердің) мəртебесі жəне оның қызметі (кəсіпкерлік) болады.

ҚР азаматтық құқығында кəсіпкерлік қызметтің субъектілерінің бірнеше негіздер бойынша жіктелінетіндігі айтылуда. Мысалы, жеке кəсіпкерлік туралы заңда заңды тұлғалар мен дара кəсіпкерлердің үш түрі қарастырылады:

а) заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кəсіпкерлер жəне кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адам- нан аспайтын жəне жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60 000 еселенген АЕК аспайтын заңды тұлғалар шағын кəсіпкерлік субъектілері болып табылады;

б) заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кəсіпкерлер жəне жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50-ден астам, бірақ 250 адамнан аспайтын жəне жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 325 мың еселенген АЕК аспайтын заңды тұлғалар орта кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.

в) жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюд- жет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Енді заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары- на тоқталсақ. Өйткені олар белгілі бір нысанды алу арқылы ғана азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастарға қатыса алады.

Жоғарыда аталып өткендей, заңды тұлғалар коммерциялық жəне коммерциялық емес болып бөлінуі мүмкін. Ал коммерциялық заңды тұлғалар таңдай алатын ұйымдық-құқықтық нысандардың тізімі ҚР заңнамасында айтарлықтай нақты айқындалған.

Кəсіпкерлік қызметпен байланысты əркеттерді жүзеге асыруда ең кең таралған ұйымдық-құқықтық нысан, ол шаруашылық серіктестік болып табылады. Шаруашылық серіктестіктер туралы жəне оның же- келеген түрлері туралы жалпы ережелер ҚР АК берілген.

Шаруашылық серіктестіктердің құрылуы жəне қызмет етуі, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер туралы ҚР Заңымен де реттеледі. Шаруашылық серіктестік нысанында құрылатын коммрециялық ұйымдардың жеке түрлерінің құқықтық статусының ерешеліктері, нормалары АҚ сəйкес келетін арнайы заң актілермен көзделуі мүмкін.

ҚР АК 58-бабына сəйкес жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады.

АК шаруашылық серіктестіктердің келесідей түрлері бекітілген:



  1. толық серіктестік;

  2. жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  3. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

  4. сенім серіктестігі;

Бұл ұйымдық-құқықтық нысан да капиталдар мен тұлғалар бірлестігінен тұрады. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құ- жаттарына нотариат куəландыруға тиiс жарғы жəне құрылтай шарты жатады.

Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қыз- мет нəтижесi құқығын қоса алғанда жəне өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сəйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалып- тастырылатын арнайы қаржы компанияларын жəне Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сəйкес құрылатын ислам арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тəуелсiз сарапшы растауға тиiс.

Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушы- ның салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құ- жаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.

Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.

Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.

Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық жəне өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.

Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркелгеннен кейін қатысушылар мəртебесіне ие болады. Жалпы ереже бойынша шаруашылық серіктестіктің құрылтайшысы заңды жəне жеке тұлға бола алады.

Заңда шаруашылық серіктестік қатысушысы ретінде өкілдік, атқарушы жəне сот билігінің органдарына қатысуға тыйым сала- ды. Ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда шаруашылық серіктестік қатысушылары ретінде осы мақсаттарда арнайы құрыл- ған атқарушы органдар болуы мүмкін.

Толық серiктестiктен жəне сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден-бiр қатысушысына тиесiлi болады.

Заңнамада серіктестіктердің жарғылық капиталына, олардың мөлшерлеріне белгілі бір талаптарды қояды жəне осы арқылы серіктестіктің əр түрінің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері, оны қалыптастыру жəне өзгертудің тəртібі мен мерзімдері айқындалады.

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi жəне тиiсiнше олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар бо- лады. Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға жəне сатуға құқылы.

Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн орындауын жəне оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.

Осы белгiленген тəртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азай- ту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз болып табылады.

Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Шаруашылық серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын жəне оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп берiп отыра- тын атқарушы орган (алқалық жəне (немесе) жеке-дара құрылады). Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайлан- бауы мүмкiн. Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде басқарма (дирекция) байқаушы кеңес, заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының шешімінде көзделген жағдайлардан басқа да органдар құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамдарға қарағанда, ЖШС акциялар шығаруға құқығы жоқ, олардың жарғылық капиталы қатысу үлесіне бөлінеді. Өзге қатысушылардың үстеме бағамен сатып алу құқығымен ғана үлестерге қатысушалардың құқытары еркін иеліктен шығарылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өндірістік, сауда жəне қаржы қызметтері туралы жария түрде есеп беруден босатылуы оның келесі бір артықшылығы болып табылады.

Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қа- тысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.

Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола ала- ды. Толық серiктестiкке қатысушының қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан жəне өз мүдделерi немесе үшiншi жақтардың мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мəнiмен бiртектес мəмiлелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке келтiрiлген залалдың орнын толтыруын, не осындай мəмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы.



Толық серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қор құрады, оның мөлшерi қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан

сəтте Қазақстан Республикасында заңдармен белгiленген есептiк көрсеткiштiң жиырма бес мөлшерiнен кем болмауы керек (Шаруа- шылық серіктестіктер туралы Заңның 13-бабының 1-тармағы).

Серіктестіктің кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға оның мүшелерінің жекелей өздерінің қатысуы толық серіктестіктің құрлуының жəне қызмет етуінің басты факторы болып табылады. Құрылтайшылары беретін мүліктің негізінде шаруашылық жүргізу үшін құрылатын ұйымға қарағанда, шаруашылық серіктестіктің аталған түрі кəсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізу үшін құрылатын бірлестіктің рөлін атқарады. Демек, толық серіктестік өзінің табиғаты тұрғысынан жекелей бірлестік болып табылады жəне өзінің құрылтайшыларынан ірі капиталды талап етпейді.

Сондықтан да мұндай серіктестіктердің қызметінің негізі оның құрылтайшыларының салымы емес, олардың кəсіби тəжірибесі, іскерлік байланыстары жəне т.б. болмақ. Осыған байланысты толық серіктестіктердің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана бола алады. Заңды тұлғалар толық серіктестіктің қатысушысы ретінде болмауы тиіс.



Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда барлық қатысушылардың есiмi, сондай- ақ «толық серiктестiк» деген сөздер, не болмаса «жəне компания» де- ген сөздер қосылған, бiр немесе бiрнеше қатысушының есiмi, сондай- ақ «толық серiктестiк» деген сөздер болуы керек (шаруашылық серіктестіктер туралы Заңның 12-бабының 1-тармағы).

Толық серіктестікте екі қатысушыдан кем болмауы тиіс. Егер бір азаматпен құрылған толық серіктестігінде дербес кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мүлік кешені қалыптастырылмаса, онда не құрылтайшылар бірлестігі немесе ұйымдық ұжым емес не белгілі бір мүлікпен қызмет етуге құрылған ұйым емес бір құрылым құрылады.

Толық серіктестікке қатысушылардың жауапкершілігі белгілі бір ерекшеліктерге ие. Егер толық серiктестiк таратылған жағдайда оның барлық борыштарын өтеу үшiн нақтылы мүлкi жетпейтiн бол- са, серiктестiк үшiн жетiспейтiн бөлiгi жөнiнен оған қатысушылар ортақ жауапкершiлiктi өздерiнiң заң құжаттарына сəйкес ақы өндiрiп алынатын барлық мүлкiмен өз мойнына алады. Толық серiктестiктiң қатысушысы серiктестiктiң борышы бойынша оған өзі кiргеннен кейiн немесе кiргенге дейiн пайда болғанына қарамастан жауап бередi.

Толық серiктестiктiң борышын толық немесе iшiнара өтеген қатысушы тиiстi бөлiгiнде серiктестiк мүлкiндегi өз үлестерiне бара-

бар мөлшерде өзiнiң алдында үлестiк жауапкершiлiк тартатын қал- ған қатысушыларға керi талап қойып өтiнiш жасауға құқылы.

Толық серiктестiктен шыққан қатысушы серiктестiктен өздерi шыққан кезге дейiн пайда болған серiктестiк мiндеттемелерi бойын- ша өздерi серiктестiктен шыққан жыл iшiндегi серiктестiк қызметi ту- ралы есеп бекiтiлген күннен бастап екi жыл бойы жауап бередi.

Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн жəне серiктестiктiң кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады.

Салымшылар сенiм серiктестiгi iсiн басқаруға қатыспайды. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталының мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесiнiң жиынтық мөлшерi 50 пайыздан аспауы керек.

Қатысушылардың жауапкершілігі қатысу түріне қарай əр алуан болады. Толық серіктестер серіктестіктің борышы бойынша өздерінің барлық мүліктерімен ортақтасып жауап береді, ал салымшылар өз- дерінің салған салымдарының шегінде ғана жауапты болады.

Бұл ретте сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында са- лымшылардың толық серiктестiктердiң салымын (салымының бiр бөлiгiн) төлеу жөнiндегi мiндеттерi көзделуi мүмкiн. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерiн көздеп, тиiстi өкiлеттiксiз мəмiле жасаса, оның əрекеттерiн серiктестiк (толық серіктестер) мақұлдаған жағдайда мəмiле бойынша ол несие берушiлердiң алдында толық көлемiнде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшiншi жақтың алдында заңдар бойынша өзiнiң ақы өндiрiп алынатын бүкiл мүлкiмен жеке жауап бередi.

Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Салымшылардың сенiм серiктестiгiнiң атынан сенiмхатсыз əрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының толық серiктестердiң серiктестiк iсiн басқару жөнiндегi iс-əрекетiн даулауға құқығы жоқ.

Сенiм серiктестiгi оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серiктестер сенiм серiктестiгiн таратудың орнына оны толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы. Таратылу барысында салымшылар несие берушілердің талаптары

қанағаттандырылғаннан кейінгі қалған серіктестіктің мүлкінен са- лымды өндіріп алуға артықшылық құқықты иеленеді.

Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады. Мұндай серiктестiктің қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жа- уап бермейдi жəне серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тəуекел етедi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды.

Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады жəне серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне барабар сомадан кем болмауы керек. Егер ЖШС шағын кəсіпкерліктің субъектісі болып табылса, онда оның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 100 теңге сомасын- да болуы мүмкін. Жалпы жиналыс бекіткен мерзімде қатысушылар жарғылық капиталға салымдарын толықтай енгізуі тиіс. Мұндай мерзім ЖШС тіркеу күнінен бастап 1 жылдан аспауы тиіс.

ЖШС қатысушысы серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн өз қалауынша осы серiктестiктiң бiр немесе бiрнеше қатысушысына сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы.

ЖШС қатысушылары үшiншi тұлғалар алдында үлестi немесе оның бiр бөлiгiн сатып алуға артықшылық берiлген құқықты пайда- ланады. Үлестi (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға артықшылық берiлген құқықты қатысушылар серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз үлестерiнiң мөлшерiне пара-пар жүзеге асырады.

Егер қатысушының үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi жақтарға беру мүмкiн болмаса, ал серiктестiктiң басқа қатысушылары оны са- тып алудан бас тартса, серiктестiк қатысушыға оның нақты құнын төлеуге не оған сондай құнға сəйкес заттай мүлiк беруге мiндеттi.

ЖШС қатысушысы серiктестiк алдындағы өз мiндеттерiн бұзған жағдайда серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сəйкес сот бой- ынша осындай қатысушының үлесiн серiктестiктiң қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен мəжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы.

Өзiнiң кез келген қатысушыларының талабы бойынша ЖШС қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге тиiс. Тексеру осыны талап еткен қатысушының есебінен жүргізіледі.

Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi есе- ленген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктес- тiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.

ҚЖС қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өз- дерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап береді, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауапқа тар- тылады.

Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi ҚЖС құрылтай құжаттарында көзделедi. Жалпылай алғанда, ЖШС жəне ҚЖС туралы заңның 1-бабының 3-тармағына сəйкес ЖШС құқықтық мəртебесін реттейтін нормалар қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет