1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет9/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Тезисы лекции

басқа да органдар.


Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері

Басқару, əлеуметтiк-мəдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған жəне қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.

Өзіне бекітіліп берілген мүлікке деген мекеменің құқығы аза- маттық заңнамаға сəйкес айқындалады.

Меншік нысанына қарай мекемелер мемлекеттік жəне жеке деп жіктелінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңдарына сəйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Ре- спубликасы Үкіметінің жəне облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) əкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған жəне егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджеттiң немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.

Мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы белгiленген тəртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрыл- тайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Мемлекеттік мекеменің шарттық міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес жүзеге асы- рылады.

Басқарушылық, əлеуметтiк-мəдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке жəне (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттiк құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке мекеме деп танылады.

Жеке мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен бекi- тiлiп берiледi.

Жекеменшiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билi- гiндегi ақшамен жауап бередi. Ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда мемлекеттiк емес мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрыл- тайшысы жауапты болады.

Қоғамдық бiрлестiктер болып, азаматтардың Қазақстан Рес- публикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақ- саттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған ұйымы танылады.

Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Азаматтар жəне (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарна- лар негiзiнде құрған, əлеуметтiк, қайырымдылық, мəдени, бiлiм беру жəне өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.

Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) ше- шiмiмен тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органы – қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесi құрылады, ол қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сай келуiне бақы- лау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекiтiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Жұбайлық жəне жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi, сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды.

Қордыңатқарушы органы қордыңжоғарыбасқару органының жəне тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде жəне оларды орындау мақсатында жұмыс iстейдi жəне соларға есеп бередi.

Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерi қордың құрылтай құжаттарын, осы заңды жəне Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру мiндетiнен босатылады.

Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды. Басшы құрылтай құжаттарының, қорды басқару органының шешiмдерi негiзiнде қордың атынан мəмiлелер жасауға құқылы.

Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi бо- лып табылады.

Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқығы жоқ жəне оларды мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жарғыда белгiленген тəртiппен құрылтайшылардың жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкiн.

Қор жарғыда белгiленген мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Тексерушiнi сайлау тəртiбi жарғыда белгiленедi; аудиторлық ұйымдар заңдарда белгiленген тəртiппен тартылады.

Қор жыл сайын ресми басылымдарда өз мүлкiн пайдалану тура- лы есептi жариялауға мiндеттi.

Құрылтайшыларының құрамына, сондай-ақ қызмет ету саласына қарай жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар құрылуы мүмкін.

Қызметінің мақсаттарына қарай əлеуметтік, қайырымдылық, мəдени, білім беру жəне өзге де қорлар құрылуы мүмкін.

Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың – бiр отбасы мүше- лерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нота- риалды куəландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн.

Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың – коммерциялық жəне (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады.

Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың жəне (немесе) заңды тұлғалардың – қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық қор деп танылады.

Мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тəртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор деп танылады.

Қатысушылардың материалдық жəне өзге қажеттерiн қана- ғаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.

Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады.

Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық жəне өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.

Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жəрдем беру жөнiнен ортақ жауапты болады.

Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi ара- сында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi.

Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекi- тiлгеннен кейiн пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған

ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тəртiбi- мен таратылуы мүмкiн.

Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ор- тақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тəртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп та- нылады.

Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен ак- циялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайда- ланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады.

Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды жəне айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның құрылтай шарты осы шартқа əрбiр құрылтайшының немесе оның уəкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы жасалады.

Дербес бiлiм беру ұйымдары, нотариаттық палаталар, адвокаттар жəне жеке сот орындаушылары алқалары, сауда-өнеркəсiп палатала- ры, кəсiби аудиторлық ұйымдар, меншiк пəтер иелерi кооперативтерi жəне басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық- құқықтық нысанда құрыла алады.

Коммерциялық ұйымдар өздерiнiң кəсiпкерлiк қызметтерiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүлiктiк жəне өзге де мүдделердi бiлдiру жəне қорғау мақсатында өзара шарт бойынша, сондай- ақ коммерциялық емес ұйымдармен бiрлесiп қауымдастықтар (одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады.

Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына) ерiктi түрде бiрiге алады.

Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өзiнiң дербестiгiн жəне заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады.

Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойын- ша жауап бермейдi. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай

құжаттарында көзделген мөлшерде жəне тəртiпте субсидиарлық жауаптылықта болады.

Қауымдастық (одақ) мүшелерi, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталған соң өзiнiң қалауы бо- йынша қауымдастықтан (одақтан) шығуға құқылы. Бұл жағдайда қауымдастық (одақ) мүшесi өзi қауымдастықтан шыққанға дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша шыққан кезiнен бастап екi жыл бойына оның өзiнiң жарнасына бара-бар субсидиарлық жауаптылықта болады.

Қауымдастық (одақ) мүшесi қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында белгiленген реттерде жəне тəртiппен қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң шешiмi бойынша одан шығарылуы мүмкiн. Қауымдастықтың (одақтың) шығарылған мүшесiнiң жауапкершiлiгiне қатысты қауымдастықтан (одақтан) шығуға жататын ереже қолда- нылады.

Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң келiсiмiмен оған қауым- дастықтың жаңа мүшесi кiре алады. Қауымдастыққа (одаққа) жаңа мүшенiң кiруi қауымдастықтың (одақтың) ол кiргенге дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша оның субсидиарлық жауаптылықта байла- ныстырылуы мүмкiн.
5-тақырып. Азаматтық құқықтың объектілері . Бағалы қағаздар – азаматтық құқықтың объектісі
Мүлiктiк жəне жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар аза- маттық құқық объектiлерi бола алады.

Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нəтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер жəне бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.

Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тастал- маса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға əмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тəртiбiмен не өзге де əдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.

Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алы- нып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi.



Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы жəне басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер жəне жер- мен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.
Мемлекеттiк тiркеуге жататын əуе жəне теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойын- ша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.

Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiле мемлекеттiк тiр- келуге тиiс. Қозғалмайтын мүлiкке құқықты жəне онымен жасала- тын мəмiленi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша тiркелген құқық немесе мəмiле туралы құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.

Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалған мəмiленi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асыру- шы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға беруге мiндеттi.

Қозғалмайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Мемлекеттiк тiркеу тəртiбi жəне тiркеуден бас тарту негiздерi қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiленi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.

Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кəсiпорын деп танылады. Кəсiпорын тұтасымен мүлiктiк кешен ретiнде қозғалмайтын мүлiк деп танылады Мүлiктiк кешен ретiнде кəсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, та- уар белгiлерi) жəне, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi. Кəсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, арендаға беру жəне заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге жəне тоқтатуға байланысты

басқа да мəмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.

Мүлiк бөлiнетiн жəне бөлiнбейтiн болуы мүмкiн.



Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз – бөлу нəтижесiнде бөлiктерi өз мақ- сатын (мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк.

Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз – өзiнiң шаруашылық мақсатын (мiндетiн) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұй- ғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлiк.

Құқық объектiлерi ретiнде бөлiнбейтiн заттардың ерекшелiктерi заңдарда белгiленедi.

Егер əртектi заттар оны бiрiгу мəнi белгiлейтiн мақсаты бойынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат (күрделi зат) деп қаралады. Күрделi зат жөнiнде жасалған мəмiленiң күшi, егер шартта өзгеше белгiленбесе оның барлық құрамдас бөлiктерiне қолданылады.

Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған жəне ортақ шаруашылық мақсатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын зат, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi.

Мүлiктердi пайдалану нəтижесiнде алынған түсiм (жемiстер, өнiмдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлiктi пайдалану ту- ралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлiктi заңды негiзде пайдала- нушы адамға тиесiлi болады.

Заңдарда өзгеше белгiленбегендiктен, жануарларға заттар тура- лы жалпы ережелер қолданылады.

ҚР АК 125 бабында интеллектуалдық меншік ұғымы берілген. Азаматтық Кодексте жəне өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тəртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нəтижелерiне жəне оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi жəне т.б.) ерекше құқығы танылады.

Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нəтижелерi мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.

Қызметтiк жəне коммерциялық құпия

Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын жəне ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе

коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.

Мұндай ақпаратты заңсыз əдiстермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табыла- ды. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бой-

ынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма-қол тө- леп жəне қолма-қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асы- рылады. Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттерi, тəртiбi мен шарттары Қазақстан Рес- публикасының заңдарында белгiленедi.

Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi жəне олар арқылы мəмiлелер жасау тəртiбi заң құжаттарында белгiленедi. Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасын- да жалпы негiздерде қорғалады.

Қаржы құралы – операциялар нəтижесiнде бiр ұйымның қаржылық активiмен бiр мезгiлде басқа ұйымда қаржылық мiндеттеме немесе үлестiк құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары.

Қаржылық актив – ақшасын, басқа ұйымның үлестiк құралын бiлдiретiн кез келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi алуға немесе өзi үшiн ықтимал тиiмдi жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық мiн- деттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйым- ның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн жəне бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы мiндеттi бо- латын туынды құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң белгiленген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айыры- су ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының белгiленген санына кез келген өзге тəсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт.

Қаржылық мiндеттеме – ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi басқа ұйымға беру немесе өзi үшiн ықтимал тиiмсiз жағ- дайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық

мiндеттемелерiмен алмасудың шартты мiндеттемелерiн бiлдiретiн кез келген мiндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн жəне бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы санын беретiн жəне беруге мiндеттi болатын туынды емес құрал неме- се ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң тiркелген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының тiркелген санына кез келген өзге тəсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт.



Үлестiк құрал – ұйымның барлық мiндеттемелерi шегерiлгеннен кейiн қалатын оның активтерiндегi қалдық үлесiне құқығын растай- тын кез келген шарт.

Туынды қаржы құралдары болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүргiзудi көздейтiн, құны шарттың базалық активiнiң мөлшерiне (мөлшердiң ауытқуын қоса алғанда) тəуелдi шарт. Туын- ды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своп- тар жəне осы белгiлерге сай келетiн басқа да туынды, оның iшiнде жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының комбинациясы бо- лып табылатын қаржы құралдары жатады.

Тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, пайыздық ставкалар жəне нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары туынды қаржы құралдарының базалық активтерi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет