1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет7/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Тезисы лекции

Акционерлік қоғам ұғымы.


Акционерлік қоғамның заңдық статусын анықтайтын негізгі нормативтік құқықтық акті 2003 жылдың 13 мамырынды қабылдан- ған «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң болып табылады.

Бұрынғы қолданылып жүрген қазақстандық заң акционерлік қоғамдарды жалпы шаруашылық серіктестер ұғымына кіргізген. Бірақ 1998 жылғы 10 шілдедегі Заң бұл коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарын қатаң шектеді, себебі шаруашылық серіктестіктер тек жалпы капиталымен ғана біріктірілмейді, сонымен қатар жеке де қатынастарға байланысты. Бұл серіктестіктер қатысушылар үлесінің айналымқабілеттіліктерін шектеуде, кейбір жағдайларда серіктестік қарыздары бойынша қатысушыларға жауапкершілік жүктеу жəне өзге де ерекше белгілер бойынша құрылады.

Бұған қарағанда акционерлік қоғамның өз мазмұны капиталдар- ды қатысушылар арасында жеке қатынассыз біріктіру нысаны болып табылады.

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында ак- циялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Бұл анықтама акционерлік қоғамды коммерциялық ұйым ретінде сипаттайды. Сонымен қатар, заңда акционерлік қоғамның коммерциялық емес ұйым ретінде құрылуына жол беріледі (Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы).

Акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады жəне оның барлық белгілерін иеленеді: өзінің дербес балансында есептелінетін оқшау мүлкi болады жəне сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талап- кер жəне жауапкер бола алады.

Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Бұл заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны ретіндегіакционерлік қоғамның басты белгісі болып табылады: акционерлік қоғамның мүлкінің акционерлер мүлкінен оқшаулануы, акционерлердің тəуекелі өздеріне тиесілі акциялардың құнымен шектелген.

ҚР АК жəне АҚ туралы Заңда акционердің Заңда көзделген реттерді қоспағанда өзі қоғамның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтін, өзінің акцияларының құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындық тəукелге баратыны туралы жалпы ережелер қамтылған.

Сонымен қатар, Заңда акционерлердің шектеулі міндетерінің жал- пы қағидаларына жатпайтындары белгіленген.



Біріншіден, акционерлер бір мезетте қоғамның лауазымды адам- дары болған ретте: Заңның 63-бабы кінəлі əрекеттері арқылы қоғамға келтірілген залал үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарастырады.

Екіншіден, АҚ туралы Заңның 74-бабында мəмiле жасасудың Заңда көзделген тəртiбiне қойылатын талаптарын бұза отырып қоғаммен мəмiле жасалуына мүдделi тұлғаның қоғам алдында өзiнiң қоғамға келтiрген залалы мөлшерiнде жауапты болатындығы бекітілген. Егер мəмiленi бiрнеше тұлға жасаса, олардың қоғам алдындағы жауапкершiлiгi ортақ болады.

Үшіншіден, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зей- нетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тəртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.

Қолданылып жүрген заңда АК бірнеше түрелері бар, əртүрлі негіздер бойынша түрлі топтарға бөлінеді.

Қызмет ету мақсаттарына қарай коммерциялық жəне ком- мерциялық емес болып бөлінеді.

Құрылу ерекшеліктеріне, басқару сипаты мен акцияларының құқықтық режиміне қарай акционерлік қоғамдар туралы заң бұрын жабық жəне ашық акционерлік қоғамдар деп бөлген. Қазіргі қол- даныстағы АҚ туралы заңда мұндай жіктелу көзделмеген.

Құқықтық жағдайының ерекшеліктеріне, АҚ түрлі белгілеріне қарай өзге де ұйым топтарын белгілеуге болады. Қоғамның құ- рылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін, яғни барлық дауыс беру акциялары бір меншік иесіне тиесілі болады. Бұл акционерлік қоғамның жеке-дара құрылтайшысы не құрылтайшыларынан неме- се қатысушыларынан барлық дауыс беру акцияларын сатып алған қоғамның қатысушысы болуы мүмкін. Акцияларды осылай ұстаудың құқықтық салдары келесідей болады. Біріншіден, мұндай акцио- нерлік қоғамда жоғары орган (акционерлердің жалпы жиналысы) болмайды, оның өкілеттілігі акцияларды жеке-дара ұстаушыға өтеді. Екіншіден, жалпы жиналысты шақыру, кворум, ұсақ акционерлердің құқықтарын қорғау жəне т.б. мəселелер өзектілігін жоғалтады.

Келесі акционерлік қоғамдардың ерекше тобының мына ұлттық компанияларда атауға болады («Қазмұнайгаз» ҰК, «Қазпошта» ҰК,

«Қазақтелеком» ҰК жəне т.б.). АҚ туралы Заңның 5 тарау 34-бабына сəйкес мемлекеттік акциялар пакетін иелену жəне пайдалану құқы- ғын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіреді.

Құқыққабілеттілігіне қарай ерекшеліктері, коммерциялық негіз- де пайда болған акционерлік қоғамдар коммерциялық емес қоғамдар жалпы емес арнайы құқыққабілеттілікке ие, яғни олар тек заңда жəне құрылтай құжаттарында белгіленген қызмет түрімен ғана айналыса алады (биржалар, зейнетақы қорлары жəне т.б.).

Сондай-ақ, логикаға сүйенсек, жалпы құқыққабілеттілігіне ие болуы тиіс коммерциялық АҚ құқыққабілеттілігіне заңнаманың өзінде кейде шектеулер қойылады. Атап айтқанда, «Сақтандыру қызметі туралы» Заңда мұндай қызметпен тек акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымдардың ғана айналы- са алатындығы айтылады (22-бап). Осы заңның өзінде сақтандыру ұйымдарына сақтандыру қызметінен өзге қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салады (11-бап).

АҚ туралы заңның 6-бабына сəйкес акционерлік қоғам құрылтайшылар шешімімен жаңа акционерлік қоғам болып немесе заңды тұлғаны қайта құру негізінде (қосылу, бірігу, бөліп шығару, біріктіру, қайта құру) құрылуы мүмкін.

Заңның 5-11 баптарында акционерлік қоғамның құрылу тəртібіне бірнеше талаптар қойылған. Акционерлік қоғамды тіркеу кезіндегі қосымша талаптар акционерлік қоғамның тіркеу тəртібін реттейтін актілермен белгіленеді, ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заңы 17 сəуір 1998 жылдың №335-II немесе ҚР Əділет Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетінің Бұйрығы, №66, 23 сəуір 1999 жыл «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережелерін бекіту туралы».

Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып құрылтай шарты жəне жарғы табылады. Құрылтай шарты негізінде заңды тұлғаны құру кезіндегі құрылтайшылар арасындағы қатынастар реттеледі. АҚ туралы заңның 7-бабының 1-тармағында құрылтай шартының мазмұны берілген.

Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мəліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табыла- ды.

Құрылтай шартында өзге де деректермен бірге құрылтайшылар- дың арасында акцияларды орналастырудың тəртібі мен мерзімі қарастырылады. Құрылтай шартының қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады (7-баптың 4-тармағы).

Жарғы АҚ туралы заңның 9-бабына сəйкес акционерлік қоғамды құру кезіндегі басты құрылтай құжаты болады.

Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретiндегi құқықтық мəртебесiн айқындайтын құжат болып табылады. Қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға жəне нотариалды куəландырылуға тиiс.

АҚ қайта құрылуының өзінің ерекшеліктері бар. Қайта құру- дың барлық нысандарының жалпы шарты болып табылады:


Кезектер

Құжат түрі

Қажет іс-əрекеттер

1

Құзырлы органның қайта құру туралы шешімі



Мүлікті түгелдеуді бекіту, салық ұйымын жəне бюджеттен тыс қор- ларды қайта құру туралы хабардар ету, тапсыру актісін құрастыру мерзімдерін бекіту, (бөлу балансы), бухгалтерлік есептілік жасау мерзімдерін анықтау, т.б.

2

Қосылу немесе біріктіру туралы шарт



Құрылтайшылардың жалпы жина- лысы бірігу немесе қосылу туралы шарты қоғамның жарғысын немесе оған енгізілген қосымшалар мен толықтыруларды бекітеді

3

Мүлікті түгелдеу тізімдемесі

Қайта құрылатын тұлғаның барлық мүлік түрлерін жəне міндеттемелерін анықтау.

4

Бағалау актісі



Шешімде бекітілген тəсілдермен мүлікті жəне міндеттемелерді

бағалау.


5

Тапсыру актісін

(бөлу балансы)



Мүлік пен міндеттемелерді тапсыруды растайтын құжаттарды дайындау.

6

Қорытынды бухгалтерлік есеп

Қорытынды бухгалтерлік есептілік-кіріспе бухгалтерлік есептілік жасаудың негізі

7

БАҚ

хабарландыру



Қайта құру туралы БАҚ хабарландыру беру

8

Жаңа құрылтай құжаттары



Жаңа заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар немесе сондай құжаттарды қайта толтыру.

9

М емлекеттік тіркелім туралы акт

Тіркеу органында (қайта құру нысаны ретінде біріктіруді санамағанда) жаңа құрылтай құ-

жаттарын тіркеу.


Акционерлік қоғамның мүлікінің қалыптастыруының қайнары болып табылатын, алғашқы жарғылық капиталы болуы міндетті.

Несие берушілері онымен міндеттемелік қатынастарға түскенде қоғамның өзіне алған міндеттерінің орындалуы қандай құн мөл- шерінде боларын білуі тиіс.

Бұл мақсат жарғылық капиталды құқықтық реттеу кезінде көз- делген нормаларды бекіту жəне іске асыру негізінде жүзеге асыры- лады:



  1. жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері (АҚ туралы Заң

10-бап);

  1. акционерлік қоғамды құру кезінде оның барлық акцияларын құрылтайшыларының арасында орналастыру қажеттілігі (АҚ туралы Заңның 11-бабының 1-тармағы);

  2. қоғамның жарғылық капиталын құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс (АҚ туралы Заңның 11-бабының 2-тармағы).

Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы ҚР заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады, ол ҚР ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда бекітіледі (АҚ Заң 10 бап).

Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға жəне оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiстігін АҚ туралы заң императивті түрде бекітеді.

Акционерлердің өзіне берген мүліктің, шаруашылық қызмет нəтижесінде қоғамның өндірген өнімдерінің, алынған табыстардың сондай-ақ заңнамамен тыйым салынбаған өзге де негіздер бойынша алынған мүліктер акционерлік қоғамның меншік құқығына түседі. Қоғамның дербес балансында сипатталатын басты қорлар мен ай- налымдағы құралдар, сондай-ақ өзге де құндылықтар қоғамның мүлкін құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сəйкес акционерлік қоғамның жарғы- лық капиталы акционердің ақшасын немесе өзге де мүлкін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы қалыптасады. АҚ туралы заңның 21-бабына сəйкес оның орналастырылатын акцияларын төлеуге ақ- ша, мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) жəне өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.

АҚ туралы Заңның 12-бабына сəйкес акционерлік қоғам акция- ларды жəне өзге де бағалы қағаздарды шығаруға құқылы. Мүлік- тің ерекше бір түрі жататын акциялар мен облигациялар азаматтық құқықтың, яғни меншік құқығының, кепілдің жəне т.б. объектісі бо- лып табылады. Акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаздарға қатысты азаматтық-құқықтық мəмілелерді жасасудың ерекшелігі бағалы қағаздар туралы заңнамамен айқындалады. Бүгінгі күні ҚР 2003 жылдың 2 шілдесіндегі «Бағалы қағаздар туралы» заңы осы саладағы негізігі заң болып табылады.

Акция акционерлік қоғам шығаратын жəне акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд жəне қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куəландыратын бағалы қағаз (АҚ тура- лы Заң 12-бап,1-тарау).

Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мəселелерді шеш- кен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді (АҚ туралы Заңның 13-бабы).

Акционердің ең маңызды құқығы салынған капиталдан табыс алу емес, акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру арқылы АҚ ісін басқаруға қатысуы болып табылады. Акциялардың барлық иелері бірдей құқық мөлшеріне ие.

Артықшылықты акциялардың ерекшелігі ҚР АҚ туралы Заңының 13-бабына сəйкес меншік иелері – акционерлердің жай акциялардың меншік иелері – акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып, кепілдік берілген мөлшерде ди- видендтер алуға жəне қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.

Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.

Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді, егер:


  1. қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мəселені қараса. Шектеу қою үшін орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мəселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі;

  2. қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйым- дастыру не тарату туралы мəселені қараса;

  3. артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөл- шерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді (АҚ туралы Заңның 13-бабының 4-тармағы).

Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) не- месе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға жəне дивидендтер алуға қатыспайтын бір «алтын акцияны» енгізуі мүмкін. «Алтын акция» иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мəселелер бойынша вето қою құқығы болады. «Алтын акция» куəландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс (АҚ туралы Заңның 13-бабының 5-тармағы). АҚ акциялары тек атаулы болуы мүмкін (ҚР АК 91-бабының

  1. тармағы), қазіргі қолданыстағы ереже акциялардың кімге тиесілі екендігін жəне қазіргі иесіне олардың қалай өткендігін нақты білуге бағытталған.

АҚ туралы Заңның 12-бабының 1-тармағына сəйкес қоғамның барлық акциялары құжатсыз нысанда шығарылады.

Акционерлік қоғамның мүлкін құраған кезде акционерлердің жарғылық капиталға салымдарынан басқа сыртқы заемдарда құрастыру қайнарлары болып табылады. Заемның ең қарапайым ны- саны болып ҚР банктердің несиесі саналады. Қолданыс аясы кеңейіп келе жатқан облигацияны қосымша қаражат тартудың бір көзі ретінде атауға болады. Бұл, акционерлік қоғамға тек заңды тұлғалардың ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғалардан да қаражат тарту мүмкіндігін береді.

АҚ қамтамасыз етілген жəне етілмеген, купондық жəне дисконттық облигацияларды шығаруға құқылы. Бағалы қағаздар

бойынша табыстарды төлеу нысаны, əдісі мен тəртібі акционерлік қоғамның жарғысында немесе заңнамалық актілерде қарастырылған ерекшеліктерді ескере отырып, бағалы қағаздарды шығару проспек- тісінде айқындалады.

Акционерлiк қоғам қоғамның мынадай акциялары бойынша:


    1. өз капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе, егер қоғамның өз капиталының мөлшерi дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нəтижесiнде терiс болса;

    2. егер ол Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сəйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дəрменсiздiк белгiлерiне сəйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акция- лары бойынша төлеу нəтижесiнде пайда болса, дивидендтер төлеуге құқылы емес.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен акционерлiк қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер төлеуге тыйым сала- тын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн. Акционерлiк қоғам заңдарда белгiленген тəртiппен туынды бағалы қағаздар, опциондар мен айыр- басталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

Облигация – шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала бел- гiленген, оны шығару шарттарына сəйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу жəне оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куəландыратын бағалы қағаз (ҚР АК 136-бабы).

Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.

Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар опциондарды жасаса алмайды.

АҚ туралы заңның 33-бабына сəйкес мыналар қоғам органдары болып табылады:


  1. жоғары орган акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дау- ыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда сол акционер);

  2. басқару органы – директорлар кеңесі;

  3. атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.

Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінебақылаудыжүзегеасыру үшін кемінде үш мүшеден тұратын ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін (АҚ туралы Заңның 61-бабы). Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері

директорлар кеңесінің жəне атқарушы органның құрамына сайлана алмайды. АҚ басқарудың өзге де органдарын құруға жəне олардың қызметіне заңнамаға жəне акционерлік қоғамның жарғысына сəйкес бақылау орнатуға заңнама акционерлерге мүмкіндік береді.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын АҚ басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар. Заңды тұлғалардың жарғылық капита- лына мемлекеттің қатысуы бұл, бір жағынан кəсіпкерлік қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына тікелей мемлекеттік инвести- ция арқылы оларды қолдау болса, ал, екінші жағынан мемлекеттік меншіктегі акциялар пакетін басқару жөніндегі қызмет болып табы- лады. Бұл бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметті мемлекеттің атынан мемлекеттік меншікке билік етуге уəкілеттілік берілген тиісті мемлекеттік органдар, ҚР Үкіметінің шешімімен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады жəне бұған қатысу арқылы əрбір акционер АҚ басқаруға қатысу жөніндегі өзінің құқығын жүзеге асы- рады. Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер тиісті хаттама жасасу арқылы рəсімделеді.

АҚ туралы Заңның 36-бабында акционерлердің жалпы жина- лысының айрықша құзыретіне жататын мəселелер бекітілген.

Акционерлік қоғамның қызметіне жалпы басқаруды директорлар кеңесі жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің мүшесі тек жеке тұлғалар ғана бола алады.

Директорлар кеңесiнiң мүшелерi:



  1. акционер – жеке адамдар;

  2. директорлар кеңесiне акционерлердiң өкiлдерi ретiнде сайлауға ұсынылған (ұсыныс берiлген) адамдар;

  3. басқа адамдар (Қоғамның акционерi емес жəне акционердiң өкiлi ретiнде директорлар кеңесiне сайлауға ұсынылмаған (ұсыныс берiлмеген) жеке адам директорлар кеңесiнiң мүшесi болып сайла- на алады. Мұндай адамдар саны директорлар кеңесi құрамының елу процентiнен аспауы керек) арасынан сайланады.

Директорлар кеңесінің айрықша құзіреті заңдарда айқындалған.

Құқықтың өзге субъектілерімен болатын қатынастардағы акционерлік қоғамның мүддесін тікелей қорғайтын орган атқарушы орган болып табылады. Қоғам өзінің атқарушы органы арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленеді.

Атқарушы орган өкілеттілігінің аясына акционерлердiң жалпы жиналысы мен директорлар кеңесi шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру, сондай-ақ шарттар мен мəмілелерді жасасу, қоғамның мүлкіне билік ету, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жəне шығаруды, АҚ өзге де басқару органдарының айрықша құзіретіне жатпайтын өзге де мəселелерді шешуді қоса алғанда, АҚ күнделікті ісін басқару міндеттері жатады.

Акционерлiк қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) не- месе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Өзге лауазымды тұлғалар (директордың орынбасары, қаржы директо- ры жəне т.б.) жеке-дара атқарушы органның қызметін қамтамасыз ете отырып, өздеріне директор ұсынған өкілеттілік шегінде акционерлік қоғамды басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады.

Азаматтардың бiрлескен кəсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына жəне өндiрiстiк коопера- тив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.

Өндірістік кооперативтің құқықтық мəртебесі ҚР 1995 жылдың 5 қазанындағы «Өндірістік кооператив туралы» заңымен айқындалады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кез келген 16 жасқа толған, кооператив қызметінде жеке еңбек қатынаста бола алатын жеке тұлға бола алады. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары бастапқы капиталды қалыптастырады жəне кооператив қызметiн құру мен ұйымдастыруға, сондай-ақ шығындарды жабуға арналады. Мүлiктiк жарналардың құрамы мен мөлшерi, сондай-ақ оларды енгiзу тəртiбi, жолдары мен мерзiмi құрылтай шартында немесе жарғыда белгiленедi. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша заңнамада көзделген мөлшер мен тəртiп бойынша қосымша (субсидиарлы) жауапты болады. Кооперативтің міндеттемелері бой- ынша кооператив мүшелерінің қосымша жауапкершілігінің шекті мөлшері құрылтай құжаттарымен айқындалады, алайда ол коопера-

тив мүшесінің жарнасының құны мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Өндірістік кооперативтің жоғары органы мүшелердің жалпы жиналысы болып табылады. Сондай-ақ, кооперативтегі атқарушы органның қызметіне қадағалау жүргізу үшін бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Осы ретте, бақылау кеңесі мен басқарманың мүшелері тек кооператив мүшелері ғана бола алады. Бақылау кеңесінің мүшелері бірмезетте басқарма мүшесі немесе кооператив төрағасы бола алмай- ды.

Басқарма мен оның төрағасы кооперативтің атқарушы органы бо- лып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет