1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет3/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Тезисы лекции

Жеке кəсіпкердің банкроттығы


Жеке кəсіпкердің дəрменсіздігі оны банкрот деп тануға негіз болып табылады. Жеке кəсіпкерлік банкроттығы АК 21 бабының 4-5-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша ерікті немесе мəжбүр- лі тəртіппен танылады. Жеке кəсіпкерді банкрот деп таныған кезден бастап оны жеке кəсіпкер ретінде тіркеудің күші жойылады.

Жеке кəсiпкерге банкроттық рəсiмiн қолданған кезде оның кəсiп- керлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер жөнiнде несие берушiлерi, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi жетсе, өз талаптарын қоюға хақылы. Аталған несие берушiлердiң осындай тəртiппен мəлiмделмеген талаптары, сондай-ақ конкурстық жиынтықтан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады жəне банкроттық рəсiм аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерден өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына кемiтiледi.

Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғанға дейiн конкурстық жиынтықтан сот шығыстары, сондай-ақ олар тағайындалған жағдайда конкурстық жəне оңалтушы басқарушылар- ға сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстар өтеледi. Жеке кəсiпкер бан- крот деп танылған жағдайда, оған несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру соған тиесiлi мүлiк есебiнен мынадай кезектiлiкпен жүзеге асырылады:



  1. бiрiншi кезекте алимент өндiрiп алу жөнiндегi талаптар, сондай-

ақ өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi талаптар қанағаттандырылады;

  1. екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адам- дарға еңбекақы жəне өтемақыларды төлеу, Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу жөнiндегi, тұлғаның кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi;

  2. үшiншi кезекте несие берушiлердiң жеке кəсiпкерге тиесiлi мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптарын қамтамасыз ету со- масы шегiнде қанағаттандырылады;

  3. төртiншi кезекте салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiн- деттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;

  4. бесiншi кезекте заңнамалық актiлерге сəйкес басқа да несие берушiлермен есеп айырысулар жүргiзiледi.

Əр кезектегі несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заңды актілерінде көзделген тəртіп бойынша жүргізіледі.

Банкрот деп танылған борышкер несие берушiлермен есеп ай- ырысып болғаннан кейiн кəсiпкерлiк қызметке байланысты қалған мiндеттемелердi орындаудан босатылады, бұған банкрот деп жарияланған адамның азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын талаптары, сондай-ақ Қазақ- стан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптар қосылмайды.

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар мəмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының немесе қор- ғаншыларының келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кəмелетке толмағандар жасайтын мəмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне жəне өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мəмiлелер жасасуға құқылы. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық жəне қамқоршылық органы кəмелетке толмаған адам- ның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне жəне өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар осы

баптың ережелерiне сəйкес өздерi жасаған мəмiлелер бойынша дер- бес жауапты болады жəне өздерiнiң əрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн АК ережелерi бойынша жауап бередi.

Он төрт жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандардың əрекетке қабiлеттiлiгi


Он төрт жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар үшiн мəмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-ана- сы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жас- қа дейiнгi кəмелетке толмағандар өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мəмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Заң құжаттарында кəмелетке толмағандардың мəмiле жаса- уына жəне кəмелетке толмағандар үшiн мəмiле жасауға қорғаншы- лық жəне қамқоршылық органының алдын ала келiсiмi талап етiлетiн жағдайлар белгiленуi мүмкiн. Кəмелетке толмағандар банкiлерге салымдар салуға жəне өздерi салған салымдарға дербес билiк етуге құқылы. Он төрт жасқа толмаған кəмелетке толмағандардың атына басқа бiреудiң салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi билiк етедi, ал он төрт жасқа толған кəмелетке толмағандар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.

Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз əре- кеттерiнiң мəнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн аза- матты сот əрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байла- нысты оған қорғаншылық белгiленедi. Əрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мəмiлелердi оның қорғаншысы жасайды. Əрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едəуiр жақсарған жағдайда сот оны əрекетке қабiлеттiлiгi бар деп та- ниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.

Спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдары- нан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың əрекет қабiлеттiлiгiн сот Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тəртiп бойынша шек- теуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мəмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мəмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын жəне өзге де кiрiстерiн алуды жəне оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады.

Азамат спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға жəне нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның іс-əрекет қабi- леттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.


Заңды тұлғалар.

Заңды тұлға деп меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе же- дел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар жəне сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзе- ге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым та- нылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады (ҚР АК 33-бабы).

Заңды тұлғаның негізгі белгілері – азаматтық айналымда өз атынан жауап беру, мүліктік оқшаулық жəне өз міндеттері бойынша жеке мүліктік жауапкершілік.

Мүліктік оқшаулық заңды тұлғаның атында заң құжаттары ар- қылы танылатын жəне қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқығы. Көбінесе, мүлік заңды тұлғаның меншік құқығында болады. Өзге жағдайларда заңды тұлғаның мүлкі шаруашылық жүргізу құқығы негізінде таныла- ды, бұндай құқықтарға тек мемлекеттік кəсіпорындар ие. Өйткені мүлікке меншік құқығы меншік иесінің өзіне тиесілі болады, ал заңды тұлғаның мүлікке билік ету құқығына белгілі шектеулер қойылады. Ал, мүлікті иелену жəне пайдалану құқығына шектеулер қойылмаған. Кейбір заңды тұлғалардың мүлкі ең шектеулі заттық құқық бо- лып табылатын жедел басқару құқығы негізінде беріледі. Мұндай құқықтарға мекемелер жəне қазыналық кəсіпорындар ие.

Бірақ кез келген жағдайларда мүлік:

А) іс жүзінде заңда тұлғаға тиесілі болады,

B) оның қызметінің материалдық базасы болып табылады,

С) заңды тұлғаның қарыздары жəне міндеттемелері бойынша материалдық жауапкершілігін өтеудің қайнар көзі болып табылады, жеке баланс немесе сметамен бекітіледі.

Өз міндеттемелері бойынша заңды тұлға өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Аталған заңды тұлғаның борыштары бо- йынша оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның қызметкерлері, өзге заңды тұлғалар не мемлекет жауап бермейді. Өз кезегінде, ол да

өзінің құрылтайшыларының, қызметкерлерінің, өзге заңды тұлғалар мен мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Сонымен бірге, бұл ережеден АК 44-бабында өзгеше белгілі бір ережелер бекітілген. Дегенмен, мұндай өзгешеліктер болғанның өзінде де, борыштары бойынша бірінші кезекте заңды тұлғаның өзі жауап береді жəне оның мүлкі жеткіліксіз болған кезде ғана заңда белгіленген өзге тұлғалар жауап беруі мүмкін. Осы ереже аясына арнайы қаржы компаниялары, меншік иесі қаржыландыратын меке- мелер, мемлекеттiк мекемелер жəне қазыналық кəсiпорындар жатуы мүмкін.

Заңды тұлғаның борышы бойынша меншік иесінің жауап- кершілігі осы ретте, қосымша (субсидиарлы) болып табылады. Бірқатар жағдайларда, заңды тұлғаның борышы бойынша субси- диарлы жауаптылыққа оның қатысушыларының (мүшелерінің) тартылатындығы заңнамалық актілерде бекітілген. Атап айтқанда, АК 84-бабында қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жар- ғылық капиталға салымдарымен жауап беретiндігі, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiндігі қарастырылған.

Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қа- тысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-əрекетiнен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте бола- ды.

Сонымен қатар, заңдарда құрылтайшылардың егер олардың кінə- сі болған жағдайда өздері құрған заңды тұлғаның қарыздары бойын- ша жауапкершілігі көзделген. Атап айтқанда, егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) неме- се оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-əрекетiнен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер ал- дында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.

Заңды тұлға азаматтық айналымда өз атынан қызмет етеді. Ол өзінің бірінші басшысының, құрылтайшысының немесе мемлекеттің атынан əрекет ете алмайды. Бұл құқық субъектісін, оның құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның белгілерінің арасында оның ұйымдық бірлігінде атап өткен жөн, яғни заңды тұлғаның атынан азаматтық айналымға тиісті өкілеттіктерге ие оның органы қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет