1 тақырып Кіріспе


Буксты тексерудің түрі мен мерзімдері



бет22/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Лекция Тех.рем

Буксты тексерудің түрі мен мерзімдері
Роликті подшипникті букс қорабы аралық қадағалау және толық тексеруге өтеді. Толық тексеру арнайы қондырғылармен доңғалақ жөндеу шеберханаларында немесе жөндеу зауыттарында жүргізіледі.
Бұл технологиялық процесс үш операциядан тұрады:
1)демонтаж (букс қорабын ағыту)
2) жинауға дайындық жұмыстары подшипниктерді жөндеу және буксті қалпына келтіру.
3) Монтаж (жинау).
Толық жөндеуден өткізу үшін вагонды көтеріп, астынан қос доңғалақты арбашаны алып шығып букс қорабын ағытады және алынған подшипниктер мүмкіндігі анықталады. Қажет болған жағдайда алмастырылады яғни букс қорабы қайта құрастырылады. Букс қорабын аралық тексеру қос доңғалақ білігін қайта жонып алғаннан соң да жүргізіледі.
Букс қорабындағы майдың сапасы және бекіткейлік бекітудің сенімділігі аралық тексеру кезінде яғни балғамен жеңіл соғумен қолмен ұстай байқаумен анықталады. Қос доңғалақ білігін қайта жонып алғаннан соң да жүргізіледі. Букс қорабындағы майдың сапасы және беткейлік бекітудің сенімділігі аралық тексеру кезінде яғни балғамен жеңіл соғумен қолмен ұстап байқаумен анықталады. Қос доңғалақтың подшипник тұратын білік желкесінің жарықсыздығын анықтау үшін вагон астынан ілгері жылжытып алынады. Бұрылыстарда бірдей емес дыбыс немесе бөтен соққы байқалса, онда толық тексергуе жіберіледі. Аралық тексеріс қарау немесе бекіту қақпағы арқылы жүргізіледі. Қарау қақпағы болмаған жағдайда бекіту қақпағы толық ағытылып алынады. Ағытылып алынған соң, іш жағы жоғары қаратылып, арбаша рамасына немесе арнайы жәшікке қойылады. Ағытпас бұрын түгел шан тозаңнан тазаланады. Қақпақ ашылған соң, майдың сапалық жағдайымен оның сақталу деңгейі тексеріледі. Маймен бірге металл сынықтары табылса, толық тексеруге жіберіледі. Егерде бір жақ букс қорабынан ақау кездессе, қарсы жағы да тексеріледі. Егерде гайкалардың бірі босаса, стопорлық планка ағытылып, барлығы қатайтылады, қайтадан стопорланады. Қайтадан қос доңғалақ білегі жонудан өтсе, «0» (обточка) қойылады, онда мекеменің шартты номері, күні белгіленеді. Ал тексерістен өткен букс қорабына Р (ревизия) тексерген ойы, мекеменің шартты номері жазылады.
Реттеу сақинасының қалыңдығы 0,5-1,0мм біліктік қозғалу шамалары әуелі әр подшипниктердің бетіне түсті қаламмен белгіленсе, соңынан ВУ-90 журналына көшіріліп жазылады.
Цилиндрлі подшипниктерде столға қойылып, ішкі сақинадан айналдырады, барлық тексерілген подшипниктер ВУ-93 журналына тіркеледі.

21 тақырып






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет