1 тақырып Кіріспе



бет24/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Лекция Тех.рем

Нсв биіктігінде серіппенің отыруы кезінде, оны қайтадан жөндеуден, бақылаудан өткізуге жібереді.

Кей кезде коррозиялық ақаулар кездеседі, олардың көлемі 10 пайызғадейін болса жөндеуге рұқсат бнріледі, егерде одан жоғары болса жөндеуге жіберілмейді, істен шығарылады. Қалыпты жағдайда серіппе биіктігі мына арбашаларда ЦМВ – 309 мм, КВЗ-ЦНИИ-266 мм (буксалық ілмелер).

2.Жоспарланған жөндеу кезінде вагоннан ағытылған цилиндрлі серіппе шаңнан тазартылып, жуу машинасында жуылады, сонан соң қарап, тексереді, жөндейді.


Депода серіппені еркін жағдайда биіктігі арқылы тексереді, серіппе орамдарында сынық, жарық, 10 пайыз көлемнен жоғары коррозиялық бүиіну ақаулары болса, оларды істен шығарады. Отырған серіппелерді пеште 8800 – 9200 С температураға дейін қыздырады, сонан соң арнайы құрылғыға (станок) жібереді, онда серіппе орамдары жіпшелерінің ара қашықтықтары реттеледі және 30 – 400 С немесе 600 С дейінгі температурада қыздырылған суда немесе майда салқындатылады.
Серіппені пештен алған уақыт пен салқындату аймағына дейінгі уақыт 25с аспауы қажет, себебі метал 7800 С температурадан төмен салқындамауы қажет. Әрі қарай серіппені 4400 – 4800 С температурадағы пешке жіберіледі, сонан соң суы бар ваннаға жіберіліп, онда 40-50 мин салқындатылады және арнайы престте серіппенің жұмысын тексеріп, жасайды.
Бақылаудың өткен серіппелерді мүмкіндігінше беттерін тегістеу үшін тазарту станогына жібереді. Сонан соң серіппеге клейма қойылады және қабылданады. Осы кезде серіппенің 16мм ден төмен орамына бирка ілінеді.
Жөнделген, тексерілген серіппелерді сырлайды және кептіреді.


3.Рессораларды пайдаланған кезде онда бірнеше түрлі дефектілер пайда болады.

  • Көлденең күштердің әсерінен листілер 1мен хомуттардың орнынан жылжуы болады.Әсіресе олар хомуттардың жеткіліксіз дәрежеде тартылуынан пайда болады.Орнынан жылжуы жақа рессораларда 3мм,ал пайдаланудағы рессораларга 4 мм дейін рұқсат етіледі.

  • №2 лисілердің жарылу мен сыну дефектілері металдың тозуы нәтижесінде болады да оны қайтадан жөндеуге болмайды.

Листілердің арасындағы 4 зазорлары олардың үйкелісіне кері әсер етеді де тербелістердің азаюына қарсы эффект береді.Рессоралардың отыруы металдық серпімділік қасиетінің жоғалуына байланысты және оларды жөндеу кезінде қалпына келтіруге болады.
4.Рессораларды жөндеу олардың технекалық жағдайына байланысты жүргі-зіледі.Арбашаны бөлшектеген кезде алынған рессор әуелі,алдын-ала тексеруден өтеді.
Кейін рессораларды тазалау үшін оларды жуатын машинаға салады содан әрі қайтадан тексереді де пайдалануға жарамды және жарамсыз деп аталады.
Сыртқы түрлеріне қарай жарамды деп танылған кезде рессорлық сынақ жасау үшін пресске жіберіледі де сынақтан өткен рессорларға мекеменің клеймасы басылады.
Осыдан кейін арнайы құрал арқылы листілердің бір-бірімен үйкелісетін жақтары графит майымен жағылады.
Дефектілі рессорлар істен шығу жағдайына байланысты жөндеу жүргізу түрлеріне бөлініп аралық немесе толық бөлшектерге жатады.
Толық бөлшектенуге жататын рессорлар пресстің астында бөлшектенеді,онда әуелі заклепканың ұштары кесіледі де преспен хомуты алынады.Шпилкалары пресспен алынғаннан кейін рессорлар бөлшектенеді,листілері қаралады,олардың дефектілері анықталады.
Отырған листілері жөндеу кезде шынықыратын машинада 880-930˚С дейін қыздырады.Шынықтыратын ортада 60˚Сt-ға кезінде трансформатор немесе веретень майы қолданылады.Негізгі листілерді 30-40˚С t-ға дейін қыздырылған суда шынықтыруға рұқсат етіледі.
Барлық рессор листілерін шынықтырғаннан кейін 440-480˚C t-да шыныққаннан жарылу болмау үшін аз ғана уақытта отпускі жасайды.Листілерді шынықтыру пештерінде ұстау мерзімі 40-50 минуттан аралығында болып,арасында ауада отпуск жасалады.
Термообработкадан кейін листілер сырттай қаралады,ал суда шынықтырылғаннан кейін магнитті-роликовый дефектанопта тексеріледі.
Таңдап алынған листілер графит майымен жағылып,листілер қысылғаннан кейін шпилкаға жиналады да оған 900-1150˚C t-ға дейін қыздырылған хомут екі бағытта пресске нығыздалып қысылады.
Барлық жөнделген рессорлардың альбомдағы өлшемдермен сәйкестігі прессте сынау жасалып қалдықты деформацияның жоқтығын және жұмыстың статикалық қысым арқылы рессор майсуының есебінің өлшемге сәйкес келетінін тесереді.
Жарамды деп алынған әрбір рессорадағы хоммуттың бір жақ қапталындағы соңғы секцияларының жоғарғы және төменгі жарты комплектеріне мекеменің клеймасы қойылады.Сонан кейін рессорларды эмальмен бояйды.
23 Тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет