1 тақырып Кіріспе


Гидравликалық бәсендеткіш тербелістің ақауын табу және жөндеу



бет25/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Лекция Тех.рем

Гидравликалық бәсендеткіш тербелістің ақауын табу және жөндеу.


Сұрақтар

  1. Гидравликалық бәсендеткіш тербелістің ақаулары және олардың пайда болу себептері.

  2. Гидравликалық бәсендеткіш тербелістің диаграмма арқылы ақауын анықтау .

  3. Гидравликалық бәсендеткіш тербелістің жөндеудің техникалық жүйесі.

1.Жолаушылар вагондарының арбашасындағы гидравликалық тербелістерді тоқтату ақауын пайдалану кезінде үш түрлі негізгі істен шығу жағдайы болады:
- тербелістерді тоқтату ақауының жұмыс қаблеттінің нашарлануы ( деталдардың қажалуы, сынау нәтижесінде штокпенен, сальник тығыздығының арасындағы кеңістіктің, поршень мен цилиндр арасынан сүйық майдың ағып кетуі);
- сыртқы бөлігінде механикалық бұзылудың пайда болуы;
- гидравликалық бәсендеткіш тербелісінде арбаша рамасынамен надрессорный балкасынын төменгі бекіту бөлігінде істен шығу пайда болуы.
2.Гидравликалық бәсеңдеткішті пайдалану кезінде бақылайды және ағымдық жөндеуге жібереді. Вагон астындағы бәсеңдеткішті тексеру кезінде алдыңғы ревизия уақытына баса көңіл аударып, тіркеме құрал-саймандарды бекіту түйіндерін, корпус резервуарын, қорғаныс қаптамасын, тығыздығын тексереді.
Тербеліс бәсеңдеткішінде ақау бар болса немесе ревизия мерзімі өтіп кеткен, немесе тіркемеге бекіту кронштейнінде сынық және жарығы бар вагондарды поезға қосуға тиым салынады.
Тербеліс бәсеңдеткішіне ревизияны оның жағдайына қарамастан 6 ай сайын жүргізеді, сонымен бірге таңбасы және соңғы ревизия туралы белгісі анық көрінбесе, қорғаныс қаптамасында, корпус резервуарында, бекіту аспаптарының бөлшектерінде сынық және жарық болса, сыртқы қаптамасы тереңдігі 2мм дейін ысылып қалса, бәсеңдеткіштің жоғарғы жағындағы поршен штогы немесе бұралып байланысқан жерлер зақымданса немесе босап кетсе, аспаптың жоғарғы және төменгі жағындағы резиналы төлке (втулка) болмаса, сұйықтық ағып тұрса ревизия жүргізеді.
Ревизия жүргізу үшін бәсеңдеткішті вагоннан ағытып, депоға жібереді. Депода оны тексереді және стендте сынағаннан кейін жөндеу жұмысының көлемін анықтайды.
Жөнделген бәсеңдеткішті тағы да индикаторлық диаграмма жазбасымен стендте тексереді, параметрін анықтайды, төменгі головкаға ревизия күнін және жөндеу пункітінің шартты номері көрсетілген таңба салынады. Ревизия нәтижесін журналға жазады.
3.Деполық жөндеу жұмыстары ағындық әдіспен ұйымдастырылады. Жөндеу жұмысы төрт позицияда жүзеге асады: 1 – дайындау, 2- бөлшектеу, 3 – бақылау-жөндеу, 4 – сынау стенді бойынша жинау.
ТҚК-3 түскен бәсеңдеткішті стеллажға 2 жинайды, одан кейін ол 3-ші позицияға беріледі. Бұл столда 5 бәсеңдеткіш кузовының қорғаныс қаптамасы мен жоғарғы головка ажыратады, сонымен бірге головканың, резиналы втулканың жағдайын тексеріп, ол қатты тозса жаңасымен ауыстырады.
Содан кейін бәсеңдеткішті сынау стендіне 9 орналастырады және жұмыс қабілеттілігін тексеріп, жұмыс диаграммасын жазады. Ол бойынша бәсеңдеткіштің жарамдылығын және кедергі параметрлерін анықтайды, содан кейін бәсеңдеткішті резиналы металл втулканы және головканы қондыратын столға 5 береді. Бәсеңдеткішті көлденең жағдайда стеллажға 1 салады.
Егер сұйықтық нығыздағыш 24сағатта ағып кетпесе бәсеңдеткішті вагонға қондыру үшін ТҚК-3 жіберді.
Деполық жөндеу кезінде бәсеңдеткіштің бөлшектеген барлық бөлшектерін ХС-2М, МС жуу ваннасында немесе дизель отынымен жуылады, содан кейін кептіріліп, бөлшектерді бақылау столына 8 жібереді. Ақауы бар бөлшектер стеллажға алып қояды. Қалыпқа келтіруді қажет етпейтін бөлшектерді жинауға арналған столға 5 және сынауға жібереді. Жиналған бәсеңдеткішті стендте 9 тексереді, жұмыс диаграммасын жазады. Егер диаграмма бойынша бәсеңдеткіш жарамды болса, оны түзету үшін соңғы жинау верстакқа және таңбалауға жібереді, одан кейін бояйды және таңбалайды. Бояп және кептіріп болғаннан кейін жоғарғы головканың сыртқы қорғаныс бетіне филиал таңбасын және жөндеу мерзімін жазады. Осыдан кейін дайын болған бәсеңдеткішті көлденеңінен стеллажға 1 қояды.
Бөлімде орындалған жұмыс құжаттарын жүргізетін стол 12 болады.

24 тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет