Мәліметтерді өңдеу.
АТ негізгі компоненттері және олардың мінездемесі.
Мәліметтерді жинау. Фирманың шығарған өнімнің әрқайсысының әрекеті мәліметтердің сәйкес жазбаларымен жүргізіледі.
Мәліметтерді өңдеу. Фирма қызметін көрсететін, келіп түскен мәліметтер ақпаратын құру үшін келесі типтік операциялар қоданылады:
-классификация немесе топтастыру. Алғашқы мәліметтер бір немесе бірнеше символдардан тұратын код түрінде болады. Объектілердің белгілерін көрсететін бұл кодтар жазбаларды идентификациялау және топтастыру үшін қолданылады.
- арифметикалық және логикалық операцияларды қолданып, есептеу. Мәліметтер үшін орындалатын бұл операциялар жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
- агрегаттау немесе үлкею, нәтижелік немесе орта мәндерді есептеу түрінде таралатын, мәліметтер санын кеміту үшін қолданылады.
Мәліметтерді сақтау. Операциялық қызмет деңгейіндегі көптеген мәліметтерді кейін де қолдану үшін сақтау қажет. Оларды сақтау үшін мәліметтер базасы құрылады.
Есеп құру.(құжаттардың) Мәліметтерді өңдеу АТ-да сыртқы серіктестер үшін де, фирма жұмысшыларына жетекшілік жасау үшін де құжаттар құру қажет.Бұл кезде құжаттар сұраныстар бойынша немесе фирманың жүргізген операцияларына байланысты, әр айдың соңында , кварталдың немесе жылдың соңында периодты түрде құрыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: |