6. Ақпараттық технологияны басқару. Офисті автоматтандыру. Ақпараттық технология көмегімен шешімді қабылдау.
АТ басқару. АТ басқарудың мақсаты фирма қызметкерлерінен бастап, шешімді қабылдаумен айналысатындардың барлығын ақпараттық қажеттілікпен қанағаттандыру болып табылады.
Бұл технология АЖ басқару ортасына негізделген және нашар құрылымдағы есептерді шешуге қолданылады, егер оларды мәліметтерді өңдеу АТ көмегімен шешілетін есептермен салыстырсақ. АЖ басқару түрлі функционалды бөлімшелерде немесе фирманы басқару деңгейіндегі жұмысшылардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандырады. Оларға қойылатын ақпарат фирманың келешектегі, өткен және осы шақтағы мәліметтерінен тұрады. Бұл ақпарат реттелген түрде немесе арнайы басқару есептері (отчет) түрінде болады.
Бұл кезеңде шешілетін мәліметтерді өңдеу есептері:
басқару объектісінің жоспарланған қалпын бағалау.
Жоспарланған қалыптан ауытқу бағасы;
Ауытқудың себептері;
Мүмкін әрекеттер мен шешімдерді талдау.
АТ басқару түрлі есептерді (отчет) құруға бағытталады.
Тұрақты есептер құрылған уақытын анықтайтын, орнатылған графикке сәйкес құрылады.
Арнайы есептер басқарушылардың сұранысы бойынша немесе компанияда жоспарланбаған жағдайлар болғанда құрылады.
Қосынды есептерде мәліметтер жеке топтарға біріктірілген, сортталған және жеке өрістер бойынша аралық және соңғы нәтижелер түрінде келтіріледі.
Салыстырмалы есептер түрлі көздерден немесе түрлі белгілер бойынша және салыстыру мақсатында қолданылатын мәліметтерден тұрады.
Кездейсоқ есептер кездейсоқ түріндегі мәліметтерден тұрады.
Басқаруды демеу үшін есептерді қолдану ауытқу бойынша басқаруды таратуда ерекше эффективті болып келеді. Фирмада ауытқу бойынша басқару принциптерін қолдануды құрылатын есептерге келесі талаптар қойылады:
Достарыңызбен бөлісу: |