1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІ



бет2/8
Дата23.09.2024
өлшемі158.5 Kb.
#503897
1   2   3   4   5   6   7   8
Стандарттау туралы

2-тарау. ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІ


7-бап. Ұлттық стандарттау жүйесінің құрылымы
Ұлттық стандарттау жүйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) стандарттау жөніндегі ұлттық орган;
5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
6) стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылар;
7) жеке және заңды тұлғалар құрайды.
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стандарттау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) стандарттау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады;
2) стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындайды;
3) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Уәкілетті органның құзыретi


Уәкілетті органның құзыретіне:
1) стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
2) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың стандарттау саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну беру;
4) стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
5) ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындау;
6) ұлттық стандарттау жоспарын бекіту;
7) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды, сондай-ақ оларға өзгерістерді бекіту;
8) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындау;
9) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату тәртібін айқындау;
9-1) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
10) техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының депозитарийін құру және жүргізу тәртібін айқындау;
11) ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын нормативтік құқықтық актілерде қолдану тәртібін айқындау;
12) халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және олардың күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану тәртібін айқындау;
13) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату тәртібін айқындау;
15) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) және мемлекетаралық стандарттарды талдау мен әзірлеуді ұйымдастыру;
16) ұлттық стандарттарды Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті техникалық регламенттеріне стандарттардың тізбелеріне енгізу жөнінде жұмыстар жүргізу;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
10-бап. Мемлекеттік органдардың стандарттау саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде стандарттау саласында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау туралы және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді;
2) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеуді;
2-1) уәкілетті органмен және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді;
3) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарауды;
4) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды;
5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуды;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган
1. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган мемлекеттік заңды тұлға болып табылады.
2. Өз қызметін жүзеге асыру үшін стандарттау жөніндегі ұлттық органның:
1) стандарттау жөніндегі құжаттарды таратуға және қолдануға стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік және шетелдік ұйымдармен келісімдері;
2) ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуде, стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларына сараптама жасауда тәжірибесі;
3) салалар бойынша стандарттау жөніндегі құжаттарға талдау жүргізу мен оларды жүйелеуде тәжірибесі болуға тиіс.
3. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның қызметі отандық өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттігін дамыту мен олардың ішкі және сыртқы нарықтарға еркін қол жеткізуі, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің келісілген өзара іс-қимыл тетігін жүзеге асыруға бағытталады.
4. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган өз құзыреті шегінде:
1) негізге алынатын ұлттық стандарттарды, техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелеріне өзара байланысты стандарттар ретінде енгізілетін ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді;
1-1) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды тіркеуді;
2) стандарттау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді және (немесе) оларға қатысуды;
3) техникалық регламенттердің жобаларын, техникалық регламенттерді, стандарттау жөніндегі құжаттарды талдауды және жүйелеуді;
4) ұлттық стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіздік көрсеткіштері жоғары өнім өндіруге бағытталған инновациялық және инвестициялық жобаларды әзірлеу арқылы оларды қамтамасыз етуді;
5) ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыруды, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді;
6) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларына сараптама жасауды;
7) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорын, стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесін қалыптастыруды, жүргізуді және қолдап отыруды;
8) ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімін жүргізуді;
9) стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік, шетелдік ұйымдармен, оның ішінде ақпарат алмасу, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында тарату және қолдану бойынша ынтымақтасуды;
10) нормативтік техникалық құжаттарды және стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда), сондай-ақ стандарттар мен каталогтардың ақпараттық көрсеткіштерін ресми басып шығаруға, таратуға және жариялауға қатысуды;
11) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құруды, қызметін үйлестіруді және таратуды, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамын және стандарттау жөніндегі техникалық комиттерге бекітіп берілген стандарттау объектілерін жаңартып отыруды;
11-1) стандарттау саласындағы мониторингті үйлестіруді;
12) стандарттау саласындағы даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыруға қатысуды жүзеге асырады.
12-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер
1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ерікті қатысуы қағидаты негізінде экономика салаларында құрылады.
2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер:
1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады және оларды әзірлейді;
2) бекітіп берілген қызмет саласына сәйкес ұлттық стандарттар жобаларының мазмұнын стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мүшелерімен техникалық талқылауды ұйымдастырады;
3) ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) мемлекеттік органдарға, заңды немесе жеке тұлғаларға өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша базалық ұйым атынан сұрау салулар жолдайды;
5) стандарттау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысады;
6) стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің жұмысына қатысады;
7) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің құрамына тиісті саланың (аяның) ұлттық стандарттау жүйесі мүдделі субъектілерінің өкілдері кіреді.
4. Тиісті саланың (аяның) ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілері стандарттау жөніндегі техникалық комитетті құруға өтініш берушілер болуы мүмкін.
5. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оның базалық ұйымы жүзеге асырады.
13-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылар
1. Стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылар стандарттау саласындағы қызметке қатысады және ұйымның мүддесін білдіре алады.
2. Стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылардың құзыретіне:
1) стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысу;
3) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жұмысына қатысу;
4) стандарттау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысу;
5) ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыруға қатысу;
6) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды орындау жатады.
3. Ұйымдар стандарттау жөніндегі техникалық сарапшыларды мынадай сипаттамалардың бірі негізінде айқындайды:
1) кәсіптік техникалық білімінің және стандарттау объектісіне қатысты білімінің болуы;
2) стандарттау саласында жұмыс тәжірибесінің болуы.
14-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры
1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары өздері бекіткен нормативтік техникалық құжаттың бір данасын, сондай-ақ әрбір нормативтік техникалық құжатты қабылдау, өзгерістер енгізу туралы, күшін жою туралы мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру үшін стандарттау жөніндегі ұлттық органға ұсынады.
3. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру:
1) нормативтік техникалық құжаттарды жиынтықтауды және сақтауды;
2) стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) жиынтықтауды, сақтауды және жаңартып отыруды;
3) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорындағы нормативтік техникалық құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ олар туралы мәліметтерді ұсынуды;
4) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының ақпараттық жүйелерін, стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесін қолдап отыруды және кеңейтуді қамтиды.
4. Стандарттау жөніндегі құжаттардың (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) ресми басылымдарын тарату нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры арқылы жүзеге асырылады.
Әскери ұлттық стандарттарды, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық стандарттар ретінде қабылданған мемлекетаралық стандарттарды және халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары негізінде қабылданған ұлттық стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттардың ресми басылымдары өтеусіз негізде таратылады.
5. Стандарттау жөніндегі құжаттарды және олардың көшірмелерін тарату авторлық құқықтар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
15-бап. Жеке және заңды тұлғалардың стандарттау саласындағы құқықтары
Жеке және заңды тұлғалардың өздерінің шаруашылық және кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті салаларда (аяларда) стандарттау саласындағы қызметті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;
2) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге, мониторингілеуге, қайта қарауға, күшін жоюға және жаңартып отыруға қатысуға;
3) уәкілетті органға, стандарттау жөніндегі ұлттық органға, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге стандарттау саласына қатысты мәселелер бойынша сұрау салулар жолдауға;
4) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің қызметіне қатысуға;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге және енгізуге;
6) стандарттау жөніндегі тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға;
7) стандарттау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысуға;
8) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет