1. Технико экономикалық негіздеу



бет29/36
Дата15.12.2023
өлшемі1.06 Mb.
#486657
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Дип.-Өнімділігі-30-тоннатәулігіне-модифицирленген-майлар-цехын-жобалау

5.9. Өрт қауіпсіздігі.

Май өндірісінде электр немесе газ қолданумен жасалатын жөндеу жұмыстары тек қана техникалық басшының рұқсатымен іске асырылады. Жабдықтар мен техникалық резервуарлар май шикі затының барлық түрінен және басқа да жанатын материалдардан ажыратылуы керек. Бұрын жанғыш заттар болған жабдықтардағы пісіру жұмыстары оларды тазалап жуғаннан кейін жүргізіледі. Май сіңіп қалған маталар қызғыш, өздігінен жанғыш болып келеді. Сондықтан да май маталармен сүрткіштерді болат, берік жабылған жәшіктерде ұстау қажет.


Құбырларда қатып қалған майларды ашық оттың көмегімен қыздыруға болмайды.
Жұмыс орындарында темекі шегуге болмайды, темекі шегуге арнайы орындар беріледі, әдетте тұрмыстық бөлім.
Жүретін жолдарды бөгде нәрселермен бөгемеу қажет. Сонымен өрт сөндіруге арналған шлангының жолын және су көзі жолын ештеңемен бөгемеу қажет.


5.10. Өрттен қарғау жүйесіне қойылатын талаптар.

Өндірістің өқртке қарсы жағдайы өндірістік бөлімшелерде темекі шегу тек қана арнайы белгіленген орындарда рұқсат етіледі. Бұл орындарда ГОСТ 12.4.026


-76 бойынша сілтеме белгілер ілінуі қажет.
Арнайы киімдерді, майланған материалдарды өндіріс бөлімшелерінде сақтау, сонымен қатар сүрткіштерді кептіру рұқсат етілмейді.
Өндірістік бөлімшелер өртке қарсы су желісімен қамтамасыз ету керек.
Өндірістік бөлімшелер өрт сөндірудің алғашқы құралдармен қамтамасыз етілуі керек: өртсөндіргіштер, құм, күректер, шелектер және тағы басқа.
Өрт жабдығы мен өрт инвентарі ГОСТ 12.4.009 – 75 талаптарына сай болуы керек.
Өрт сөндіруге арналған құралдар әр қашанда үзіліссіз жұмыс істейді.
5.11. Алғашқы медициналық көмек.

Кәсіпорында денсаулық сақтау пунктері жұмыс істейді, жұмыс орнында алғашқы жәрдем көрсету үшін дәрігерлік «аптечка» болуы қарастырылған.


Адамға көмек көрсету үшін оны таза ауаға алып шығады және тез арада медициналық орталыққа хабарлайды.
Медициналық қызметкерлер келгенге дейін адамға көрсетілетін алғашқы көмек келесілер болып табылады:

  • химиялық күйю кезінде дененің күйген бөлігін сумен 10-15 минут аралығында жуу керек. Содан кейін зақымданған жерді бор қышқылының 2-3 % - дық ерітіндісімен немесе ас содасының 2-3 % - дық ерітіндісімен өңдейді. Зиянды заттар көзге түссе, оны сумен тыңғылықты жуу қажет

  • термиялық күйю кезінде дене терісінің жеке бөлігін спиртпен, әтірмен немесе калий пермангатының 2% - дық ерітіндісімен сүрту керек. Куйген бетті құрғақ, стерильді байлауышпен орау қажет.

Күйікті зақымданудың ауырлығы көп факторларға: локальділігіне, жасқа, зардап шегушінің жалпы жағдайына және тағы басқаларға байланысты. Бірақ екі көрсеткіштің – зардаптық ауырлығы мен көлемінің ерекше меңызы бар.
Жарақаттану кезінде ол жерге 10-15 минут мұздай қою керек; сосын жарақаттанған жерді қатты байлайды және компрессормен суытуды 1-1,5 сағатқа жалғастырады.
Сыну кезінде біріншіден сынған жердің қимылдамауын қамтмасыз ету керек. Ол үшін сынған жердің бойымен екі жағынан шинаны қойып тығыз орап тастау керек. Шина тығыз картоннан жасалуы мүмкін.
Кесіліп кету кезінде шетжағынан иодты жағып, жеке қалтадағы бинтпен орап тпстау қажет. Бинт әр қашанда цехтың аптечкасында болады.
Электр тогымен зақымданған кезде құрылғыны тез арада өшіру керек. Егер оны тез істеу мүмкін болмаса, зақымданған адамды ток жүретін бөліктерден ажырату керек.
Зақымданған адамды ток жүретін бөліктерден ажыратқаннан кейін жайғастырып жатқызу керек, киімін ағыту қажет, таза ауа ағынын қамтамасыз ету керек. Егер зақымданушы нашар тыныс алса – жәй және дірілдеп – онда оған жасанды тыныс беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет