Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер-Ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
|
Қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
Кіріспе әңгіме
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдар?
-Ал, балалар, мен сендерге «Бұл қай кезде болады?» өлең- жұмбақты оқимын, сендер мазмұнын мұқият тыңдап, жауабын шешуге тырысыңдар.
«Бұл қай кезде болады?» өлеңін оқу (тірек-сызба бойынша)
1.Қар- мұз еріп,
Су көбейіп,
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып
Бәйшешектер басады
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
2.Күннің көзі шуақты,
Балалар жүр шомылып.
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
3.Жапырақ сарғаяды,
Күн бұлттанады,
Жаңбыр жиі жауады,
Құстар жылы жаққа ұшады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
4.Шана зырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Сұрақ- жауап
-Өлең жолдарында не туралы айтылған?
-Сендерге қай мезгіл ұнайды?
-Несімен ұнайды?
Сергіту сәті
Жаңбыр, жаңбыр, жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
Жыл мезгілдерінде болатын табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру:
1. Аспаннан домалап
Көп моншақ төгілді.
Бусанды бар алап,
Терілді, керілді.
2. Жарқылдан соң жаңағы
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты
Өрнек туды ғаламат.
3. Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, қашады.
4. Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп тұр, қатты-ақ.
5. Аппақ-аппақ көбелек
Жерге қонар себелеп.
Ақ жұлдызы жылтылдап
Ұстатпайды не керек.
Дәптермен жұмыс:
1.Әр мезгілдің ерекшелігін сипатта.
2.Табиғат мезгілдерінің суретін сал.
|
Төрт мезгілі
Күз
Қыркүйек, қазан, қараша
Көктемде
Жаз
Күзде
Қыс
Балалардың жауабы.
Қимыл-қозғалыстар жасалады.
Жаңбыр
Кемпірқосақ
Жел
Мұз
Қар
Тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Педагог жүргізілген оқу іс- әрекеттеріне қорытынды жасайды.
«Жер, су, ауа» ойынын ойнату арқылы аяқтау
|
Ойын ойнауда қызығушылық танытады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерінің бір- бірінен айырмашылығын ажырата біледі.
Игереді: тірек- сызба арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін.
Меңгереді: табиғатты аялауды.
№ 14 Технологиялық карта
Күні: ___________________________________________________________________________
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қазақстан – Республикам менің»
Мақсаты: а) Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу; ә) Балалардың ой-өрісін дамыту;
б) Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздердің суреттері, хрестоматия, мазмұнды суреттер, жұмыс дәптері.
Оқу іс-
Әрекетінің
кезеңдері
|
Педагогтың іс- әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Балаларды бір қатарға тұрғызып, қолдарын жүрек тұсына қойғызып, Қазақстан Республикасының Гимнін Туға қарап тұрып орындату.
Кіріспе әңгіме:
-Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
-Рәміздерге не жатады?
-Бас қаламыз қай қала?
Бүгінгі оқу іс- әрекетінің тақырыбы: «Қазақстан – Республикам менің!»
|
Балалар үлкен сезіммен
орындайды.
Қазақстан Республикасында
Ту, герб, гимн
Астана
|
Ұйыдастырушылық- ізденістік
|
-Отан деген не?
Отан деген- біздің еліміз, жеріміз, әке-шеше, бауырымыз, туған жеріміз.Отан туралы жырламаған ақын, жазбаған жазушы жоқ. Қазір мен сендерге ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып беремін.
Отан
Отан сенің- ата-анаң,
Отан- досың, бауырың,
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Отан-тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан-өлкең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан-осы, достарым,
Көңілге оны түйе біл.
«Отан» деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап сүйе біл!
Қазақстан Республикасының картасымен таныстыру.
-Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы. Кең- байтақ, ұлан- ғайыр жерді алып жатыр.Осы Қазақстанның картасында көрсетілген қалалардың байлығын атап, қандай шикізат алатындарын көрсету. Мысалы, біздің бас қаламыз
- Астана (картадан көрсету).
- Тағы да басқа қандай қалаларды білесіңдер?Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Герб, Ту, гимн. Гербтің авторларына жалпы сипаттама беру. Тудың авторларына жалпы сипаттама беру. Гимннің авторларымен таныстыру. Рәміздерге толық жауап беруге үйрету. Толық жауаптың берілуін талап ету.
Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар,
Керегелері керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып
Киіз үй болып керілер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |