Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері:
Тәрбиешімен бірге Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін қайталайды.
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар,
Отбасым мыналар,
Ең жақын адамдар:
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар.
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін.
-Балалар, өлеңде не туралы айтылған?
|
Шеңбер бойымен тұрып орындайды.
Отбасы туралы
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Кіріспе әңгіме ( суретпен жұмыс):
-Бүгін біз оқу іс- әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.
-Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Кім суретке қарап, өз отбасы туралы айтып береді?
Өлең оқу:
Отбасы
Анаң – үнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
(М. Қуанышбеков)
Аға ақылы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
(Сырбай Мәуленов)
Сергіту сәті
Бас бармағым- атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы,
Ортан терек – әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары,
Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.
(Ермек Өтетілеуұлы)
Ж. Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау.
Сыйлаймын
Ата менен ананың
Айтқан тілін аламын.
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.
Төсекті өзім жинаймын,
Ешкімді де ұрмаймын
Ешкім маған тимейді,
Мен де бәрін сыйлаймын.
Дәптермен жұмыс:
1.Отбасы мүшелерін ата.
2.Дастарқанға қандай тағамдар қойылған?
3.Өзіңнің отбасы мүшелерін ата.
4.Дастарқан басында кімдер отыр?
5.Дастарқанды әшекейлеп толықтыр.
|
Ата, әже, шеше, аға, қарындас, іні,.
Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
Балаларға өлең шумақтары ұнайды.
Саусақтарын санап, көрсетіп айтады.
Іс- қимыл әрекетін жасайды.
Өлеңді жаттайды.
Тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Қорытындылау.
-Жаттаған өлеңіміз не жайында?
-Бүгін біз оқу іс-әрекетінде сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге үйрендік. Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен туындайды.
|
Отбасы жайында.
|